2 цифры және санымен танысу. Қысқа, ұзын. Сопақша

Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы: 2 цифры және санымен танысу. Қысқа, ұзын. Сопақша.

Мақсаты: 2 саны және оған сәйкес 2 цифрымен таныстыру.

Міндеттері:

  1. 2 цифрының сандар қатарындағы орнын анықтау.

2. 2 цифрын өзге цифрлардың арасынан таба білу қабілетін нығайту.Өзіне таныс заттарды көлеміне, ұзындығына қарай (ұзын, қысқа) салыстыра алу дағдыларын дамыту.

3. Геометриялық пішін-сопақша туралы өткенді пысықтау, оны өзге фигуралардың арасынан табу.

Қолданылатын көрнекіліктер: қысқа, ұзын таспалар, геометриялық пішіндер, слайд.

Әдістері : Таныстыру, түсіндіру, сергіту, дидактикалық ойын, сұрақ-жауаптар, жұмбақ.

Сөздік жұмыс: қысқа, ұзын, сопақша.

Билингвальды компонент: қысқа-корткий, ұзын-длинный, сопақша-овальный.

Шаттық шеңбері.

Ертегілер әнімен балаларға қимылдар жасатамын. Балалар, сендерге ертегілер ұнай ма?

-Бүгін бізде қарапайым математика оқу іс-әрекеті.

-Қазір бір мультфильмнен үзінді көрсетейін, қай мульфильм екенін айтып беріңдерші.

Тосын сәт. (Алёша Попович және Тугарин Змей мультфильмінен үзінді көрсетіледі).

-Балалар, осы мультфильмдегі Алеша өзі қатты жақсы көретін Любаваны іздеуге шығыпты. Бірақ оны жалғыз таба алмайтынын айтады. Любаваны табу үшін көп тапсырмалардан өту керек. Сендер көмектесесіңдер ме?

Балалар: - Иә, көмектесеміз.

  • Міне, қырсық Любаваның үйіне баратын жолды Алеша ұмытып қалды. Алеша жолдан бір кемпірді көріп, жолды сұрайды. Ал, кемпір болса, жәй ғана айтпайды, жұмбақтап айтады.

Кемпірдің тапсырмасы:

  • Алеша, алдыңнан екі көпір кездеседі. Ұзын және қысқа. Ұзын көпірден өту керексің. Көпірден өтсең, алдыңнан жол шығады. Жолда сен әртүрлі гүлдерді кездестіресің. Сол жаққа қарасаң көгілдір гүлдер өсіп тұр. Гүлдің аржағында бір үй тұрады. Сол үйде сенің Любаваң тұрады.

  • Балалар, алдарыңдағы сандар арқылы Алеша қай жолмен Любаваға баратынын көрсетіңдерші.

  • Міне, Алешаға таныс үй. Бірақ есігі жабық. Любава сыртқа шыққысы келмейді. Алешаға мынандай тапсырма айтады:

Любаваның тапсырмасы:
- «Суреттен біркелкілерін тауып сана, сонда терезеден қараймын» -дейді.

«Айырмашылығын тап. Нешеу?» дидактикалық ойыны

Алеша тапсырманы орындады. Любава терезеден қарап, тағы да тапсырма берді.

«Мен жәрменкеге барғанда сырғамды жоғалтып алдым. Егер сырғамды тапсаң сенімен бірге қыдыруға барамын»-дейді.

Не істеу керек? Алеша сырғаны іздеуге шығады.

-Алеша жәрменкенің бәрін аралап, сырғаны таба алмайды. Жолда оған бір ер адам кездеседі. «Кеше мен алаңнан бір сырғаны тауып алдым. Бірақ, мен оны саған тектен-тек бере алмаймын. Ең алдымен менің тапсырмамды орында»-дейді.

Ер адамның тапсырмасы:

  1. Пішіндерді ата.

  2. Суретте сопақша пішіннен нешеу? Шаршыдан, дөңгелектен, төртбұрыштан нешеу? Санап, айт.Сопақша пішінге қандай зат ұқсайды?

-Алеша тапсырманы шеше алды, ал ер адам оған сырғаны қайтарды. Ер адам Алешаға : «Сырғаның екінші сыңары анау ағаштың басында тұрған сыйлықта. Оны тек қана айламен алуға болады»- деп жауап береді.

Сергіту сәті: «Кім қолды тез тигізеді» ойыны.

Шарты: Жоғарыда ілініп тұрған мешокқа жоғары секіріп, қолды тигізу керек.

-Алешамен бірге сендерде барлық тапсырманы орындап шықтыңдар. Енді, Алеша Любаваға жоғалған сырғасын беруге барады.

Любава былай дейді: «Мен, жиналып жатқан кезде моншақтарымды шашып алдым. Сен барлық шашылған моншақтарды жіпке тізіп шық. Ал мен әзірше киімдерді жамап шығайын. Сосон екеуіміз бірге жәрменкеге қыдыруға барамыз».

  • Балалар, Алешаға моншақтарды түсіне қарай тізіп шығуға, ал Любаваға киімдерге жамау салуға көмектесейікші. Ол үшін сендер екі топқа бөлініп, отыра қалыңдар.

Балалар екі топқа бөлініп отырады.

Бірінші топ: «Моншақтарды жіпке тізеді»

Екінші топ: «Киімдерге жамау салады».

Бірінші топ балаларының моншақтарының ұзындықтарын өлшеп, ұзын-қысқа ұғымы туралы түсіндіремін.

Екінші топ балаларының жамауды түсіне қарай салғанын бақылап, қорытындылаймын.

Қорытынды.

-Балалар, бүгін сендер қандай санмен таныстыңдар? Сонымен Алешаның моншағы ұзын ба? Әлде сендердің моншақтарың ұзын ба?

Қандай геометриялық пішіннен бейне құрастырдыңдар?

-Алеша Любаны қыдыртып тату-тәтті болыпты.

Сендерге Алеша алғысын айтып жатыр. Осымен бүгінгі оқу іс-әрекеті аяқталды. Сау болыңдар.



























































«Қызғалдақ» ортаңғы топ тәрбиешісі Иргизбаева Перизат Кадирбековнаның Қарапайым математика оқу іс-әрекеті бойынша өткізген ашық оқу іс-әрекетіне талдауы.

Мерзімі: 20.10.2015ж.

Уақыты: 09:20- 09:35

Қатысқан бала саны: 14

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: Тиінге арналған жиһаз.

Мақсаты: Балаларға үй жиһаздары және олардың қажеттілігі туралы түсіндіру.

Міндеттері:

1. Жиһаздар туралы алған білімдерін толықтыру.

2. Дидактикалық ойын ойнату арқылы зейіндерін, логикалық ойлауларын дамыту.

3. Тұрмыстық заттарды ұқыпты ұстауға баулу.

Ашық оқу іс-әрекеті балаларды шаттық шеңберіне жинап, күнмен, жер Анамен, достарымен құшақтасып амандасумен басталды. Балаларға бір затты тығып қойғанымды айттым, сол затты табу үшін «Ыстық-суық» ойынын ойнаттым. Балалар ойынға белсене қатысып, жасырынған затты тауып алды. Балаларға: «бұл затты қалай атаймыз?» -деп сұрақ қойдым. Балалар бірауыздан «сандық» деп жауап берді. «Ал, енді сандықтың ішінде не барын тапқыларың келе ме?» деп жұмбақ жасырдым. Балалар жұмбақтың шешуін тауып алды. Қонаққа тиін келді. Тиіннің тіршілігімен таныстырып, оның тұратын үйшігінде жиһаздың жоқ екеніне көңіл бөлдім. Өздерінің қайда тұратындарын сұрап, үйлерінде қандай жиһаздар бары сұралды. Тиінге жиһаз сатып алу үшін «Жиһаздар дүкені» сюжеттік ойын ойнатылды. Сюжеттік ойынға балалардың қызығушылықтары өте жоғары екенін көруге болады. Балалар сатушыдан геометриялық пішіндер арқылы жиһаздарды сатып алып, оларды атап тиіннің үйшігіне орналастырды. Жатын бөлмеге қандай жиһаздарды қоямыз? -деген сұраққа балаларды тақтаға шығарып, жеке-жеке төсек, шкафтарды орналастырып , олардың қызметі туралы толық жауап беріп тұрды. Ас бөлмеге үстел мен орындықтарды орналастырып, айтып берді. Балалардың екі тілде сөздерді есте сақтау мақсатында билингвальды компонент жүргізілді. Жиһаздарды күтіп, үйдің тазалығын сақтау туралы сергіту сәті өткізілді. Балалар қимылдар арқылы көрсетіп, жақсы орындады. Балаларға шкаф туралы жұмбақ жасырылды. Балалар тез шешіп алды. Бүгінгі таныстырылған жиһаздардың көлемін үлкен-кіші ұғымын салыстыру жұмысы жасалды. Тиіннің ормандағы досы аю қонаққа келіп, баларға үйіндегі жиһаздардың сынып қалғанын көрсетті. Балалардан «аюдың жиһазын кім сындырды деп ойлайсыңдар?» деген сұрақ қойылды. Балалар сурет арқылы Машаны тауып, «Үш аю» ертегісінен келгенімен таныстырылды. «Орнына қойып шық» дидактикалық ойын ойнатылды. Оқу іс-әрекетін қорытындылау кезінде балаларға жиһаздар туралы сұрақтар қойылды. Балалар сұрақтарға жауап бере білді. Оқу іс-әрекеті өте қызықты, жоғары деңгейде өтті деп айта аламын. Оқу іс-әрекетін құрған кезде балалардың жас ерекшелігін ескеріп, жастарына қарай көрнекіліктерді қолдандым. Топтағы балалардың қызығушылықтары өте жоғары. Қойылған сұрақтарға лезде жауап береді. Көздеген мақсатыма жете алдым.


Тәрбиеші: П.К.Иргизбаева





«Келісемін» «Бекітемін»

оқу ісінің меңгерушісі: мектеп директоры:

_____________ Б.Ж.Жұмықбаева ________________ Р.О.Бектыбаева

«_____»__________________ 2015ж.




Ашық оқу іс-әрекеті

Тақырыбы

2 цифры және санымен танысу





© 2010-2022