Презентация по математике на тему Обыкновенные дроби

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ондық бөлшектер

Жарияланды 6-03-2013, 21:30 Категориясы: Математика

Пәні: Математика
Сынып: 5

Сабақтың тақырыбы: Сайыс - сабақ: «Ондық бөлшектер» тақырыбын қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану тақырыбы бойынша алған теориялық білімдерін тиянақтау, жетілдіру;
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық белсенділіктері мен ойлау қабілеттерін дамыту;
Тірбиелік: Оқушыларды тез ойлап, жылдам шешім қабылдауға, тапқырлық пен табандылыққа, ұқыптылыққа және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Қайталау, бекіту сабағы.
Сабақтың түрі: Сайыс - сабақ
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, карташалар, кестелер, фишкалар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылар мен сынып бөлмесінің, оқу жабдықтарының сабаққа даярлығы;
ә) Сабақтың мақсатымен таныстыру, сынып оқушыларын үш топқа бөліп, олардың міндеттерін түсіндіру:
І - топ: «Алғырлар» тобы - бірінші қатар оқушылары;
ІІ - топ: «Тапқырлар» тобы - екінші қатар оқушылары;
ІІІ - топ: «Ойшылдар» тобы - үшінші қатар оқушылары.

ІІ. Негізгі кезең:
1. Сабақ бөлімдері:
1 - бөлім: «Есте сақта, пайдалан!» (қайталау сұрақтары)
2 - бөлім: «Есептеп көр, ерінбей!» (сөзжұмбақтар шешу)
3 - бөлім: «Оқу - ой азығы, жаттығу - тән азығы» (ауызша жаттығулар мен логикалық сұрақтар)
4 - бөлім: «Кім жылдам?» (деңгейлік тапсырмалар)
5 - бөлім: «Сәйкестікті тап!» (сәйкестендіру тесті)

2. Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.
3. Үйге тапсырма: Қайталау. Бақылау жұмысына даярлану.

1 - бөлімнің тапсырмалары(Мұнда әр оқушы сұрақтарға жауап беру арқылы ұпай жинайды. Бір сұраққа - бір ұпайдан):
1) Қандай бөлшекті ондық бөлшек деп атаймыз?
2) Ондық бөлшектерді қалай қосамыз? Ережесін тұжырымдаңдар.
3) Ондық бөлшектерді қалай салыстырамыз? Түсіндіріп беріңдер.
4) Ондық бөлшектерге қосудың қандай қасиеттері орындалады? Көбейтудің ше?
5) Ондық бөлшектен ондық бөлшекті қалай азайтамыз? Ережесі.
6) Ондық бөлшекті натурал санға көбейту ережесі.
7) Ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейту ережесі.
8) Ондық бөлшекті 10, 100, 1000 т.. с. с. сандарға қалай көбейтеді?
9) Ондық бөлшекті 0, 1; 0, 01; 0, 001 т.. с. с. сандарға қалай көбейтеді?
10) Ондық бөлшекті натурал санға бөлуді қалай орындаймыз?
11) Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу ережесін тұжырымдап беріңдер.
12) Ондық бөлшекті 10; 100; 1000 т.. с. с. сандарға қалай бөлеміз?
13) Ондық бөлшекті 0, 1; 0, 01; 0, 001 т.. с. с. сандарға бөлгенде ше?
14) Ондық бөлшекті 1 - ден үлкен санға көбейткенде сан өсе ме, кеми ме?
15) Ондық бөлшекті 1 - ден кіші санға көбейткенде ше?

Әрбір топқа 5(бес) сұрақтан қойылып, берілген жауаптарына сәйкес бес дұрыс жауап үшін «қызыл түсті фишка», 3 - 4 дұрыс жауап үшін «көк түсті фишка», ал 1 - 2 дұрыс жауап үшін «сары түсті фишка» үлестіріледі.
Мұғалімнің айтуы бойынша алдын - ала тағайындалған көмекші - ассистент дұрыс жауап берген оқушыларға фишка таратып, оны ведомосқа түсіріп отырады.

2 - бөлімнің тапсырмалары( әр топқа бірдей тапсырма, карташалар арқылы беріледі )
а) Есептердің жауабына сәйкес кестені дұрыс толтырсаңдар, ондық бөлшектерді ең алғаш пайдаланған Орта азиялық ұлы ғалымның аты жөні шығады(Әл - Каши)

Л. 145, 95 + 23, 1 = 170, 05
- 1, 45 - 0, 9 = 0, 55
A. 9, 004 + 13, 8 = 22, 804
Ә. 8, 35*3 = 25, 05
K. 0, 25*1, 32 = 0, 33
И. 7, 82: 1, 7 = 4, 6
Ш. 0, 73: 0, 01 = 73

25, 05 / 170, 05 / 0, 55 / 0, 33 / 22, 804 / 73 / 4, 6
Ә Л - К А Ш И

ә) Аукцион - есептер.
Аукционға дәптер, қалам, өшіргіш, сызғыш сияқты ұсақ - түйек оқу құралдары салынады.
Әр затқа арналған есептерді карташалар бойынша орындаған, дұрыс шығарған оқушы аукционға қойылған оқу құралының иесі атанып, тиісті ұпай санын (түрлі - түсті фишкалар түрінде) алады:
1) Дәптер үшін: Есепте: 2, 0563+3, 72 = 5, 7763
2) Қалам үшін: Есепте: (5, 673 - 5, 49)*10 = 1, 83
3) Өшіргіш үшін: Есепте: 3, 6*0, 07 = 0, 252
4) Сызғыш үшін: Есепте: (23*10, 3): 100 = 2, 369
5) Қарындаш үшін: Есепте: 8, 746 - 5, 3+1, 254 = 4, 7

3 - бөлімнің тапсырмалары ( Логикалық сұрақтар )

1) Барлық цифрлардың көбейтіндісі нешеге тең? (0)
2) Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр болады? (10 - он, 100 - жүз)
3) 4 пен 5 - тің арасына қандай таңба қойсақ, сонда 4 - тен артық, ал 5 - тен кем сан шығады? («үтір» белгісі)
4) 1 таяқтың екі ұшы бар, ал 3 таяқтың 6 ұшы бар. Төрт жарым таяқтың неше ұшы болады? (10 ұшы бар)
5) Үстел беті төртбұрышты. Оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрышы қалады? (5 бұрыш)
6) Ағаш үстінде 100 торғай отыр еді. Аңшы келді де 10 торғайды атып түсірді. Торғайдың қаншасы қалды? (10 - ы қалды, қалғаны ұшып кетті)
7) Бөлменің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Әрбір мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық бар? (4 мысық бар)
8) Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық алма әкелінді. Асханаға барлығы қанша жеміс әкелінді? (300 кг ғана, ал 100 кг пияз жеміс емес)
9) Бір жанұяның 5 ер баласы және олардың әрқайсысының қарындасы бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)
10) Ауызша жаттығулар:
а) 0, 5+0, 2 = 0, 7 / ә) 1, 4+0, 3 = 1, 7 / б) 0, 8+1, 1 = 1, 9
6, 9 - 2, 3 = 4, 6 /8, 3 - 2, 1= 6, 2 /5, 7 - 3, 6 = 2, 1
1, 35*100 = 0, 345/ 0, 5*0, 3 = 0, 15 / 0, 999*100 = 99, 9
3, 45: 10 = 0, 345/ 2, 75: 10 = 0, 275 /15, 7: 10 = 1, 57
0, 7*0, 9 = 0, 63 /0, 261*100 = 26, 1 / 0, 8*0, 7 = 0, 56
4 - бөлімнің тапсырмалары(деңгейлік тапсырмалар беріледі):

Үшбұрышты пирамида түрінде бейнеленген сызбада «Пирамиданың» әрбір сатысында әр топқа арналған жеке - жеке, өзара шамалас тапсырмалар беріледі. Үш топ көрсетілген үш «маршрут» бойынша «жолға шығып», қайсысы бірінші болып пирамида басына «жетсе», сол топ жеңімпаз атанады. Тиісінше, жоғары ұпай санын («5»- тік баға) алатын болады.

«Пирамиданың» сатылары бойынша берілетін есептер:
№1 сатыда: 7, 8+2, 2=10/4, 7+2, 8=7, 5 /7, 3+2, 2=9, 5
№2 сатыда: 6, 4 - 3, 2=3, 2 /6, 7 - 1, 3=5, 4 / 5, 9 - 1, 5=4, 4
№3 сатыда: 4, 1*7=28, 7 /8, 2*4=32, 8 / 12, 4*2=24, 8
№4 сатыда: 8, 2: 0, 1=82 /9, 4*0, 1=94 / 6, 7: 0, 1=67
№5 сатыда: 2, 4: 6=0, 4 / 3, 2: 8=0, 4 /2, 8: 7=0, 4

5 - бөлімнің тапсырмасы (Сәйкестендіру тесті):

1) Ондық бөлшек түрінде жаз: 99/100
А) 9, 9 В) 0, 99 С) 100, 99 Д) 99, 100

2) Ондық бөлшекке айналдыр: 1/4
А) 1, 4 В) 0, 4 С) 0, 25 Д) 4, 25

3) Есепте: 0, 25+1, 63
А) 0, 88 В) 2, 88 С) 1, 88 Д) 2, 78

4) Есепте: 3 - 1, 27
А) 1, 23 В) 1, 73 С) 0, 127 Д) 2, 23

5) Көбейтіндіні тап: 14, 6*6, 5
А) 94, 9 В) 9, 94 С) 94, 4 Д) 9, 44

6) Бөліндіні есепте: 72, 42: 3, 4
А) 2, 13 В) 213 С) 13, 2 Д) 21, 3

Ескерту: Оқушылар тест сұрақтарының дұрыс жауаптарын «бағдар» белгісі арқылы сәйкестендіріп, көрсетеді.
Сабақты қорыту, оқушыларды бағалау.
Сабақты қорыту оқушыларға таратылған фишкалар негізінде тиісті ұпайлар қойылған кесте бойынша жүзеге асырылады.
Үйге тапсырма: Қайталау. Жазба жұмысына даярлану.



© 2010-2022