Сабақта нарықтық қатынас баяндама

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақта нарықтық қатынас

Президентіміз Н.Назарбаетың «Қазақстан 2030» бағдарламасы бойынша жұмыс істеу әр ұстаздың парызы деп түсінемін. «Қазақстанның болашағы мектептен басталады» деген ұранмен оқуышларды тәрбиелеу жолында казірде ұстаздарымыз аянбай жұмыс істеп жүр. Өз басым оқушылардың сабақта жаңа білімді игеруі үшін оқушыларға тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру әдісін пайдаланамын. Ол оқушының пәнге деген қызығулышықпен, ойлау қабілетін арттырады. Бұл да бір баланың өз бетінше еңбектенуіне ізденуіне тәрбиелейді.

Сондықтан да көбінесе математика сабағында нарықтық қатынасты пайдалана отырып, ауылымыздағы малшылар мен механизаторлар еңбегіне байланысты нарықтық қатынасқа мысалдар құрастырып есептер шығаруға болатынын оқушыларға түсіндіремін. Оларға тақырыптардың практикалық қолдануларын айтып түрлі мысалдар шығартып, өздеріне де құрастыруға тапсырма беремін.

1-есеп Малды азықпен тұрақты әрі үнемді қамтамассыз ету үшін 1 га шабындық пен жайымдылық жасау 2000 теңге, ал суармалы жерде ол 4000 теңге. 1000 бас сауын сиырды жазда көк балауса шөппен, қыста пішенмен қамтамасыз ету үшін суармалы жерде 100га. Жасанды шабындық, суарылмайтын жерде 500га. шабындық қажет.

Осындай жер көлемін игеру үшін қанша күрделі қаржы жұмсалады?

1га. Шабындық жер-2000теңге

1га. Суармалы жер-4000тенге

100га х4000 = 400000теңге

500га х 2000 =1000000теңге

1000000+400000=1400000теңге

Әр тақырыпқа орай көптеген оқулықта берілген есептермен қатар, тұрмыстық есептер құратқызу, оны шешкізу, балалардың қиялын ойлау қабілетін дамытады. Экономикалық мағлұматтар, мамандықтар туралы білім алады. Әрине бұл бір-екі есеп ғана емес, барлық тақырыптар бойынша осындай практикалық маңызы бар есептер құрғызып шығартамыз.

Бұл жаттығулар тықарыпты білімділік жағынан бекіте түссе, екінші жағынан оны өмірде қолдана білу дағдысын қалыптастырады, маңызын жете ұсынуға көмектеседі, техникада қолдану ерекшілігін біледі.

Әр тақырыпты оқушы терең меңгеріп, оның өмірдегі маңызын түсінсе, оны творчествовалықпен қолдана білсе ғана, ол дұрыс еңбектенген болады. Сонда ғана ол еңбектің қадірін ұғады. Еңбектің қадірін ұғу-оның сапалы еңбек етуіне, адамгершілік қасиетінің қалыптасуына негіз бола алады.

Ең маңыздысы оқушыға нарықтық қатынасты ұғындыру. Яғни, күнделікті үй тапсырмасын ойланып дұрыс шағару сыныптағы материалды өмірде қолдана білуге дағдыландыру. Өзін-өзі күтуі, күнделікті сабаққа қажетті құралдарды тиянақты әкелуі, математика дәптерін ұқыпты толтыру тағы сол сияқты жұмыстарды үнемі бақылап отыру да нарықтық қатынасқа дағдыландыруға тәрбиелеудің бір түрі.

Мысалы дәптерді таза ұстасаң үнемдейсің Егер аптасына 1дәптерден құрта берсең, 1айда 4 дәптер құртады екенсің. Әр дәптердің бағасы 8теңге тұрса, 4х8= 32 теңге. Тек математика сабағынан 1айда 32теңге құртасың, орыс тілі, қазақ тілі сабағынан да дәл осылай дәптер құрта берсең ата-анаң саған 1айда тек дәптер алу үшін 96 теңге жұмсайды екенсің. Бұл дегенің ата-ананың еңбегін сыйламау деген сөз деп санасына ой туғызу керек. Орыс ұлтында мынандай даналы сөз бар: «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» үнемдеуге, тура кесіп, тура өлшеуге үйреткен. Бұрынғы ата-бабаларымызда өзімізге талай өсиеттер қалдырған.

Бұрындары тиыннан теңге жиналса, қазіргі кезде миллиондар жиналады, Нарықтық қатынасқа байланысты айтылған ертегілерді, нақыл сөздерді, жұмбақтарды, ойындарынды оқушыларға сабақтың араларында факультатив сабақтарда айтып отырамын. Сабақта айтылған өлең, жұмбақ, өлең сұрақтарды математикадан нашар үлгеретін, бірақ әдебиетке, әсіресе өлең, жырға әуес жаттап алып жүреді. Бұл сол оқушының математикаға қызығуын арттыруымен қатар, кейбір ұғымдарды ұғып алуына, танып түсінуіне әсер етеді.

Бір сиқырлы топ болды.

Кейде аз, кейде көп болды

Бірін-бірі жалмап жеп

Кей орнында жоқ болды. (Ұқсас мүшелер)

Айналған теңдеу шешу құралына.

Төрт саны араласқан құрамына

«теңдеудің түбірлері нешеу» деген

Қандай сан жауап берген сұрағыма?

(Дискерминант)

Оқушыларға ауызша түрде тапсырылған есеп сабақты түрлендіріп, жандандырып оқу жұмысына жан береді. Оқушыларды жалықтырмайды. Кейбір оқушылардың көңілі басқа жаққа ауып отырғанын байқап оларды белсендіру үшін нарықтық қатынасқа байланысты жеңіл түрде ойластырылған есептерді айтсаң көңілі бөлініп, есептеуге кіріседі.

1.есеп:Базарда қарбыздан 1кг -15 теңге Болат 2қарбыз алды. Олардың біреуінің массасы 2кг. Екіншісінің массасы 3кг. Екеуіне Болат қанша ақша төледі.

2есеп:Бір кастюм 2500 теңге тұратын еді. Ол қымбаттағаннан кейін 8000 теңге болады. Кастюмнің бағасы қанша есе қымбаттады?

3.есеп:Конфеттің 200гр-70теңге тұрады. Осындай конфеттің 1кг қанша тұрады?

Оқушылармен сабақ үстінде нарықтық қатынасқа байланысты неше түрлі мысалдар келтіруге болады. Үйдің жылы болуы отынның жануынан, сапалы дайындалуына, малдың семіз күйлі болуы оны күтіп, бағуға, конфеттің массасы-оның құнына, жүрілген жол жылдамдық пен уақытқа, бақша ауданы оның ұзындығы мен еніне байланысты екендігі айтылады.

Мысалы:S=Vt.формуласы (жолдың формуласы) физика мен математиканың байланысын сипаттаса, математикалық мағынасы жүрілген жол жылдамдық пен уақытқа тура пропорционал екенін көрсетеді.

Енді осыны түрлендірсек:

S=V.t формуласы бойынша қозғалыс келе жатқан жеңіл машина орта есеппен әр 100км жолға 11литр «76» бензині 36 теңге тұрса, 1000км жолға қанша бензин жұмсалады?

  1. 100км-11лит

1000км-х лит

Х = 1000х11/100 =110лит

  1. 1лит-36 теңге

110лит-х теңге

Х= 110х36/1 =3960теңге

2есеп. Бордақыланатын малдың бір тәуліктегі салмағының өсуі арқылы бордақылау комплексіндегі 300бас ірі қараның бір айдан кейінгі салмағын тап?

Бұл есепті шешу үшін оқушы міндетті түрде практикалық есептеу жұмысындағы с (Б-А):М формуласын білу керек. Мұндағы А-бордақылаудағы малдың бастапқы салмағы.

Б-есептеу жұмысы жүргізілген күнгі (соңғы күнгі) салмағы.

М-бордақылауда тұрған күндер саны осы формула бойынша бордақыдағы малдардың бір күндегі, 10 күндегі, 1айдағы салмағы шығады. Бұдан оқушылар еңбек ақыны есептеуде, қаражатты қалай жұмсау керектігін, қалай үнемдеуге ұғады. Оның сыр қыры мен жете танысады.Соған орай өз білімін ұштай түседі.

Тиянақты білім оқушы санасында сөзсіз ой туғызады. Оның нәтижесінде творчествалық ізденіс, қиял дамиды. Бұл нарықтық қатынасты балаға меңгерту де, баланың мамандық таңдауына бір негіз болады. Сабақтың жүйелі өтуі үнемі бір ізді болуы керек. Бір күні жан-жақты зерттеліп, оның теориялық, практикалық жақтары талданып, ал келесі күні дайындықсыз өтсе, онда тәрбиелік құнын жояды. Сондықтан әр сағатты мүмкіндігінше жан-жақты зерттеп, өмірімен байланыстыра отырып, білімді дамытатындай дәрежеде жүргізуге тырысамыз. Оқушыларға берілген қандай тапсырманы болсын тексеріп, тиісті қорытынды жасаймын. Жаңа тапсырманы бере отырып, оған қойылатын негізгі мақсатты анықтауын тапсырамын. Жұмысты ұқыпты орындауын қадағалаймын. Сабақтардың арасында 3-4 минут кей кездерде 1 минуттық «Нарықтық қатынасқа байланысты» есептер немесе мысалдар оқушылар үшін көп пайда берері сөзсіз.



© 2010-2022