Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар геометрия

Раздел Математика
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 9 «Г» Пәні: Геометрия Күні 10. 02. 2015

Сабақтың тақырыбы: Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар

Сабақтың мақсаты:Бізді қоршаған ортадағы төртбұрыштарды табу, төртбұрыштардың басқа да көпбұрыштардан айырмашылығын анықтау, төртбұрыштардың түрлерін анықтап, олардың анықтамаларын келтіру, төртбұрыштардың өмірде қолданылуына мысалдар келтіру.

Білімділік: Балаларға алған білімдерін пысықтай отырып, есептерді өз бетімен шығаруға дағдыландыру

Дамыту: Басқа да көпбұрыштар туралы мәліметтерді өз бетімен іздену.

Тәрбиелік:Оқушыларды ауызбіршілікпен, бірауыздан бірлесіп жұмыс жасауына дағдыландыру.

Сабақтың типі: Топтық сабақ

Сабақтың түрі:Қосымша сабақ

Көрнекіліктер: Проектор, слайд, А3 қағаздар, маркерлер, түрлі түсті фигуралар, бағалау парақшалары(әрбір оқушы сабақтың әрбір кезеңінде өзі жауаптарына 1 ұпайдан қойып отырады).

Сабаққа қолданылған әдіс - тәсілдер: АКТ, СТО, білім берудегі жаңа тәсілдер.

Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, кезекші оқушы арқылы оқушыларды түгендеу.

ІІ. «Жунглидағы жаңбыр»

Нұсқау; -Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).

Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз) .

Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)

Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)

Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).

Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).

Тағы да нөсер жауын жауды.

Ұсақ жаңбыр сіркіреді.

Дауыл соқты.

Жел соқты.

Жел басылып келеді

ІІІ. Топқа бөлу

Оқушыларды шеңбер бойымен тұрған күйде бір - бірінің арқасына фигураларды жапсырту, және әрқайсысы өзінің арқасындағы фигураға сәйкес 4 топқа бөлінуін сұрау

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру

Өзіңнің ашқан жаңалығың өміріңде ең маңызды ізін қалдырады. Д. Пойа

Бізді қоршаған ортадағы қарапайым төртбұрыштарға мысалдар келтіру.

Жалпы төртбұрыштар ұғымын жалпыландыру. Төртбұрыштың түрлері параллелограмм, квадрат, ромб, тіктөртбұрыш және трапеция фигураларына жалпылама анықтама келтіру.

Оқушылар шығармашылығы яғни өз бетімен әірленіп келген материалдарын жаңа сабаққа қолдануды ұсыну. Еңбектің әртүрлі салаларында қолданылатын төртбұрыштарды тағы да бір пысықтау. Миға шабуыл жасап лезде сұраққа жауап беру қабілетін тексеру.

Қазір біз алған білімдерінді пысықтау үшін және есептер шығаруға, өзіндік жұмысын орындауға дайындалу үшін жаңа тақырыпты толықтыруға алдын - ала тапсырма берілген болатын. Төртбұрыштар туралы дайындап келген презентацияларын қорғауға дайындалған оқушыларды шақырамын

V. Бекіту есептерін шығару

СТО технологиясының «Басымдылық пирамидасы» әдісін қолдана отырып тақырыпты бекіту есептерін шығару. Сендер өз білімдерінді теория арқылы және шығармашылық түрде көрсете алдыңдар енді практикалық түрде, есептер шығара білуде өз білім деңгейлерінді көрсетіп, дәлелдеңдер. Әр топқа берілген есептерді ақылдасып шығарып әр топтан бір оқушы шығып түсіндіреді.

1. Бер: АВСД тең бүйірлі трапеция
ВС=8 см
А=60
АВ=10 см
т/к Р =?

Шешуі: АВ=СД=10 см
А=60, Д=60
ВЕ АД
AЕВ тікбұрышты үшбұрыш
АВЕ=90 - 60 =30 (30 - қарсы жатқан катет гипотенузаның жартысына тең.)
АЕ= =5 см
АЕ= ҒД=5 см
АД=АЕ+ЕҒ+ҒД=5+8+5=18 см
Р=АВ+ВС+СД+АД
Р =10+8+10+18=46 см
Жауабы: 46 см.

2. Бер: АВСД тең бүйірлі трапеция
АД=10, 5 дм
АВ=4 дм
А=60
т/к: ВС -?

Шешуі: ВЕ АД
АВЕ - тік бұрышты үшбұрыш қарастырамыз
В=30
АЕ= =2 дм
АЕ= КД=2 дм
ЕК=10, 5 - 4=6, 5 дм
ВС=ЕК
ВС=6, 5 дм
Жауабы: 6, 5 дм

3. Бер: АВСД трапеция.
В= С
А= Д
т/к: А, В, С, Д=?
Шешуі: A= Д=х
В= С=у
у - х=56
у=56 +х
х+у=180
х+56 +х=180
2х=180 - 56
2х=124
х=62
у=56 +62
у=118
A= Д=62, В= С=118
Жауабы: 118, 62, 118, 62

4. Бер: АВСД тең бүйірлі трапеция.
АД=6 м
Р=15м
т/к: ВС -?
Шешуі: АВС - қарастырамыз ВСА= САД
ВАС= САД
ВСА= ВАС
АВС - тең бүйірлі үшбұрыш, АВ=ВС=х
Р=АВ+ВС+СД+АД
х+х+х+6=15
3х=15 - 6
3х=9
х=3
Жауабы: ВС=3 м

«Синкуейн» әдісін қолдану арқылы тақырыпқа түйіндеме жасаймыз:

Бұл әдіс сбағымызды қазақ тілі пәніме байланыстыруды көздейді.

  1. Топтарыңның атын зат есім түрінде жазыңдар

  2. Алдына сын есім қосу арқылы жазыңдар

  3. Іс қимылды білдіретін топтың атын қосып жазыңдар

  4. 5 сөзден тұратын сөз орамын келтіріңдер, топтың атын қосып жазыңдар

Пайда болған 4 шумақты өлең ретінде оқушыларға оқыту.

Постер қорғау тақырыбы:

Әрбір топтың оқушылары өз фантазиясын қолданып, тақырыпқа сай әдемі постер салу және оны мағыналы етіп қорғау.

Геометриялық диктант алу арқылы әрбір оқушыны бағалау

  1. Тіктөртбұрыштың басқа көпбұрыштардан айырмашылығы 4 төбесі және 4 қабырғасы болады

  2. Төртбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы 360 градус

  3. Төтрбұрыштарда 2 диагональ болады

  4. Периметрге тең болады

  5. Жоқ

Міне сабағымыз аяқталуға жақындады. Сендер бұл сабаққа жақсы дайындалыпсындар, өз білімдерінді көрсеттіндер және шығармашылықпен жұмыс жасадыңдар. Ал енді мен сендердің бүгінгі сабақ туралы пікірлерінді білгім келеді. Мына сұрақтарға жауап беріңдер.

Рефлексия әдісі арқылы оқушылардың сабақ туралы ойын білу

VІ. Үйге тапсырма: Келесі сабақта араның ұясы неге алтыбұрышты көпбұрыш тақырыбында материалдар дайындап келу.

VІІ. Бағалау. Бағалау парағы арқылы әрбір оқушыны жеке бағалау

Ынтымақтастықта жұмыс жасағандарына рахмет! Маған бүгін шығармашыл, белсенді еңбекқор оқушылармен жұмыс жасау өте ұнады. Алдағы өмірлерінде әруақыт жолдарын болып, алдарында жасыл шам ғана жанып тұратын болсын!




1. Бер: АВСД тең бүйірлі трапеция
ВС=8 см
А=60
АВ=10 см
т/к Р =?



2. Бер: АВСД тең бүйірлі трапеция
АД=10, 5 дм
АВ=4 дм
А=60
т/к: ВС -?





3. Бер: АВСД трапеция.
В= С
А= Д
т/к: А, В, С, Д=?





4. Бер: АВСД тең бүйірлі трапеция.
АД=6 м
Р=15м
т/к: ВС -?







© 2010-2022