Конспект урока по математике «Ең үлкен ортақ бөлгіш. (ЕҮОБ)»

"Описание материала: А.Е.Әбілқасымова ,Т.П.Кучер, З.Ә. Жұмағұлова Математика. 5 сынып. Алматы «Мектеп» 2009. [90-95-бет]; Математика. Оқыту әдістемесі. [40-бет] 18 санының бөлгіштері:1;2;3;6;9;18. 30 санының бөлгіштері:1;2;3;5;6;10;15;30. "Ортақ бөлгіштері:1;2;3;6. сандары. Олардың ең үлкені 6 саны.Демек,18 және30 сандарының "ең үлкен ортақ бөлгіші 6 саны. "I. Ұйымдастыру. Психологиялық сәт. Оқушыларды сабаққа бағыттау. "1 мин II. Үй тапсырмасын тексеру. 4 мин Сұрақ-жауап 1. 3 санына бөлін... "Сыни тұрғыдан ойлау.1 мин. Оқушылардың алдына парақша қиындыларын беремін, сол қиындыларды құрастыра отырып бүгінгі өтетін тақырыпты шығарып аламын. Оқушылар қиындыларды құрастырып болғаннан соң шыққан сөзді айтады. Сонымен бүгін сіздермен “ Ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ)” тақырыбын өтеді екенбіз. Ал енді, балалар осы тақырыпты сіздер қалай түсінесіздер аз ғана ойланайық және қағаз бетіне түсіріңіздер. "III. Жаңа тақырып. 6 минут " 1.Тақырыптың мәнін әр топ өз ойларын сурет, сызба, жазу арқылы жеткізіп, ашады. " " 2. "Постер қорғау. "6 минут "3. Топтарға тапсырмалар беру. 5 мин І топ .№331,332 есептер ІІ топ. №333,334 есептер ІІІ. топ. № 335,336 есептер ІҮ топ. №337,338 есептер 4.Бағалау. 2 мин Есептерді шығарып болғаннан кейін өз тобында жұптасып бір-бірінің есептерін тексереді. Дұрыс жауап А-4 параққа жазылып топтарға беріледі. Оқушы өзін-өзі бағалайды және өзгені де бағалайды. IV. Сергіту сәті. « Бүгінгі күнімізге қандай тілек тілер едіңіздер?» 2 минут V. Сайыс. №339 4 мин 1) ЕҮОБ (6; 27; 42)" =3 «Ұландар» тобы 2) ЕҮОБ (15; 20;45)" =5 «Қырандар» тобы 3) ЕҮОБ(16;28;44)" =4 «Алғырлар» тобы 4) ЕҮОБ(18;27,36 )" =9 «Үздіктер» тобы (сонда қай топ жаңа - тақырыпты... VI. Жеке жұмыс. Тест тапсырмалары. 3 мин "1". "Сандардың қайсысы 3-ке бөлінеді: 8568; 7776; 8694; 9963; 9087; 4986 ? А) 7776; 5306; 9963; 4986; Ә) Барлығы Б) 9963; В) 8568; 7776; 8694; 9963. "2. " 56 "м"ен 160-тың ЕҮОБ-ін тап: А) 4; Ә) 8; Б) 7; В) 8960. "3. "231";" 273 және 399 сандарының "ЕҮОБ-ін тап: А) 21; Ә) 3; Б) 7; В) 11. 4. 245; 98 және 196 сандарының ЕҮОБ –ін тап: А) 45; Ә) 58; Б) 69; В) 49. "
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы №43 Ж.Махамбетов атындағы қазақ орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Ерекешова Зеріптің қысқа мерзімді жоспары

Сабақ тақырыбы

Ең үлкен ортақ бөлгіш. (ЕҮОБ)

Сілтеме

А.Е.Әбілқасымова ,Т.П.Кучер, З.Ә. Жұмағұлова Математика. 5 сынып. Алматы «Мектеп» 2009. [90-95-бет]; Математика. Оқыту әдістемесі. [40-бет]

Жалпы мақсаты

Өзара жай сандар,екі және бірнеше сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші (ЕҮОБ) ұғымдарымен таныстырып, оларды табу бойынша біліктіліктерін жетілдіру

Оқу нәтижелері

Берілген натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін таба біледі, есеп шығаруда қолдануды үйренеді, оқушылардың бойында білік, дағды қалыптасады.

Оқушылар тақырыпты өздері оқи отырып, мәнін ашады, салыстырмалы сипаттама бере отыру арқылы мақсатына жетеді.

Түйінді идеялар

Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлай білуге,өз ойын ашық айтуға, топпен жұмыс жасауға баулу

18 санының бөлгіштері:1;2;3;6;9;18. 30 санының бөлгіштері:1;2;3;5;6;10;15;30. Ортақ бөлгіштері:1;2;3;6. сандары. Олардың ең үлкені 6 саны.Демек,18 және30 сандарының ең үлкен ортақ бөлгіші 6 саны. Жазылуы:ЕҮОБ(18;30)=6 Оқылуы: «18 және 30 сандарының ең үлкен ортақ бөлгіші 6-ға тең» Берілген натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші деп сол сандардың әрқайсысы бөлінетін ең үлкен натурал санды айтады. Егер бір сан екінші натурал санға бөлінсе, онда ең үлкен ортақ бөлгіші ол сандардың кішісіне тең. Ең үлкен ортақ бөлгіші 1-ге тең натурал сандар өзара жай сандар деп аталады.

Жаттығулар

Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс жүргізу . Оқушыларға анық та ,нақты мақсат қоюға мүмкіндік беру.

I. Ұйымдастыру. Психологиялық сәт. Оқушыларды сабаққа бағыттау. 1 мин II. Үй тапсырмасын тексеру. 4 мин Сұрақ-жауап 1. 3 санына бөлінгіщтік белгілерін тұжырымда 2. 5 санына бөлінгіщтік белгілерін тұжырымда 3. 9 санына бөлінгіщтік белгілерін тұжырымда 4.Натурал санды жай көбейткішке жіктеу нені білдіреді? 5. Дәреженің негізі деп нені айтады? 6. 27 санын жай көбейткішке жікте (ауызша) 7. 32санының бөлгіштерін ата (ауызша)

Сыни тұрғыдан ойлау.1 мин. Оқушылардың алдына парақша қиындыларын беремін, сол қиындыларды құрастыра отырып бүгінгі өтетін тақырыпты шығарып аламын. Оқушылар қиындыларды құрастырып болғаннан соң шыққан сөзді айтады. Сонымен бүгін сіздермен " Ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ)" тақырыбын өтеді екенбіз. Ал енді, балалар осы тақырыпты сіздер қалай түсінесіздер аз ғана ойланайық және қағаз бетіне түсіріңіздер.

III. Жаңа тақырып. 6 минут 1.Тақырыптың мәнін әр топ өз ойларын сурет, сызба, жазу арқылы жеткізіп, ашады.

2. Постер қорғау. 6 минут 3. Топтарға тапсырмалар беру. 5 мин І топ .№331,332 есептер ІІ топ. №333,334 есептер ІІІ. топ. № 335,336 есептер ІҮ топ. №337,338 есептер 4.Бағалау. 2 мин Есептерді шығарып болғаннан кейін өз тобында жұптасып бір-бірінің есептерін тексереді. Дұрыс жауап А-4 параққа жазылып топтарға беріледі. Оқушы өзін-өзі бағалайды және өзгені де бағалайды. IV. Сергіту сәті. « Бүгінгі күнімізге қандай тілек тілер едіңіздер?» 2 минут

V. Сайыс. №339 4 мин 1) ЕҮОБ (6; 27; 42) =3 «Ұландар» тобы 2) ЕҮОБ (15; 20;45) =5 «Қырандар» тобы 3) ЕҮОБ(16;28;44) =4 «Алғырлар» тобы 4) ЕҮОБ(18;27,36 ) =9 «Үздіктер» тобы (сонда қай топ жаңа - тақырыпты қалай меңгергендігін білуге болады.)

VI. Жеке жұмыс. Тест тапсырмалары. 3 мин 1. Сандардың қайсысы 3-ке бөлінеді: 8568; 7776; 8694; 9963; 9087; 4986 ? А) 7776; 5306; 9963; 4986; Ә) Барлығы Б) 9963; В) 8568; 7776; 8694; 9963. 2. 56 мен 160-тың ЕҮОБ-ін тап: А) 4; Ә) 8; Б) 7; В) 8960. 3. 231; 273 және 399 сандарының ЕҮОБ-ін тап:

А) 21; Ә) 3; Б) 7; В) 11.

4. 245; 98 және 196 сандарының ЕҮОБ -ін тап: А) 45; Ә) 58; Б) 69; В) 49.

5. 113; 223 және 168 сандарының ЕҮОБ -ін тап:

А) 14; Ә) 21; Б) 49; В) 1.

6. 69 және 138 сандарының ЕҮОБ -ін тап: А) 33; Ә) 23; Б) 69; В) 49. Бағалау. 2 мин Есептерді шығарып болғаннан кейін топтар бір-бірінің есептерін тексереді. Дұрыс жауап және балдық жүйеден бағаға айналдыру шкаласы интербелсенді тақтада жазылып тұрады.Топтар бір-бірін бағалайды.

VII. Бекіту. Жаңа сабақ пен үй тапсырмасын байланыстыра отырып сабақты бекіту. 4 мин 1. 64 және 48 сандарының бөлгіштерін ата. (ауызша)

2.Екі санның ең үлкен ортақ бөлгіші деп қандай натурал санды айтады? 3..Қандай натурал сандар өзара жай сандар деп аталады? Мысал келтіріңіэ. 4.Бірнеше натурал санның ең үлкен ортақ бөлгішін қалай табуға болады? 5. а)ЕҮОБ (8;10) =2 б) ЕҮОБ (18;54) =18 в) ЕҮОБ (26;39) =13 Оқы және ЕҮОБ тап VIII. Бағалау. (Стикерлермен 1 мин) Мұғалімнің бағалауы 30 сек IX. Рефлексия 3 мин

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл

Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс жүргізу .

Топтар: «Ұландар», «Қырандар», «Үздіктер», « Алғырлар ».

А. №342 1) В. №330

С. ЕҮОБ(15;35) =5 ; ЕҮОБ (13;69) =13

Оқуға арналған тапсырма (қосымша)

Үй тапсырмасы: №340, №341 1) 30 сек

Оқушыларға рефлексия парағын таратып беремін, оқушылар толтырып береді. Жинап алып оқып, түсінбеген оқушыға келесі сабақта назар аударып (фокусқа алып) , жеке жұмыс жасаймын.

Рефлексия

Оқушының аты жөні: Сыныбы _ _

  1. Бүгін мен сабақта білдім: _ _

  2. Мен үшін сабақта қызықты болды:________ _____ ______________

  3. Мен үшін сабақта қиын болғаны:_________ ____ __________________

  4. Мен тапсырмаларды орындадым:____________________________________

  5. Мен түсіндім:___________________________________________________

  6. Мен енді жасай аламын:__________________________________________

  7. Мен бүгінгі сабақта үйрендім: ____________ _______________________

  8. Менің қолымнан келді_____________ __________________________

  9. Мен талпынамын:____________________________ _______________

  10. Мен сабақты түсінгеннен кейінгі қалауым: ______ _ ____________

  11. Сабақ менің болашақ өміріме берді:________ __________



© 2010-2022