Физиктер де әзілдей алады

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті теле көрермендер! Құрметті көрермен қауым, осы аптада мектебімізде физика, математика, информатика пәндер апталығы жүріп жатқаны белгілі. Апталықтың жақсы өтуіне сіздер де ат салысады деген сенімдеміз.                   Егеменді қазақтың біз ұланы                   Өз туы бар, елтаңба, әнұраны                   Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың                    Самғайтын биіктерге тау қыраны – деп бүгінгі біздің хабарымызды бастаймыз.                       ...
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Физиктер де әзілдей алады.»

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті теле көрермендер! Құрметті көрермен қауым, осы аптада мектебімізде физика, математика, информатика пәндер апталығы жүріп жатқаны белгілі. Апталықтың жақсы өтуіне сіздер де ат салысады деген сенімдеміз.

Егеменді қазақтың біз ұланы

Өз туы бар, елтаңба, әнұраны

Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың

Самғайтын биіктерге тау қыраны - деп бүгінгі біздің хабарымызды бастаймыз.

Бүгінгі хабарда:

  1. Жаратылыстану ғылымдары туралы қанатты сөздер.

  2. «Оқыптуғанмен кездесу».

  3. Физиктер де, әзілдей алған.

  4. «Физиктер өнері-Тәжірбиелер»

«Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік озады» дегендей, алға шыққан оқушыларды демеушілеріміздің бағалы сыйлықтары күтіп тұр. Телехабарға кез-келген оқушы қатыса алады. Сұрақтарыңыз болса, немесе сұраққа жауап беремін десеңіздер телефон шалыңыздар. Сіздер тікелей эфирдесіздер.Біздің телефон номеріміз: 333-555

Жүргізуші:Хабарымыздың I бөлімі «Жаратылыстану ғылымдары туралы қанатты сөздер»

I оқушы: «Физика-табиғат туралы ғылым»

Э.Роджер

IIоқушы: «Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы»

К.Гаусс.

I оқушы: «Математика барлық ғылымдардың патшасы,физиканың көмекшісі».

Студенттер шығармасынан

II оқушы: «Физиканың оң қолы химия болса, ал математика оның көзі»

М.В:Ломоносов.

I оқушы: «Математик көп жағдайда техника мәселелеріне шорқақ келеді, ал тамаша конструктор кейде математиканы мүлде түсінбейді.»

М.А.Лермонтов

II оқушы: «Физиктер керексіз заттар арқылы пайдалы заттар жасайды, ал химиктер жақсы нәрселер арқылы нашар жұмыс жасайды»

Г.Кандольг.

Жүргізуші: Хабарымызды одан әрі жалғастырамыз. Бүгін біздің студиямызға қонағымыз Оқыптуған келіп отыр.

-Сәлеметсіз бе? Өзіңізді таныстырып өтсеңіз?

-Менің аты-жөнім Оқыптуған Тапқышбекұлы. Шетелде Вундеркинд деген досым да бар. Сіздердің мектептерінде физика апталығы болып жатыр деген соң бір кәдеге жарармын деп, ат басын әдейі бұрдым.

Жүргізуші: Бәрекелді! Қош келдіңіз! Бізге де сіз секілді көңілді, әзілқой, тапқыр адам керек еді. Ал,құрметті көрермендер,Оқыптуғанға қоятын сұрақтарың болса, тікелей эфир арқылы хабарласуға болады.

Міне алғашқы қоңырау да келді. Сұрағыңызды айта беріңіз?

I сұрақ: Бізге мұғалімдер кішкене білмей қалсақ, «су мисың» деп ұрысады, сол дұрыс па?

Жүргізуші: Ой, сіздер де қоймайтын сұрақты қояды екенсіздер?

Оқыптуған: Жоқ, дұрыс сұрақ, жауап беруге болады. Адам организіміндегі заттардың ең көбі су. Ол қанның 79,3%-ын, сүйектің 22%-ын, бұлшықеттің 76%-ын құрайды. Ал, есептеп қарасақ, мидың 83,3%-ы сулан тұрады. Сондықтан оқушылар, мұғалім сендерге су мисың деп ұрысса, оған ренжімей-ақ қойыңдар, ол ғылыми дәлелденген.

II сұрақ: «Ішің күйсе, тұз жала» деген мағынаны түсіндіріп берсеңіз

Жүргізуші: Ойпырмай, сұрақтың да түрі көп болады екен ғой?

Оқыптуған: Күн ыссыда адам шөлдейді. Өйткені термен бірге денеден тұзда шығады. «Қардың басын қар алар,ханның басын хан алар» демекші шыққан тұздың өтеуін тұз ғана өтейді. Сондықтан, қаттышөл қысқанда 5 грамдай ас тұзын жеп немесе құрғаған тамақты тұзбен шаю керек. «Ішің күйсе тұз жала» деп іші тар адамдарға емес,шөлдеген адамдарға айту керек.

Жүргізуші: Құрметті көрермен қауым, біздің студиямызға түрлі хаттар келіп түсуде. Соның біреуін оқып көрейік. Менің атым Сұңғыла. Мен де Оқыптуған сияқты көп нәрсені біліп, ғылымның әр саласынан хабардар болғым-ақ келеді. Бірақ жадыма ештеңе сақтай алмаймын. Оқығанымның бәрі миымнан бу болып ұшып кететін сияқты: Бұған не істеуге болады? Қайткен күнде де атыма затым сай, сұңғыла, зерек оқушы атануыма көмектессеңіздер екен.

Оқыптуған: Күлетін ештеңесі жоқ. Бұд әркімнің басында кездесетін кемшілік. Сұңғыланың «күндліз-түні» оқи беремін дегені мені де онша қуантпай отыр. Мұны «Ізденімпаздық» деп бағалау қиын. Өйткені оқу мен ойлау қатар жүргенде ғана шәкірт ізденісі жемісті болады.

-Сонда кітаптың бетін жаба салып, оқыған тарауыңды ойша бір саралап шықсаң, болғаны есте сақтау қабілетің артып сала бере ме?

-Жоқ, әрине... Есте сақтау қабілетін арттырудың қилы қызықты тәсілдері бар.

Мысалы: Эйнштейнге бір адам кешке телефон соғуын өтінеді. Менің телефон номерім 24-361, есте сақтауға қиын болар ма екен,-дейді. Сонда физик: -Жоқ ешқандай қиындығы жоқ, жай ғана 12-ні 2-ге көбейтем және 19-ды квадраттаймын,депті.

Жүргізуші: -Апырмай,былайғы кезде елей бермеуші едік, есте сақтау қабілетін арттырудың жолы көп екен ғой.

Оқыптуған: Әлбетте, Сұңғыла сияқты ой-өрісін кеңейтіп, зеректігімді жетілдіремін деген кез келген оқушыға айтарым: алдымен қарапайым логикалық есептер мен сөзжұмбақтарды шешіп үйренудің пайдасы мол.

Бірақ, сіздердің оқушыларыңыз ылғи сұрақ қоюға шебер екен. Сұрағы бар адамның жауабы да болу керек. Ал, олар менің сұрақтарыма жауап берер ме екен? Менің оларға беретін сыйлықтарым да бар.

Оқыптуған сұрақтары:

1-сұрақ :Құрметтейік ғалымды,

Ғылымды алға жылжытқан

Инерция құбылысын,

Айтшы, достар кім ашқан? (Галилей)

2-сұрақ : Барлық заттар неден тұрады? (Атомар мен молекула)

3-сұрақ: Ойланыңдар, өткенді еске алыңдар,

Бұл құбылыс айналадан табылар.

Сұйықтармен газдардағы қысымды

Кім айтады түсіндірген ғалымды (Паскаль)

4-сұрақ: Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары қандай?

5-сұрақ: Алма түсіп қасына,

Қасына емес басына.

Тартылыс заңын таптым деп

Кетті ғалым асыға (Ньютон)

6-сұрақ: Дененің жылы,ыстық, суық дәрежесін сипаттайтын қандай шама? (Температура)

7-сұрақ: Адам алып таңғажайып ойымен,

Суда жатып, ой қорытқан ісімен.

Суға салсаң, не бір ауыр денелер,

Жеңілдейді,айтшы ненің күшімен? (Архимед)

Жүргізуші: Хабарымыздың келесі бөлімінде сиқыршы физикткердің өнерін тамашалайсыздар.

Тәжірбиешілер өз өнерін көрсетеді.

I-Стаканға су құйып, бетін қатты қағазбен жабамыз. Қағазды алақанымызбен басып тұрып, стаканды төңкеріп қалып тартып алу керек.

Жауабы: Суды атмосфералық қысым ұстап тұрады.

II-Қағазды жағып, бөтелкенің ішіне саламыз да алақанмен аузын басамыз, сонда бөтелке бөтелке алақанмен бірге көтеріледі. Неге?

Жауабы: Қағаз жанғанда ауа кызады,қысым ұлғаяды да, ауаның жарты бөлігі сыртқа шығады. Бөтелкені алақанмен жапқанда ауа суиды да бөтелке атмосфералық қысымның әсерінен ұсталып тұрады.

III- Сабын көпіршігі оған үрлеп енгізілен ауа қысымының салдарынан жан-жақты ұлғая түседі. Соның нәтижесінде көпіршік шар формалы болады. Бұл құбылыс физиканың қандай заңын дәлелдейді?

Жауабы: Паскаль заңымен түсіндіріледі

Жүргізуші: Қымбатты көрермендер сіздердің тамашалап отырғандарыңыз «Физиктер де әзілдей алады» атты әзіл-сықақ телехабары. Бүгінгі телехабарға алып келген сыйыңыз қандай болмақ?

«Бір физиктің махаббаты»

Айым саған лупамен қарадым,

Найзағайдай жарқылдайды жанарың.

Жүрегіме миллиампердей ток беріп,

«Броундық қозғалысты» өткеріп.

Күйіп те, жанып барамын.

Өн бойымда молекулалар шарпысты,

Қайткенде, жаным, аман қаламын.

Вакуумдағы ойларым ғой есебім.

Ғашық дерттің теңдеулерін шешемін.

Таба алмасам түбі,егер,еш емін.

«Изохролық процесті» кешемін.

Заряд едің, сәулем, қандай таңбалы.

Неге ғана көңіл лампың жанбады?

Ашып айтшы, жүрсең мені жаратпай,

Болмайықшы, тегі аттас зарядтай.

Физиканың заңдарына бағынып.

Жарықтардай толық кейде шағылып

Түрленемін Ньютон тапқан жолақтай.

Жарықтардың интерференциясы сияқты.

Қосыламыз ба, - деп қоямын сұрақты-ай.

Естимісің жаным, бұл тұрысың,

Жүрегімнің лүпілі ультрадыбысың

Берсең маған энергияңды қуатты.

Уағда етем,

«Больцма тұрақтысындай»

Махаббатым тұрақты.

Жүргізуші: Ал құрметті көрермендер. Осымен телехабарымызды аяқтаймыз. Хабарда көрсетілген физикалық сұрақтармаен сиқырлардың құпиясын тапқан оқушылар мектеп телерадио компаниясына жазбалай түсіруге болады. Сіздердің берген жауаптарыңа қарай жүлдегнрлнр апталық қортындысында хабарлаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Эфирде келесі кездескенше. Сау сәлемет болыңыздар!


© 2010-2022