Теріс рационал сандарды қосу тақырыбындағы сабақ жоспары

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Теріс рационал сандарды қосу



Анар Баймағамбетова

Қ.И.Сәтбаев атындағы №216 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі



Оқушыларға терең білім беру - әрбір ұстаздың басты мақсаты. Ол үшін сабақ барысында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, ең алдымен оқушыларды математика пәніне деген қызығушылығын тудыратындай етіп ұйымдастыру керек. Осы орайда математика пәнінен 6-сыныпқа өткізген сабағымның бір үлгісін ұсынамын.

Сабақтың мақсаты:

1)Координаталық түзуде үлкен сан оң жақта, ал одан кіші сан сол жақта кескінделетінін, кез келген оң сан 0-ден үлкен, кез келген теріс сан 0-ден кіші туралы түсініктерін қалыптастыру;

2) Теріс рационал сандарды қосу алгоритмі туралы түсініктерін және теріс сандарды қосуды есептер шығаруда қолдана білуге дағдыландыру;

3) Жеке жұмыс жасауға, топпен жұмыс жасауға, тез тіл табысуға үйрету.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар, интерактивті әдіс

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, кестелер, маркерлер, стикерлер, бағалау парағы.

Күтілетін нәтиже:

  1. Оқушылар теріс рационал сандарды қосу алгоритмін игереді.

  2. Теріс сандарды қосуды координаталық түзуде орындауды меңгереді.

  3. Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана алады.

  4. Өз бетімен, топпен жұмыс жасай біледі.

Сабақтың құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (5 минут)

ІІІ. Қызығушылықты ояту (3 минут)

ІV. Мағынаны тану (15 минут)

V. Ой толғаныс (12 минут)

VІ. Сергіту сәті (5 минут)

VІІ. Үйге тапсырма (1 минут)

VІІІ. Бағалау (2 минут)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылар үшбұрыш, шеңбер, шаршы фигураларын таңдаулары бойынша үш топқа

бөлінеді. Әр топтың жетекшілері сайланады, бағалау парақтары таратылады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Нүк.

коорд

Жылжу бағ.

Ариф.амал

Қосын.коорд


2

Теріс бағ

5 бірлік кесін




-1

Оң бағытта

4 бірлік кесін




-6



6


Оң бағытта

10 бір.кесін

-7+10



4



-5

Оқушылар үй тапсырмасын орындауда берілген кестені толтырады. Өткен материалдарды еске түсіруде бір-бірін бағдаршам әдісі арқылы бағалайды.

ІІІ. Қызығушылықты ояту (әр топқа екі сұрақтан қойылады)

  1. Қандай сандар 0-ден үлкен?

  2. Қандай сандар 0-ден кіші?

  3. Координаталық түзуде рационал сандар қалай салыстырылады?

  4. Теріс сандар модульдері бойынша қалай салыстырылады?

  5. Нүкте координаталық түзу бойымен оң бағытта жылжыса, оның координатасы қалай өзгереді?

  6. Нүкте координаталық түзу бойымен теріс бағытта жылжыса, оның координатасы қалай өзгереді?

ІV. Мағынаны тану

Әр топқа өткен материалмен байланыстыра отырып, теріс сандарды координаталық түзуде кескіндеуге тапсырмалар беріледі.

Тапсырмаларды дәптерлеріне жазады. Алдымен жұппен, одан соң топпен ортақ шешімге келіп, постерлеріне жазады. Әр топқа постерлерін қорғау тапсырылады. Әр топ мүшелері постерлерін қорғайды. Бірін-бірі бағалайды. Топ жетекшілері бағалау парақтарына белгілер қояды.

V. Ой толғаныс

Деңгейлік тапсырмаларды «Жалауға кім жетеді?» деген ойын арқылы орындаймыз. Бұл ойында қай топ есепті бірінші болып бітірсе, сол топ жалауға жеткені болып есептеледі.

Деңгейлік тапсырмалар (А, В, С)

Теріс рационал сандарды қосу тақырыбындағы сабақ жоспары

Теріс рационал сандарды қосу тақырыбындағы сабақ жоспары

С тобы

№456 (1,2,3)

В тобы

№448 (1,2,3)

А тобы

№439(1,2,3), №440(1,2,3)


VІ. Сергіту сәті

«Кім жылдам?» ойыны. Төмендегідей кесте дайындадым. Кестенің вертикаль бағандарына тапсырмалар, горизонталь қатарға оның сәйкес жауаптары жазылған. Тапсырмалар дұрыс орындалса, координаталық жүйені енгізген француз математигінің атын оқуға болады.

-8

Е

-2,7

А

-10

Т

-18

К

-1

Р

-9

Д

-4+(-5)


-1+(-7)


-3+(-15)


-1,2+(-1,5)


-0,7+(-0,3)


--9,1+(-0,9)


Д

Е

К

А

Р

Т

VІІ. Үйге тапсырма №441, №449.

VІІІ. Бағалау, қорытындылау, қай топтың жеңіске жеткендігі хабарланады. Рефлекция:

- Бүгін нені білді?

- Не түсініксіз?

- Өмірде қолдана аламын ба? деген сұрақтарға жауап береді, сабақ соңындағы көңіл күйлерін смайликтер арқылы көрсетеді.

Қызылорда облысы,

Қазалы ауданы,

Әйтеке би кенті.

© 2010-2022