«Математика әлемінде» сайыс сабақ

« Математика  әлемінде» сайыс сабақ Сабақтың мақсаты: 1)      Оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру,математикалық ойлау қабілетін дамыту. 2)      Логикалық есептер шығару арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу.Ойын нақыл сөздер арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту. 3)      Тапқырлыққа,зеректікке,шапшаңдыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: интерактивті тақта, сайыс жабдықтары. Математикалық  сайыстың  барысы: Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар,әділқазылар  және оқушылар! Қазақ ғалымы...
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

« Математика әлемінде» сайыс сабақ« Математика әлемінде» сайыс сабақ« Математика әлемінде» сайыс сабақ« Математика әлемінде» сайыс сабақ« Математика әлемінде» сайыс сабақ« Математика әлемінде» сайыс сабақ« Математика әлемінде» сайыс сабақ« Математика әлемінде» сайыс сабақ« Математика әлемінде» сайыс сабақ« Математика әлемінде» сайыс сабақ« Математика әлемінде» сайыс сабақ« Математика әлемінде» сайыс сабақ« Математика әлемінде» сайыс сабақ« Математика әлемінде» сайыс сабақ« Математика әлемінде» сайыс сабақ« Математика әлемінде» сайыс сабақ« Математика әлемінде» сайыс сабақ« Математика әлемінде» сайыс сабақ« Математика әлемінде» сайыс сабақ« Математика әлемінде» сайыс сабақ« Математика әлемінде» сайыс сабақ« Математика әлемінде» сайыс сабақ« Математика әлемінде» сайыс сабақ

«№7 жалпы білім беру орта мектебі» КММ



Ашық сабақ



Пәні: математика

Тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешу



Мұғалім: Курбашева.Р.К.





2014-2015 оқу жылы

Күні: 27.02.2015ж.

« Математика әлемінде» сайыс сабақ

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру,математикалық ойлау қабілетін дамыту.

  2. Логикалық есептер шығару арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу.Ойын нақыл сөздер арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту.

  3. Тапқырлыққа,зеректікке,шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, сайыс жабдықтары.

Математикалық сайыстың барысы:

Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар,әділқазылар және оқушылар!

Қазақ ғалымы,академик О.А. Жәутіков:

«Адамның ақыл ойының кеңейе түсуіне математиканың тигізетін әсерін айтып жеткізу қиын.Математика ой, ақыл шегін кеңейтеді»-деген.

Олай болса, бүгін сендер қызықты математиканың жұмбақты да,ғажайып әлемімен танысасыңдар.

Математика ғалымдар патшасы деп

Мойындаған бар ғалым жер шарында.

Сол қағида тағы да дәлелденбек,

Бүгінгі кеш бағдарлы жоспарында,-дей отырып бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысайық.

  1. Топтардың таныстыруы.

  2. Мақал-мәтелдер сайысы.

  3. Жұмбақтар шешейік!

  4. Логикалық есептер.

  5. Викториналық сұрақтар.

Мақтануға математика лайықты,

Шындыққа сәл көңілді бұрайық.

Парақтаумен әр ғылым,әрбір пәнді,

Байланысын ашып айтып тұрайық,-дей отырып мақал-мәтелдер сайысын бастаймыз.

Санға байланысты мақал-мәтелдер жалғасын тап.

  1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім біл).

  2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар).

  3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас).

  4. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын).

  5. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз).

  6. Бір елі ауызға, (екі елі қақпақ).

  7. Отыз күн оразаның, (бір күн айты бар).

  8. Бір жылы сөз, (көп күнге азық) .

  9. Бір күндік жолға шықсаң, (үш күндік азық ал).

  10. Жеті рет өлшеп, (бір рет кес).

  11. Жер құлағы жетеу, (ел құлағы елу).

  12. Оқымаған-бір бала, (оқыса-екі бала).

  13. Өзі жақсы кісіге, (бір кісілік орын бер).

  14. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішер).

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер,-деп жұмбақтар шешейік кезеңін бастаймыз.

Бұл сайыста әр топқа бір жұмбақ беріледі.

1. Айқасқан екі таяқ,тұрады жоқты сұрап. (Икс)

2. Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай.

Айтыңдаршы, бұл қандай сан

Жан-жағыңа қарамай. (Натурал сан)

  1. Атадан он баламыз,

Бір-бір жастан арамыз,

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз,

Бөлініп кейде арамыз.

Көбейіп те аламыз. Ол не? (0 мен 9 арасындағы сандар)

  1. Түзудің бір бөлігі,

Екі шеткі нүкте көрігі.

Ұзындығы және бар,

Айтшы ұпай сенікі. (Кесінді)



  1. Доп емес, дөңгелек емес

Ұқсас бірақ достарым

Фигура ол негізгі

Дәл жауапты қостадым (Шеңбер)

  1. Біз санбыз...

Сызықпен бөлінген.

Математиканы ұқпас адамға

Құбыжық боп көрінген,

Дұрыс, бұрыс, аралас,

Ондық болып бөлінген. (Бөлшек сан)

  1. Шекер жейтін аққұтан

Бір қазыққа байланды.

Аузына тістеп шекерін,

Ол қазықты айналды. (Циркуль)

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын-дей отырып,логикалық есептер кезеңін бастаймыз.

1.Бес бұтақты ағашта

Бұтақ сайын бес алма.

Біреуін бер Қалашқа,

Қалады сонда неше алма? 24

2.Теңдік орындалатындай амалдарды қой.

7777=2

3. 7777=1

4.Бір-бірімен жарысқан,

Төрт аю,бір арыстан.

Екі қой мен бір түлкі

Бәрі нешеу кім білді? 8

5. Суреттегі фигурада неше үшбұрыш бар?



6.Екі таяқшаның орнын ауыстыру арқылы сиырды артына қаратып беріңіз.

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып-тасып, асықпа қалыспа сен!

Уақыт деген зымыран зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста қажет екен,-деп викториналық сұрақтар кезеңін бастаймыз.

Бұл кезеңде топ басшылары сайысқа түседі.

1-топ

  1. 1км-де қанша метр бар? (1000)

  2. Ең үлкен хорда. ( Диаметр)

  3. Натурал санның мағынасы. (Табиғи)

  4. « Математика әлемінде» сайыс сабақ-ке кері сан. ( « Математика әлемінде» сайыс сабақ

  5. 378 саны 3-ке бөліне ме? ( Иә)

2-топ

1.Диаметрдің жартысы. ( Радиус)

2.Миллионда неше ноль бар? (6)

3. 9-ға кері сан. ( « Математика әлемінде» сайыс сабақ

4.Төрт қойдың неше аяғы бар? ( 16)

5.Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі. ( Ғасыр)

3-топ

1.Бір жылда неше күн бар? (365 немесе 366)

2.Қандай сан 5-ке бөлінеді? (0 немесе 5 цифрымен аяқталатын сан.)

3. Ең кіші натурал сан. ( 1)

4.Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі. ( Кесінді)

5. Алманың жартысы неге ұқсас? ( Екінші жартысына)

4-топ

1.Ортақ бөлгіші 1-ге тең сан. ( Өзара жай сан)

2.Тәуліктің төрттен бір бөлігі. ( 6 сағат)

3.Ең үлкен екі таңбалы сан. ( 99)

4.7 жай сан ба, құрама сан ба? (Жай сан)

5.Ең үлкен үш таңбалы сан. ( 999)

5-топ

1. Құрамында әрпі бар өрнек. ( Әріпті өрнек.)

2.Ең кіші ұзындық өлшемі. ( Мм)

3. Табиғи жрық көзі. (Күн)

4.Шеңбер салуға арналған құрал. (Циркуль)

5. Үтірмен жазылатын жай бөлшектер. ( Ондық бөлшектер)

6-топ

  1. Ұзындық бірлігі . ( Метр)

  2. Шаршының қабырғалары қандай болады? (Тең)

  3. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек. ( Бұрыс бөлшек)

  4. 252 саны 5-ке бөліне ме? ( Жоқ)

  5. Көбейтіндісі 1-ге тең болатын екі сан. (Өзара кері сандар)

7-топ

1.Натурал сан не үшін керек? ( Санау үшін)

2.Барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш. ( Шаршы)

3.Тіктөртбұрыштың ауданын есептейтін формула. ( S=ab)

4.Қандай сан 2-ге қалдықсыз бөлінеді? ( Жұп цифрмен мен аяқталатын сан)

5.Бөлшектің түрлері. ( Ондық, жай)

Қорытынды .

.



© 2010-2022