Краткосрочный план по математике на тему Простые числа

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы 50


Жай және құрама сандар

Мақсаты

Тақырыпты меңгеру арқылы есепті шығаруға түсініктер қалыптастыды

Жалпы мақсат

Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдылару арқылы адамның сезім мүшелерін, көз-көру қызметін толығымен түсінеді қалыптастырып дамыту

Күтілетін нәтиже

Тақырыпты түсініп оқып, талдай білуге жағдай жасайды, бір-біріне ортақ шешім қабылдауға үйренеді

7 модульдің қолданылуы

АКТ", "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер", "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау", "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету", "Оқытуды басқару және көшбасшылық".


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Кім жылдам,Миға шабуыл,Жұптық әңгіме, Ойлан тап, Кубизм

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі





Тренинг

Оқушыларды сапқа тұрғызып, 1-4 дейін санау арқылы топқа бөлу

Алтын ереже құру қажеттігі туралы айту.

Әр топқа бағалау парағын таратып беру.

Фигуралармен бағалау әдісімен бағалау үшін фигуралар таратып беру

«Сандарды бейнеле» ойыны

арқылы психологиялық ахуалды жақсарту

Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.

Топ ішінде тәртіп ережелері талданып , сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады.

Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.

Фигуралар арқылы топтар өзара бағалайды.

Әртоп өздеріне берілген сандарды дене мүшелерімен,қимылымен бейнелеу.

Білу

Миға шабуыл

Интерактивті тақтаға «Қайталау-оқу айнасы» әр түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі,


Интерактивті тақтадағы сұрақтар арқылы оқушылардың кезекпен жауап беруі сұралады.

Оқушылар интерактивті тақтадан кез-келген ұяшықты таңдайды да,топ мүшелері кезектесіп жауап береді. Оқушылар еске түсіреді, талдайды.


Түсіну

Постермен өткен тақырыпты қорғау


Осы көрстелген жаңа тақырыпты оқушыларға жинақтау үшін жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату.Кітаппен жұмыс жасату Постер арқылы тақырыптарын қорғату

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

Постер арқылы бар білімдерін топпен талқылап отаға топтан оқушы шығып, тапсырманы постер арқылы қорғайды және өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне түсіндіреді, тақырыпты жинақтайды

Қолдану

Жұптық әңгіме» әдісін пайдаландым арқылы меңгерту

Бұл әдіс арқылы оқушы мен оқушы арасында пікір алмасу қалыптасты. Себебі: әр жұп түсінбеген немесе қиындық тудырған сұрақтарын бір-біріне қою арқылы жұптасып, жауап іздеді, талқылады, жаңа тақырыпты бірі-біріне түсіндіреді

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және оөз пікірлерін ортаға салады

Талдау

Ойлан тап

Әр топқа тапсырма бойыншатапсырмалар таратылады

Әр топтан оқушы шығып есептерн мен тапсырмалар орындайды

Жинақтау

Кубизм әдісі

6 қырлы кубик

Әр топқа кубикте жазылған сұрақты беру

6 қырлы күбиктин 6 жағына жаңа тақырыпқа қатысты сұрақтар жазу

Кубиктегі сұрақтарға жауап беру, жаңа тақырыпты талдау әрекеттерін көрсетеді

Бағалау

Бағалау шкаласы мен бағалау парақтарын тарату

Әр топқа бағалау парақтарын тарату, бағалау шкаласын тақтаға ілу керек

Әр топ бағалау парақшасын өздерін бағалайды

Рефлексия

Екі жұлдыз , бір тілек

Стикерлерді толтыру

Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)

ББҮ кестесін толтыру

Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады.

Үйге тапсырма

Жай және құрама сандар.


Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. 4; 8;9; 12; 13; 18; 20; 29 сандарынан 1) 4-ке еселік болмайтын; 2) екі бөлгіші ғана болатын сандарды теріп жазыңдар.

2. 10; 14; 23; 28; 45; 47; 80; 83; 95 сандарынан 1)5-ке еселік болатын; 2) Құрама сандарды теріп жазыңдар.

3. 2; 3; 5; 11; 14; 15; 25; 42; 89; 91 сандарының ішінен

1) Жай сандарды;

2) Құрама сандарды;

3) 75-тің бөлгіштері болатын;

4) 7-ге еселік болатын сандарды теріп жазыңдар.

4. 48; 75 сандарының барлық бөлшектерін кему ретімен айтып беріңдер.

5. 1) 18=3∙6; 2) 22=2∙11; 3) 57=3∙19 теңдіктерінен шығатын қорытындыны "бөлінді", "санның еселігі" және "санның бөлгіші" деген сөздерді қолданып айтып беріңдер.

ІІ деңгей тапсырмалары

1. 1) 13-ке еселік; 2) 80-нің бөлгіштері болатын барлық сандарды жазыңдар. 13-тің еселіктері мен 80-нің бөлгіштерінің саны шектеулі ма әлде шектеусіз ба?

2. 1-ден 25-ке дейінгі сандар ішінен 2-ге де, 3-ке де еселік болатын сандарды атаңдар.

3. 1030 санына еселік болатын барлық төрттаңбалы сандарды жазыңдар.

ІІІ деңгей тапсырмалары

1. 1) 69 туристен; 2) 72 туристен 3) 76 туристен 4)119 туристен тұратын топты үш орынды каюталарға бос орын қалмайтындай етіп орналастыруға бола ма?

Жауабы: 1) иә 2) иә 3) жоқ 4) жоқ

2. Данияр қағаздан ұзындығы 21см, ені 15 см тік төртбұрышты қиып алып, оны қалдық қалдырмай бірдей квадраттарға бөлді. Әр квадраттың қабырғасы неше сантиметр? Неше квадратқа бөлінді?

Жауабы: Квадраттың қабырғасы 3 см, 35 квадратқа бөлінді.

Топтық жұмыс. Оқушылар екі топқа бөлініп төмендегі есепті шығарады.

Әрбір оқушы кез келген натурал санның бөлгіштері мен еселіктері болатындығы туралы ой қорытады.

I топ.

1) Әуелде аялдамаға автобус пен троллейбус қатар тоқтады. Автобус аялдамаға 1 сағ 30 мин уақыт өткен сайын бір келіп тұрса, троллейбус 1сағ уақыт өткенде қайтып келіп тұрады. Автобус пен троллейбус аялдамада қанша уақыттан кейін кездесіп тұрады?

Жауабы: 3 сағ-та

2) х -тің қандай мәнінде 23х өрнегінің мәні құрама сан болады?

Жауабы: 1-ден басқа барлық мәндерінде

II топ.

Мұғалім 87 тор көзді дәптерді 58 жолақ сызықты дәптерді сынып оқушыларына бірдей етіп бөліп берді. Сыныпта неше оқушы бар? Сынып оқушыларының әрқайсысы неше тор көз дәптерден, неше жолақ сызықты дәптерден алды?

Жауабы: 29 оқушы, 3 тор көзді, 2 жол дәптер

2) х -тің қандай мәнінде 17х өрнегінің мәні жай сан болады?

Жауабы: 1.



© 2010-2022