- Преподавателю
- Математика
- Сандарды координаталық түзуде кескіндеу
Сандарды координаталық түзуде кескіндеу
Раздел | Математика |
Класс | - |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Бекмаганбетова Г.О. |
Дата | 25.12.2014 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
Пәні: математика | Пән мұғалімі: Сайфуллина Гүлден | Сыныбы: 6 "ә" | Мерзімі: 15.10.14 ж | |||
Тақырыбы: Координаталық түзу | ||||||
Мақсаты: Оқушылардың координаталық түзуге оң және теріс сандарды жаңылмай кескіндеуге, екі санның қашықтығын координаталық түзуден табуға үйрету. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Өз пікірлерін анық, ашық жеткізуге дағдыландыру. Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. | ||||||
Күтілетін нәтиже: Координаталық түзуді сызып, берілген сандарды кескіндей алады.Оң санның 0-санының оң жағында, теріс санның сол жағында екенін жаңылмай табады. Сыни тұрғыдан ойлай алады.Жасаған жұмыстарына гипотез жасап, қорытындылайды.Топпен жұмысты жақсы ұйымдастырады. | ||||||
Қолданылатын модульдер: Тренингтер, есте сақтау стратегиясы, сергіту сәті, кері байланыс. Топпен жұмыс, диалогтық оқыту, сұрақ - жауап, көшбасшылық | ||||||
Уақыт (мин) | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Стратегиялар | Ресурстар | |
І. Кіріспе (5 мин) Әлеуметтік өзара қарым-қатынасты құру сатысы | ||||||
5 мин | Сәлемдесу. Жестпен амандасу. | Бір-бірімен амандасады |
|
| әуен | |
ІІ. Тұсаукесер (3мин) Қызығушылығын оят у. | ||||||
3 мин | Топтастыру. 1-ші топ: Оң сандар 2-ші топ: Теріс жұп сандар 3-ші топ: Теріс тақ сандар
Он адам жүрген жерде із қалады, Жүз адам жүрген жер - соқпақ,
| Үш топ болып топтасады.
|
|
| сандар жазылған кеспе қағаздар .
Слайд 1. | |
ІІІ. Негізгі бөлім (30 мин) Мағынаны тану сатысы . Ой толғаныс сатысы | ||||||
5 мин
| 1.Координаталық түзуді танисың ба? Сипаттама бер. Қалай кескінделеді? Неліктен? Бірлік кесінді дегеніміз не? Бірлік кесінді 1 км-ге тең болуы мүмкін бе ? Координата сөзі қандай мағына білдіреді? Бір санға сәйкес координаталық түзуде қанша нүкте сәйкес келеді? Неліктен ?
| Координаталық түзу болып табылатынның түсініп және ережесін атайды. |
Формативті бағалау сұрақ - жауап |
Миға шабуыл |
Слайд 2 | |
5 мин |
2.Мұқият қарап жануаларды орналастыр.
Әр топқа жануарлардың суреті таратылады.( қанша бала болса, сонша) Әр жануардың артында координатасы жазылған. Тапсырмаға сәйкес координаталық түзуге орналастыру керек.
| Координаталық түзуге сәйкес жануардың суретін жапсыру керек. Жұмысты біріне бірі алмастыру арқылы тексереді. |
|
Топпен жұмыс
|
Слайд 3 Кеспе қағаздар. Қайшы, Клей, Маркер Постер.
| |
10 мин
| 3.Оқулықпен жұмыс.
Ғалым болам десеңіз, Білімді жина басынан. Ғарышкер болам десеңіз, Шынықтыр дене жасыңнан
№ 310, 314, 320 есептерді шығарту.
Шығарылған тапсырманы дұрысын тақтада көрсету. | Әр деңгейдің тапсырмасын оқушылар өздерінің әлдері келетінін таңдап алады. Егер барлығын үлгеріп шығарам десе, шектеу жоқ.
|
Бағалау парағы
|
|
Оқулық 6-сынып.
| |
1 мин
| Топқа бөлу. Санау арқылы | 1, .2, 3 болып бөлінеді |
|
|
| |
2 мин
|
Сергіту сәті Мен қазақпын
| Видеороликке қарап билейді. |
|
| музыка | |
13 мин | Сыни ойлауға үйрету Тапсырма: Координаталық түзуді өмірде неге ұқсатасыздар? Топ болып плакатқа жазып, сызып, суреттерін салдыру.
| Әр топ жұмыстарын аяқтағаннан кейін, түсіндіріп пікірлерін айтады. |
2жұлдыз , 1 тілек смайлик |
Сын тұрғыдан ойлау Топпен жұмыс
|
Постер, маркер | |
4 мин | Логикалық тапсырма. Тілек хат. 3 конвертке салынған тілек хат. Бірақ олар солдан оңға қарай жазылған. Мәтінін тез арада оқып берулері керек. Мәтіні: "Қымбатты достар! Сендер еліміздің болашағысыңдар! Елбасымыздың алға қойған бір мақсаты өркениетті ел қатарына кіру. Сондықтан біріншіден жақсы білім алып, Қазақстанның көркейуіне ат салысайық! Алға, тек қана алға достар!" | Оқушылар бірігіп оқиды да бір-біріне тілек айтады. |
|
|
Конверттер, мәтін | |
IV. Қорытынды (7 мин) Кері байланыс | ||||||
7 мин | Қорытындылау. Оқыту үшін бағалау. Оқушылар өзін-өзі бағалайды. Сабақтан не үйренді, не үйренгісі келеді, ұнады ма ойын жапырақшаларға жазып, қу ағашты жапырақтармен толтырады. Рефлексия | Жақсы түсінген болса жоғарырақ, орташа түсінсе орта жағына, дұрыс түсінбесе астыңғы жағына іледі. |
смайликтер |
|
|