Сөздік сайыс ойыны

Білімділік:  Оқушылардың уақытты тиімді пайдалана отырып, оқушылардың жүйелі ойлау қабілетін арттыру, зерек, алғыр, жылдам ойлауға баулып, жаңадан сөздік қорларын молайтып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа сөздер табу арқылы сөздік қорларын байытуына және сол  бағытта көбірек еңбектене білуіне аса зор көңіл бөле отырып, ойлау дағдыларын қалыптастыру. Тәрбиелік:  Оқушыларды мемлекеттік тілді жете меңгеріп, оның әр түрлі қыр сырларын ұғына білуіне, сонымен қатар ол тілге деген құштарлықтарын арттыруға, яғни оған деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Сөздік сайыс» ойын сабағы

Ойын сабағының шарты: Ойын сабағына 2 топ 5 адамнан 10 оқушы қатысады. Басты идея сөз! Яғни сөзге байланысты өткізіледі.Қатысушы топтарға алдын ала дайындалған кеспе әріптер беріліп отырады. Қай топ тезірек кеспе әріптерін жинаса, сол топ жеңімпаз болады.

Ойын сабағының мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың уақытты тиімді пайдалана отырып, оқушылардың жүйелі ойлау қабілетін арттыру, зерек, алғыр, жылдам ойлауға баулып, жаңадан сөздік қорларын молайтып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың жаңа сөздер табу арқылы сөздік қорларын байытуына және сол бағытта көбірек еңбектене білуіне аса зор көңіл бөле отырып, ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды мемлекеттік тілді жете меңгеріп, оның әр түрлі қыр сырларын ұғына білуіне, сонымен қатар ол тілге деген құштарлықтарын арттыруға, яғни оған деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.

Жүргізуші: Сөз таба білу - баға жетпес байлық. Әрбір жаңа ойлап тапқан сөз, адамның қазынасындағы асыл тастай, інжу-маржандай болмақ.. Сөздік қоры аз бала, күнделікті күрделі өмірде адасып, рухани байлығынан айырылады. Кез келген сөз мағыналық негізге ие. Сөздің өзінше айтылуы, интонациясы, екпіні бар.

Ойын сабағының барысы:

І. «Бой сергіту»

Берілген сөздерді тұйық етістікке айналдырыңыз.

Жаз - Көр -

Айт - Қал -

Кел - Жүр -

Қыдыр - Жүгір -

Жама - Құла -

Қара - Сөйле -

Жырла - Сырла -

Арала - Бағала -

Келіс - Талас -

Жина - Шаш -

2. Зат есімді Сын есімге айналдырыңыз.

Адам - Кісі -

Зат - Тас -

Көрші - Ауыл -

Ажар - Көрік -

Нұр - Сыр -

Құн - Жыр -

Заң - Құзыр -

Келбет - Ажар -

Аудан - Облыс -

3. Сөздерді көпше түрге айналдырыңыз.

Ағаш - Терезе -

Кітап - Дәптер -

Сынып - Мектеп -

Бор - Қалам -

Жас - Кәрі -

Жаңалық - Хабар -

Кеме - Көлік -

Кесе - Шыны -

Жол - Қол -

Киім - Жейде -

Жүргізуші: - Сонымен, бой сергітіп алдық. Әр топқа кеспе әріптер беріледі, сол әріптерден құралған сөз топтың аты болады.

Г , Р , Е , І , Ж . А , Т , А , Л , П .

ІІ. «Сөздер Әлемі»

1.«Басқы және соңғы әріп» сөз ойлап табыңыз.

Басы «қ», аяғы «а» Басы «м», аяғы «т»

2. «Жарты сөзді біріктір»

Бас бақ Дүл біт

Сан дік Тұр ған

Жүз дық Бей мыс

Сая тық Жаз дүл

тар Заң тар Зат

бұл Дос мақ Мек

лас Бұл теп Жас

гер Сыр тық Қар

3. «Сөзден сөз құрастыр»

Қарлығаш

4. «Құпия сөз»

З , Ұ , Т , С , А , Б , І , К , Е . Қ , А , Т , Ы , Р , О , Ғ , Л , А , Н , Д .

5. «Бүгін ЕЛ арнада»

ЕЛ... , ..ЕЛ... , .....ЕЛ. ЕЛ... , ..ЕЛ... , ... ЕЛ.

5. «Пирамида құрастыр» (Пирамида)

С Б

С... Б...

С...... Б......

С.......... Б.........

С............ Б...........

С.............. Б..............

С................. Б..................

С.................... Б....................

ІІІ. «Дұрыс жаз»

1.Сиырдан алынатын тағам ... 1.Ұйықтағанда көретінің ...

2.Тазалығы жақ адам ... 2.Цифрлар қатары ...

3.Адам сөзінің синонимі ... 3.Жараланғанда пайда болуы мүмкін...

4.Ыдыстың түрі... 4.Жануардың аты..

5.Абай бол ... 5.Адамның ден мүшесі...

6.Ешкінің төлі... 6.Соңынан ергізбеу ...

7.Сандарды қатарымен қою... 7.Адамның қиналғандағы дене ылғалы...

ІV. «Алфавиттік шеңбер»

1.«Ы» әрпінен басталатын сөздер

2.«И» әрпі екінші тұратын сөздер

3.»Аудармыш сөздерді оқы»

қ а ш а л о б қ а б м ұ ж

қ ы л у қ о т а ғ и б а т

р е к п а л а т қ ы л р а ж

қ ы т н ы и ж п а т і к

V. «Бір сөзбен түсіндір»

1.Жұмған аузын ашпау - ... 1.Көзді ашып жұмғанша - ...

2.Бармағын шайнап қалу - ... 2.Ит арқасы қиянда - ...

3.Көзі ашық - ... 3.Қой аузынан шөп алмас - ...

4.Тайға таңба басқандай - ... 4.Бетінен оты шыққан - ...

5.Су жүрек - ... 5.Құлақ аспау - ...

VІ. «Әліпби - аукцион»»

«А» - теңіз аты -... «Ә» - алғашқы оқулық - ...

«Б» - тәтті мұзды тағам - ... «Г» - өсімдік - ...

«Ғ» - аспан әлемі - ... «Д» - дене шынықтыру құралы - ...

«Ж» - автокөлік жүретін - ... «К» - киіз үйдің қабырғасы - ...

«Қ» - тамақ ішетін құрал - ... «Л» - таза сөзінің антонимі - ...

«М» - білім ордасы - ... «Н» - ең қадірлі ас - ...

«О» - балалар құралы - ... «Ө» - бақшада бар - ...

«П» - орыс ақыны - ... «Р» - гүлдің түрі - ...

«С» - қаланың аты - ... «Т» - етістіктің түрі - ...

«Ұ» - әуе көлігі - ... «Ү» - құстың аты - ...

«Х» - қазақ телеарнасы - ... «Ш» - тұңғыш ғалым - ...

VІІ. Оқушылар өтілген «Сөздік сайыс» ойын сабағынан алған әсерлері туралы ой бөліседі.

VІІІ. Оқушылардың білімге деген құштарлықтарын, ынталарын ескере отырып, жылдамдығымен, алғырлығымен, зеректілігімен көзге түскен оқушыларға қазақ тілі пәнінен журналға баға қойылады.

ІХ. Жақсы қасиеттер, адамгершілік, достық тақырыптарына мақал - мәтелдер жаттап жүру оны сабақ кездерінде айтып беріп, қосымша бағалар алу жөнінде тапсырмалар берілді.


Ойын сабағын құрастырып өткізген

қазақ тілі пәні мұғалімі: Иманов А.И.




Жауаптары :

І топтың аты - Жігер, ІІ топтың аты - Талап.

Ұрандары: Талапты ерге нұр жауар

Қайраттанып жігерлен, Талаптың мініп тұлпарын,

Намысты қолдан жібермен. Сан қияға шарладым.

Сөздер әлемі (қала, қалама,қалқа, қалқама, қалқала, қара. қарама, қараша, қарға, қама, қамала, қаза, қазба,қазбала)

(мәдениет, мәлімет, Махамбет, Мұрат, Марат, Меруерт, мемлекет. махаббат,маслихат, марапат)

Сөзден сөз құрау (қар, ағаш,қарға,қарғы,ғарыш, алғаш, қарғаш, қарлы, ар,арлы, ара,арық,аш,аша, қаш,қаша,қарлы,арлы,шал,шала,шалы,ғашық,шағыл,ал,ала,ағыл, ақ,ақыл,ал,ала, алаш, қараш, қарашы,шақ,шағы,шық,шыға,шығар, ақыр,ақыра, шақыр,шақыра,ақша, лашық)

Құпия сөз Екібастұз, Талдықорған

Еларнада 1.Елес,белес,бедел 2.Елді ,белді, сел

Дұрыс жаз Сүт - түс , нас - сан , кісі - ісік , кесе - есек , сақ - қас , лақ -қал , рет - тер

Алфавиттік шеңбер (ыдыс, ырым, ырыс, ыңғайы, ырғақ, ымыра, ымырт,ысырап, ысылу)

(ти, тиме, тиіс,тиіспе, тиген, тимеген, тие, тиелген, тиелмеген, тиеулі,тиісті)

Бір сөзбен айту үндемеу - тез , өкіну - алыс , сауатты - момын , анық - ұялу ,

қорқақ - тыңдамау

Әліпби - аукцион Арал - Әліппе , балмұздақ - гүл , ғарыш - доп , жол - кереге ,

қасық - лас , мектеп - нан , ойыншық - өсімдік , Пушкин - Раушан , Семей - тұйық ,

Хабар - Шоқан

© 2010-2022