Қиық пирамида және оның анықтамалары

Раздел Математика
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып:_11___

Тақырыбы: Қиық пирамида.

Мақсаты:

  1. Көпжақтардың қималары туралы ұғымды және олардың салу әдістерін меңгеру бойынша оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.

  2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

  3. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: түрлі сызбалар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің, ақпараттық техниканың дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.

2.Өтілген тақырыпты қайталау

Үй есебінің орындалуын тексеружәне шығару жолын талдау.

  1. Пирамида деп қандай фигураны атайды?

  2. Пирамиданың элементтерін атаңдар?

  3. Дұрыс пирамида деп қандай пирамиданы айтады?

  4. Пирамиданың апофемасы дегеніміз не?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

Қиық пирамиданың анықтамасы

Қиық пирамиданың элементтері

Дұрыс қиық пирамиданың анықтамасы

Дұрыс қиық пирамиданың апофемасының анықтамасы.

Анықтама: Қиық пирамида деп пирамиданың табаны мен табан жазықтығына паралель қима жазықтық арасындағы бөлігі айтылады.

Қиық пирамида және оның анықтамалары

Қиық пирамида және оның анықтамалары

Бір табанының кез-келген нүктесінен 2-ші табан жазықтығына түсірілген перпендикуляр қиық пирамиданың биіктігі деп аталады.

Анықтама: Дұрыс қиық пирамида деп дұрыс пирамиданың табаны мен табан жазықтығына параллель қима жазықтық арасындағы бөлігі аталады.

Қиық пирамида және оның анықтамалары

АВСДА1В1С1Д1 Дұрыс қиық пирамида -ММ1 -апофемасы

Бүйір жағының биіктігі дұрыс қиық пирамиданың апофемасы.

4.Білімді дамыту:

Сұрақтарға жауап беру

Бекіту: Қиық пирамиданың деп қандай пирамиданы айтады?

Қиық пирамиданың қандай элементтерін білесіңдер

5.Есептер шығару:

№11есеп, Берілгені :

Төртбұрышты қиық пирамиданың биіктігі 5см ,табан қабырғалары 8см,6см.

Пирамиданың бүйір қабырғасын табыңдар. Жауабы 3√3см

№12есеп,берілгені:

Дұрыс үшбұрышты қиық пирамиданың табан қабырғалары 12дм,3дм. Бүйір қыры 6дм.

Қиық пирамиданың биіктігін табыңдар. Жауабы 3дм

ҰБТ есептерін шығару

Үйге тапсырма §3,1 оқу ҰБТ есептерін шығару



© 2010-2022