Математика әлемінде сыныптан тыс сабағы

Раздел Математика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«№18 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ















Сыныптан тыс сабақ


«МАТЕМАТИКА ӘЛЕМІНДЕ»

(жарыс сабақ)



Дайындаған:

Математика пәні мұғалімі: Ж.Ж. Жасқайрат



Семей 2016

Тақырыбы: «Математика әлемінде»

Түрі: жарыс сабақ (7 және 8-сынып оқушылары арасында).

Мақсаты: оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтарын, өз беттерімен әрекет ету дағдыларын дамыту.

Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

Дамытушылық: Ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, математика туралы нақыл сөздер жазылған қағаздар, есептер жазылған үлестірмелі қағаздар.

Барысы:

Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді көрермендер! «Математика әлемінде» атты ойынына қош келдіңіздер! Бүгінгі ойын сайыс сабақ түрінде өтеді. Ортаға «Алгебра» және «Геометрия» топтарын шақырамыз.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді! - дей отырып, сайыскерлеріміздің көрсететін білімдеріне баға беретін әділ-қазылар алқасымен таныстыра кетейін.

Әділ-қазылар алқасы: математика пәні мұғалімдері Гүлнар Кемелбековна, Уасила Жангазыевна, Айнаш Амантаевна.

Алдымен, бүгінгі сайыстың жоспарымен танысып алайық.

Жоспары:

  1. Сәлемдесу.

  2. Тапқырлық сайысы.

  3. Математикалық сұрақтар.

  4. Ойымды жалғастыр.

  5. Сөзжұмбақ сайысы.

  6. Қас-қағым сәт сайысы.

Кезекте амандасу рәсімі І топ «Алгебра» тобы.

Ұраны: Қандай сынақ болса-дағы беріспе,

Әрқашан да үміткерміз жеңіске.

Сәлесдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.

ІІ топ «Геометрия» тобы.

Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста,

Жеңісті біз алғырлықпен аламыз!

Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз, жеңіске біз бастаймыз.

Жүргізуші: Сайысымыздың келесі кезеңі «Тапқырлық» сайысы. Мұнда әр топқа логикалық сұрақтар қойылады.

«Алгебра» тобына:

  1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3 кг)

  2. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (5 бұрыш)

  3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)

  4. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар?

(4 мысық)

«Геометрия» тобына:

  1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай)

  2. Бір жұмыртқа 3 минутта піссе, төрт жұмыртқа қанша минутта піседі?

(3 минут)

  1. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма? (тең)

  2. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)

Жүргізуші: Сайысымыздың келесі кезеңі «Математикалық сұрқтар» сайысы. Мұнда әр топқа 5 сұрақтан қойылады.

«Геометрия» тобына:

  1. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу. (Жанама)

  2. Бұрышты тең екі бөлікке бөлінетін сәуле (Биссектриса)

  3. Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды? (Параллель)

  4. Тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жататын қабырғасын атаңдар. (Гипотенуза)

  5. 7 және 8-сынып «Алгебра» оқулығының авторы. (А. Әбілқасымова)

«Алгебра» тобына:

  1. Төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді (Диагональ)

  2. Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық (Радиус)

  3. Екі қатынастың теңдігі қалай аталады? (Пропорция)

  4. Параллелограмның 60 -қа тең бұрышымен іргелес бұрышы неше градусқа тең? (120°)

  5. 7 және 8-сынып «Геометрия» оқулығының авторы? (Ж. Қайдасов)

Жүргізуші: Сайысымыздың келесі кезеңі «Ойымды жалғастыр»
сайысы. Мұнда әр команда шапшаң жауап беру керек. Яғни құрамында сандар бар мақал-мәтелдердің жалғасын айту керек.

1. Жеті жұрттың тілін біл, … (жеті түрлі білім біл)

2. Білекті бірді жығар, … (білімді мыңды жығар)

3. Екі жақсы қас болмас, … (екі жаман дос болмас)

4. Досыңды үш күн сынама, … (үш жыл сына)

5. Бір елі ауызға - … (екі елі қақпақ)

6. Жүз сомың болғанша, … (жүз досың болсын)

7. Отыз тістен шыққан сөз, … (отыз елге тарайды)

8. Білгенің бір тоғыз, … (білмегенің тоқсан тоғыз)

9. Бір кісі қазған құдықтан, … (мың кісі су ішеді)

10. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, ... (төртеу түгел болса, төбедегі келеді)

11. Ана - біреу, ... (ағайын алтау)

12. Би екеу болса, ... (дау төртеу болады).

Жүргізуші: Келесі кезекте «Сөз жұмбақ» сайысы. Бұл сайыста әр топқа бірдей тапсырма, үлестірмелі қағаз арқылы беріледі.

Математика әлемінде сыныптан тыс сабағы

Есептің жауабына сәйкес кестені толтырса, ұлы ғалымның аты шығады.

Жауап парағы

1

77

Р

2

1/9

Ф

3

1/2

А

4

20

Д

5

6,75

О

6

6

Г

7

0

И

8

-2,25

П

Жауабы: Пифагор

Жауабы: Пифагор

1

-2,25

П

2

0

И

3

1/9

Ф

4

1/2

А

5

6

Г

6

6,75

О

7

77

Р

8

20

Д (артық)

Жүргізуші: Келесі кезекте соңғы сайыс «Қас-қағым сәт» сайысы. Бұл сайыста әр команда тез тұрып жауап беру арқылы ұпай жинайды.

Сұрақтар:

1) Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)

2) 12-ні 10 есе арттыр (120)

3) 90°-қа тең бұрыш (тік)

4) Ең үлкен үш таңбалы сан? (999)

5) 25 пайыз санның қандай бөлігін құрайды? (төрттен бір бөлігі)

6) Бір жазықтықта жататын, бір - бірімен қиылыспайтын түзулер (параллель)

7) 1 саны қандай сандардың көбейтіндісіне тең? (кері сандардың)

8) фигуралар мен олардың қасиеттерін зерттейтін математиканың бөлімі?

(геометрия)

9) Дәлелдеуді қажет ететін пікір? (Теорема)

10) Кері сандардың көбейтіндісі нешеге тең? (1)

11) үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы? (180)

12) Математикаға «алгебра» атауын ким енгізді? (Омар Хаям)

13) Ең үлкен екі таңбалы сан (99)

14) «Абсцисса», «Ордината», «Координата» терминдерін енгізген ғалым?

(Лейбниц)

15) 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар? (жұп)

Жүргізуші: Осымен біздің бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Әділ-қазылар алқасынан жалпы сайыстың қорытындысын сұраймыз.

Сайыс аяқталып, оқушылар марапатталады.






© 2010-2022