Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу есептер шығару, сабақ жоспары, 6 сынып

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: математика

Сыныбы: 6

Күні: 29.01.

Тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу есептер шығару

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу тақырыбына есептер шығарып үйрету

Дамытушылық: Есеп шығару дағдыларын қалыптастыру, өз беттерінде еңбектенуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың құрылымы:

*Ұйымдастыру кезеңі (1-2 минут)

* Үй тапсырмасын тексеру (5 минут)

* Өткен материалды қайталау (8 минут)

* Тапсырмаларды орындау (15 минут)

* Жедел тест (7 минут)

* Сабақты қорытындылау (5 минут)

* Бағалау (2 минут)

* Үйге тапсырма (2 минут)

Сабақтың барысы:

Уақыты

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлем -сөздің атасы

Амандасу;

Түгендеу;

Бүгінгі күннің сабақ жоспарымен таныстыру;

Мұғаліммен сәлемдеседі;

Кезекші сыныпты түгендейді, үйге берілген тапсырманы айтады.

5 минут

Үй тапсырмасын тексеру

Жақсы сөз жанға азық.

Үйге берілген есептің шығару жолын тақтада көрсету.

Үй тапсырмасын қатесіз орындаған оқушыларды мадақтау.

Оқушылар жанындағы жұптарымен дәптерлерін ауыстырып, тақтамен үй тапсырмасын тексереді, әр біреуі үй тапсырмасына қорытынды жасайды.

8 минут

Өткен материалдарды қайталау

Математиканың өз тілі бар, ол - формула.

/х/ = 4 теңдеуінің түбірлері санақ басы -О(о) нүктесінен қандай қашықтықта кескінделеді?

/х-3/=7 теңдеуінің түбірлері координаталық түзудегі координатасы 3 нүктесінен қандай қашықтықтағы нүктелермен кескінделеді?

Оқушылар сұраққа жауап беріп, мысал келтіреді.

15 минут

Тапсырмаларды орындау

Терең білім ізденіспен келеді.

Оқушыларды топқа бөлу, екі топқа А және В деңгейлерінің тапсырмаларын беру.

А тобы

  1. №925 (1,3,5)

  2. №925 (2,4,6)

В тобы

  1. №926 (1,3); №927(2,4)

  2. №926 (2,4); №927 (1,3)

Әр топ мүшелері тапсырмаларын орындарында орындап, тақтаға шығарады, шығару жолын түсіндіреді. Топ мүшелері өзара бірін-бірі тексеріп, бағаларын береді.

7 минут

Жедел тест

Мақсат ортақ, тілек бір, өз таңдауларыңды жасаңдар

  1. Теңдеуді шешіп, сәйкес шешімін тап. 2х=-5; 3x-6,9=0 мұндағы А=2,5; B=-2,5; C=-2,3; D=2,3;

  2. 2,3 тапсыр-ғы теңд.шешіңдер: 0*х=10 А)10 В)-10 С)0 Д) түб. жоқ

  3. 8х-7=5x+8 A)5 B)-5 C)Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу есептер шығару, сабақ жоспары, 6 сынып D) -1Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу есептер шығару, сабақ жоспары, 6 сынып

  4. а-кез келген сан болғандағы теңдеуді шеш: 3(4х+7а)-(х-5а)=8a

а)3a b)түб.жоқ c)1Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу есептер шығару, сабақ жоспары, 6 сынып d)-1Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу есептер шығару, сабақ жоспары, 6 сынып

5. теңдеуді шеш: 4(х+5)+12=5(х-6) а) 2 в)62 с)-62 д)-2

6. егер а=0; bБір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу есептер шығару, сабақ жоспары, 6 сынып0 болса, ax+b=0 теңдеуінің неше түбірі болады? А) түб.жоқ в) шексіз көп с) 1 түб.бар д) 2 түбірі бар

Оқушылар тестік тапсырмаларды орындап, тақтада көрсетілген дұрыс жауаптарымен өздерін тексереді.

5 минут

Сабақты қорытындылару

Тақырыпқа байланысты қорытынды сұрақтар қойылады.

Оқушылар сұраққа байланысты өз ойларын айтады.

2 минут

Бағалау

Топ жетекшілері топ мүшелерін бағалайды, содан мұғалім бағалайды.

Сабақты меңгеруі;

Формулаларды жатқа білуі;

Топта деңгейлік есептерді шығаруы;

Тестті орындауы.

Бағалау крейтерилері бойынша өздерін және топ басшылары топ мүшелерін бағалайды.

1 минут

Үйге тапсыр-ма

қайталау

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

Пайдаланған әдебиет:

Авторлары: Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов

Математика оқыту әдістемесі, 2015ж.

Математика, 6 сынып, 2015ж.

Математикадан тест жинағы, 2015ж.



© 2010-2022