Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу Математика 6-сынып

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Сілтеме

Алдамұратова Т. А. Математика. 6 сынып. Атамұра. 2011. [342-346-бет]; Математика. Оқыту әдістемесі. [125-126 бет]

Жалпы мақсаты

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын білу.Екі айнымалысы бар теңдеудің қасиеттерін түсіну.Екі айнымалысы бар теңдеудің шешімін табуды үйрену

Оқу нәтижелері

Оқушылар екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің қасиеттерін қолдануды, теңдеудің шешімін табуды үйренеді

Оқушылар тақырыпты өздері оқи отырып, мәнін ашады, салыстырмалы сипаттама беру арқылы мақсатына жетеді.

Түйінді идеялар

Сабақ барысында жеке тұлғаның бойында дербестік, белсенділік,ерік-жігер, жауапкершілік қасиеттерді қалыптастыру.

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықамасы, қасиеттері, шешімі

Жаттығулар

Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс жүргізу . Оқушыларға анықтауға ,нақты мақсат қоюға мүмкіндік беру.

I. Ұйымдастыру. 2 мин Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу Математика 6-сынып

Шаттық шеңбері Оқушылар бір-біріне жақсы лебіздерін білдіреді.

II. Өткенді қайталау. 5 мин 1.Қандай теңдеуді білесіңдер? 2.Неге ол теңдеулер бір айнымаысы бар сызықтық теңдеулер деп аталады? 3.Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады? 4.Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер? 5.Теңдеудің түбірі қалай табылады? 6.Тақтадағы теңдеулердің қайсысы бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу емес?

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу Математика 6-сынып

III. Жаңа тақырып. 1. Әр топтарға тақырыпшалар беріледі сол тақырыпшаның мәнін әр топ өз ойларын сурет, сызба, жазу арқылы жеткізіп, ашады.6 минут беріледі.

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу Математика 6-сыныпІ топ.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасы,мәндес теңдеулер ІІ топ.Екі айнымалысы бар теңдеудің қасиеттері, шешімі 2. Постер қорғау. 6 минут Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу Математика 6-сынып 3. Топтарға тапсырмалар беру . 7 минут І топ..№1428 (1) №1429 (2) ІІ топ. №1428(2) есеп №1429(1) есеп 4. Бағалау. Есептерді шығарып болғаннан кейін өз тобында жұптасып бір-бірінің есептерін тексереді. Дұрыс жауап параққа жазылып әр топқа беріледі.Оқушы өзін-өзі бағалайды және өзгені де бағалайды. 2 минут

IV.Сергіту сәті. 2 минут

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу Математика 6-сынып

V. Жұппен жұмыс 5 минут №1434 №1435

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу Математика 6-сынып

Жұптар бір-бірінің есептерін тексереді.Дұрыс жауаптар интербелсенлі тақтадан көрсетіледі.

VI.Жеке жұмыс №1438 6 минут. Бағалау критериі бойынша өзін-өзі бағалайды. Оқушылар шырпы таяқшаларынан үшбұрыштар мен квадраттар құрастырулары керек.Оқушылардың әрқайсысына 30 шырпыдан таратып беріледі.

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу Математика 6-сынып

VII.Кері байланыс.Интерактивті тақтадан оқушыларға тапсырмалар беріледі.(Берілген теңдеулердің қайсысы сызықтық теңдеу екендігін табады(ауызша) 2минут

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл

Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс жүргізу . Оқушыларға анықтауға ,нақты мақсат қоюға мүмкіндік беру.

Топтар «Үшбұрыш», «Квадрат»,

Оқуға арналған тапсырма (қосымша)

Үй тапсырмасы: 2 мин. №1432,№1439



© 2010-2022