Ашық сабақ Үшбұрыштар теңдігінің ІІ белгісі

Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Геометрия сабағы 7Б -сынып математика пәні мұғалімі Касымбаева А.А.

19.11.15

22-сабақ

Сабақтың тақырыбы

Үшбұрыштар теңдігінің ІІ белгісі

Жалпы мақсаты

«Үшбұрыш», «Үшбұрыш түрлері», «Үшбұрыштың І және ІІ теңдігі» тақырыптары бойынша алған білімдерін шығармашылықпен зерттеу, ой түйіндеу арқылы жұмыс жасау қабілетін қалыптастыру.

Білімділік Есептер шығару барысында білімдерін нақтылау, ой қорытындылау арқылы алған білімдерін баяндап көрсете білу,пәнге қызығушылығын арттыру

Дамытушылық. Есеп шығару барысында ережелерді дұрыс пайдалана отырып есте сақтау,логикалық ойлау және математикалық тілде сөйлеу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік. Оқушылардың шығармашылық жұмыс жасауға тәрбиелеу Жұмыс кезінде бірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Негізгі идеялар

Оқушылардың сабаққа деген жауапкершілігін арттыру.бағдарламаның әр модулін ұштастыра отырып ,сабақтың тиімді өтуіне жағдай жасау.

Мұғалімнің оқытудағы нәтижесі

Оқушылар топта жұмыс істеуге, бір-біріне деген көзқарасын өзгертуге , бірін-бірі тыңдай отырып ой түюге дағдыланады.Оқушының жауапкершілігі артады,ізденімпаздығы артады,топпен жұмыс істей отырып өзгенің пікірімен санасады,өздігінен ой қорытуға үйренеді.

Ақпарат көздері

7 сынып геометрия оқулығы

Іс -әрекер түрлері

Топпен жұмыс

Өзіндік жұмыс

Постермен жұмыс

Жұптық жұмыс

Бірін-бірі бағалау және өзін-өзі бағалау

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

1.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

(2-минут)

Бір-біріне жақсы, жағымды, қошемет сөздерін айту

Топқа бөлу

Оқушылар бір-біріне айтады.

Үшбұрыш түрлеріне қарай 3 топқа бөліну. (Тік бұрышты үшбұрыш, тең бүйірлі үшбұрыш, тең қабырғалы үшбұрыш) Топ атаулары сондай болады.

2.Білу

(4-минут)

Өткенді қайталау

Бізді қоршаған әлемдегі үшбұрыштар туралы слайдтарды көрсете отырып ,тақырып жайлы не білетіндіктерін ортаға салу.

«Миға шабуыл»

Үшбұрышқа қатысты сұрақтар қойылады.

  1. Үшбұрыш деген не?

  2. Үшбұрыштың элементтерін ата.

  3. Үшбұрыштың түрлерін ата.

  4. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неше градус?

  5. І және ІІ белгіні тұжырымда.

Оқушылар слайдтарды көре отырып,өз ойларымен бөлісіп,үшбұрыштар жайлы білетінін ортаға салады.Ұшбұрыштардың түрлерін ажыратады.

Бермуд үштағаны, үшбұрышты белгі, аспап...

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.


3.Түсіну

(7-минут) Өткен сабақта білгенін ондағы үшбұрыштар теңдігінің І және ІІ белгісі жайлы теореманы тест орындау арқылы көрсетеді .Үшбұрыштар теңдігінің І-белгісі:Егер бір үшбұрыштың екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышы екінші үшбұрыштың екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышына тең болса,онда бұл үшбұрыштар тең болады.

2-теорема:(ІІ белгісі)Егер бір үшбұрыштың бір қабырғасы мен оған іргелес жатқан екі бұрышы екінші үшбұрыштың бір қабырғасы мен оған іргелес жатқан екі бұрышына тең болса,онда бұл үшбұрыштар тең болады.

Оқушылар тақырыпты пысықтау мақсатында өз бетінше тест тапсырмасын орындайды.

Жауаптары бойынша бір-бірін жұптасып тексереді.

Топтар кесте толтырады,тапсырма беріледі.Жұптармен талқылайды, есептерін шығарып көрсетеді.Жұптасып тексереді.

4.Қолдану

(12-минут) Жұппен жұмыс оларға деңгейлік тапсырмалар беріледі ,соны орындап бірін-бірі бағалайды.

Оқулықпен жұмыс кітаптағы жаттығуларды өз бетінше орындап топта тексеріп, бағалайды.Бірінші болып аяқтаған топ тақтаға жазады, қалған топтар тексереді, түзету енгізеді.

№94,№96 №104 есептерді орындайды,

5. Шығармашылық тапсырма

(5-минут )

Ұшбұрыштар жайлы ертегі . Үш топ құрады.

6.сергіту сәті «Қызыл өрік»

(3 минут)

Интерактивті тақтада қойылған музыкамен бірге жаттығулар жасау

7.Жинақтау

(5-минут )қайта қалпына келтіру арқылы теореманы жинақтайды.

Теореманы бөліктерге бөліп ,сөздердің орны ауыстырылып беріледі.оқушылар теореманы қайта қалпына келтіреді.

8.Бағалау жұмыстарын жүргізу

(3-минут)

9. рефлексия

( 3-минут)

Мұғалім оқиды.

Қарт жол жүріп келе жатып, үш адамға жолығады. Олар күннің ыстығына қарамастан шаһар салуға арбамен ауыр тас тасып жатады. Қарт оларды тоқтатып, сұрақ қояды: «Сендер күні бойы не істедіңдер?». Сонда үш адамның жауабы:

Біріншісі: «Күні бойы мына түбі түскір тастарды тастадым».

Екіншісі: «Мен адал жұмысымды атқардым».

Үшіншісі: «Мен шаһар салуға көмектестім» -дейді.

Балалар! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді осы әңгіме желісіне негіздей отырып, жазыңдар.

-Кім бірінші адам сияқты жұмыс жасады?

-Кім өз жұмысын адал атқарды?

-Кім шаһар салуға көмектесті?

-Сабақта не ұнады?

-Не ұнамады?

Әр жауапқа берілген смайлик арқылы және топтарда және жұптарды оқушылар бірін-бірі бағалайды.Топ спикері бағалау парағы бойынша топ мүшелерінің бағасын айтады.

Оқушылар өз ойларын стикерге жазып Сенім ағашына жапсырады.

Пайдаланылған құралдар:суреттер,қосымша мәліметтер,тапсырмаларды жазатын қағаздар,түрлі-түсті карандаштар,маркерлер, бағалау қағазы.

Үй тапсырмасы

(1 минут)

1.№ 95 № 97 есепті шығарып келу.

2. Үшбұрыштар туралы ребус, сөзжұмбақ жасау, өлең құрау.











© 2010-2022