Математикадан сабақ жоспары: Ондық бөлшек санды натурал санға көбейту

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшек санды натурал санға көбейту.

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: Ондық бөлшекті натурал санға алгоритмін айта білуге үйрету және пайдалана білуге дағдыландыру.

Ә) дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге машықтандыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

Б) тәрбиелік: Халқымыздың сал-дәстүрлерін дәріптеуге, еліміздің біртуар ұл-қыздарын мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: география т.б.

Сабақтың көрнекілігі: слайд арқылы «Байқоңыр ғарыш айлағының» суреті, зымыранның суреті, ҚР картасы, үлестірмелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушыларды түгендеу;

ә) Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: І слайд.

Шамаларды ондық бөлшекпен өрнектеп алып, өсу ретімен орналастыр:

1) метр есебімен:

27 м 8 дм 5 см Қ. 2,785м; Ш. 27,85м; Н. 278,5м

15 м 9 дм 7 см Қ. 15,97м; Ш. 159,7м; Н. 1,597м

3 м 6 дм 5 дм С. 36,5м; Ғ. 3,65М; Д. 36,50м

2) килограмм есебімен:

18 кг 45г Ы. 18,045кг; Н. 1,8045кг; М. 180,45кг

7 кг 250г А. 7,250кг; Е. 72,50кг; Ж. 725,0 кг

ІІ слайд.

3,65

7,250

15,97

18,045

27,85

Ғ

А

Р

Ы

Ш

Ендеше бүгінгі сабағымыз «Ғарышқа саяхат». Жаңа сабаққа дайындық.

ІІІ. - Саяхатымыз біздің әсем планетамыз жерден басталады.

  • Байқоңыр ғарыш кешені Қызылорда облысы - әйгілі Қызылқұм шөлі және Арал теңізі орналасқан аймақ. ІІІ слайд. (Картадан көрсетіледі)

  • Бұл не? (Суретпен жұмыс) ІҮ слайд.

  • Байқоңыр ғарыш айлағы.

  • Осы Байқоңыр ғарыш кешені 1955 жылдан бастап салынған екен. Жердің жасанды серігі, тұңғыш ғарышкер Ю.Гагарин, қос қазақ ғарышкерлері: Т.Әубәкір, Т.Мұсабаевта Байқоңырдан ұшқан.

  • Ғарышқа немен ұшатын еді?

  • Зымыранмен (сурет) Ү слайд.

Олай болса, зымыранның ғарышқа ұшу дайындығын тексерейік:

  • Ондық бөлшектер қалай қосылады?

  • Қосудың қандай қасиеттері орындалады?

  • Ондық бөлшектерді қалай азайтады?

  • Балалар, біз ұшып келеміз. Алдымызда «Жаңалық» планетасына қонайық. Онда біз жаңа сабақпен танысамыз.

Жаңа сабақ:

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту.

Ондық бөлшекті натурал санға көбейтуді қосылғыштардың әрқайсысы осы ондық бөлшекке тең, ал олардың саны натурал санға тең қосынды ретінде қарастыруға болады:

1-мыс: Математикадан сабақ жоспары: Ондық бөлшек санды натурал санға көбейту.

Математикадан сабақ жоспары: Ондық бөлшек санды натурал санға көбейту.

Ережесі:

1) Үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейткендей көбейту керек.

2) Ондық бөлшекте үтірден кейін неше ондық таңба болса, шыққан көбейтіндіде оң жақтан сонша цифрды үтірмен айыру керек.

Ондық бөлшекті 10,100,1000 ж/е т.с.с. разряд бірліктеріне көбейту үшін, ондық бөлшектің үтірін разряд бірлігінде неше нөл болса, сонша цифрға оңға қарай жылжыту керек.

мыс: Математикадан сабақ жоспары: Ондық бөлшек санды натурал санға көбейту.

Егер ондық бөлшектегі ондық таңбалар саны разряд бірлігіндегі нөлдер санынан аз болса, онда ондық бөлшекке қажетіне қарай нөлдер тіркеп жазып, көбейтуді орындаймыз:

мыс: Математикадан сабақ жоспары: Ондық бөлшек санды натурал санға көбейту.

«Жаңалық» планетасынан бүгінгі сабағымыздың жаңалығына қанық болған біз ары қарай «Білгірлік» планетасына қонамыз.

Ү. Есептер шығару арқылы бүгінгі алған білімімізді көрсетеміз:

1) «Шапшаңдық гимнастикасы» тез есептеу ауызша №1079 есеп.

2) № 1080, №1081, № 1094.

Ендеше балалар «Жаңалық», «Білгірлік» планетасымен таныстық. Олай болса, «Жерге» оралайық.

ҮІ. «Жерге оралу» сабақты қорыту, бағалау.

1. «Жаңалық» планетасында қандай жаңалықпен таныстың?

2. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

- Ғарышкер болу үшін қандай болу керек?

-Тәрбиелі, білімді т.б.

Еліміздің болашағы сендерсіңдер, сондықтан жақсы оқуларың керек.

ҮІІ Үйге тапсырма №1084; 1095. Ережені жаттау.






© 2010-2022