Презентация по математикии на тему Қосындының және көбейтіндінің берілген санға бөлінгіштігі

Раздел Математика
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ №__22__

Күні:

Сынып: 5 « »

Сабақтың тақырыбы: §7. Қосындының және көбейтіндінің берілген санға бөлінгіштігі.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Оқушыларға қосындының және көбейтіндінің берілген санға бөлінгіштігі туралы мағлұмат беру.

2. Дамытушылығы: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылықтарын арттыру.

3. Тәрбиелігі: достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу тәрбиелеу

Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы

Оқытудың әдісі: теориялық және практикалық

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу

ә) Оқушыларды түгендеу

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

в) Сабақтың мақсатымен таныстыру

  1. Үй тапсырмасын тексеру: №148, №183

  2. Жаңа сабақты меңгерту:

1-жағдай. Қосылғыштардың әрқайсысы берілген санға қалдықсыз бөлінеді:


Қосынды

Бөлгіш

Қосылғыштардың

бөлінгіштігі

Қосындының бөлінгіштігі

12+6

28+42

3

14

12:3=4 6:3=2

28:14=2 42:14=3

18:3=6

70:14=5

Әріппен жазсақ: (a+b):c = a:c + b:c

2-жағдай:

Қосынды

Бөлгіш

Қосылғыштардың

бөлінгіштігі

Қосындының бөлінгіштігі

15+21

9

15:9=1 (қалдық 6)

21:9=2 (қалдық 3)

36:9=4


  1. Дамыту кезеңі. Есептер шығару.

№185 (ауызша), Сыныпта тақтада орындалады: № 188(1,2,3), № 189 (1,2,3), №195

Орындарынан № 189 (4,5,6)

Деңгейлік тапсырма.

№ 194

Сабақты бекіту кезеңі:

  1. Қосындының берілген натурал санға бөлінгіштігін қалай білеміз?

  2. Қандай жағдайда көбейтінді берілген натурал санға бөлінеді?

Бағалау.

Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.

Үйге тапсырма: № 195, №196



© 2010-2022