Урок, 3 – ке және 9 – ға бөлінгіштік белгілері (5 класс)

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып___________№__________________Сабақ күні ____________

Тақырыбы: 3 - ке және 9 - ға бөлінгіштік белгілері

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

1.Білімділік: Оқушылардың білімін, ой- санасын, өрісін, дағдысын, іскерлігін қалыптастыру.

2. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, төзімділікке, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін, зейінін, зердесін арттыру.

Мақсаты: Цифрларының қосындысына қарап, оның 3 - ке, 9 - ға бөлінетіндігін ажырата білу.

Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: Плакаттар, карточкалар.

Сабақ түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.

Әдіс - тәсілдер: Деңгейлеп оқыту.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру: Оқушыларды тексеріп, көңілдерін жаңа сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

3 - ке бөлінгіштік белгісі

384 = 3•100 + 8•10 + 4 = 3• (99 + 1) + 8• (9 + 1) + 4 = 3 • 99 + 8 • 9 + (3 + 8 + 4)

384 : 3 = 128

Цифрларының қосындысы 3 - ке бөлінетін натурал сандар 3 - ке бөлінеді.

654 : 3 = 218

6 + 5 + 4 = 15 15 : 3 = 5

783 = 7•100 + 8•10 + 3 = 7•(99 + 1) + 8•(9 + 1) + 3 = 7•99 + 8•9 + (7 + 8 + 3)

7 + 8 + 3 = 18 18 : 9 = 2 783 : 9 = 87

Цифрларының қосындысы 9 -ға бөлінетін натурал сандар 9 - ға бөлінеді.

576 : 9 = 64

5 + 7 + 6 = 18

18 : 9 = 2

289 : 9 = 32, 1 қалдық

2 + 8 + 9 = 19

19 : 9 = 2, қалдық 1

№237. 3 - бөлінетін сандар: 123, 342, 651, 672, 873, 948, 894, 948.

№238. 9 - бөлінетін сандар: 333, 558, 468, 864, 576, 891, 783, 288, 765, 936.

№242, №243

Сабақты қортындылау: Бағаларын қойып, анықтаманы қайталату.

Үйге тапсырма беру: №239, №244,


© 2010-2022