Сыныптан тыс іс шара Жүзден жүйрік спорттық математикалық эстафета

Танымдық шығармашылық қабілеттерін дамыту, ой - өрістерін кеңейту. Оқушылардың математика пәніне қызығушылықтарын арттыру. Ұйымшылдыққа, табандылыққа, өз ара сыйластыққа тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын насихаттау. Керекті құрал-жабдық: баскетбол добы, скакалка, шар, дротиктер, плакаттар. 8 «А», 9 «А», 10 «А»  сыныптарынан құралған 3 ойыншы қатысады. Ойыншылар тізбектеліп тұрады. Ойын екі бөліктен тұрады спорттық және математикалық. Эстафетаны бірінші аяқтаған команда 5 балл және есептің дұрысты...
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

« Прииртышский жалпы орта білім беретін мектеп » КМММ










Спорттық- математикалық эстафета



Сыныптан тыс іс шара Жүзден жүйрік спорттық математикалық эстафета







Искакова Жанар-

математика пәні мұғалімі












Семей

2014 ж

Мақсаты: Танымдық шығармашылық қабілеттерін дамыту, ой - өрістерін кеңейту. Оқушылардың математика пәніне қызығушылықтарын арттыру. Ұйымшылдыққа, табандылыққа, өз ара сыйластыққа тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын насихаттау.


Керекті құрал-жабдық: баскетбол добы, скакалка, шар, дротиктер, плакаттар.


Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық!
Бәріне жар салайық,
Бүгінгі ойын төрінде,
Математика еліне, математика тілінде, есеп шешіп жарысып, шабыт тасып шалқысып, көңілді ойын жасайық!
Бүгінгі өткізілетін спортты математикалық эстафетаға «Қош келіпсіздер!» Құрметті ұстаздар, көрермен қауым және тікелей осы эстафетаға қатысушылар!
Біреу озса жарыста, біреу артта қалады.
Ренжімей тараса, озбағандар жарады
Жарыс заңы ежелден, жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол, еңбектену жалықпау.
Сәт - сапар тілеп бәріңе, сайысты біздер басталық.

Ойынға қатысушы командаларды шақырайық.

8 «А» сыныбы:

9 «А» сыныбы:

10 «А» сыныбы:

Ойын ережесі:

8 «А», 9 «А», 10 «А» сыныптарынан құралған 3 ойыншы қатысады. Ойыншылар тізбектеліп тұрады. Ойын екі бөліктен тұрады спорттық және математикалық. Эстафетаны бірінші аяқтаған команда 5 балл және есептің дұрыстығына байланысты тағы да қосымша балл алады. Эстафета барысында ең көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.

Әділқазылармен таныстыру.

Ойын барысы:

Балалар эстафета дегеніміз ол спорттық командалардың жарысы. Әрбір этап сайын ойыншы ауысып отырады. Ойыншы ауысқан кезде эстафета таяғын береді. Ал біздің эстафета таяғы ретінде қаламсап болады. Сондай ақ ол математикалық тапсырмаларды орындау үшін де қажет.

Қалай ойлайсыздар Күш пен ақылдың қайсысы маңызды?

Қатысушылармен диалог.


І конкурс - үй тапсырмасы.

Әрбір команда өздеріне атау, команда девизін ойлап табу, қарсыластарына құттықтау сөз айтуға алған болатын. Конкурс 5 балдық жүйе бойынша бағаланады.

ІІ конкурс: "Бой қыздыру".

Команда мүшелері Кезекпен кезек шарларды жарады. Эстафетаны келесі ойыншыға береді. Бүкіл команда жиналғанда үстелге жетіп тапсырманы орындайды. Капитан жауабын әділқазы алқасына беріп. Өзінің алғашқы орнына жылдам келіп тұруы қажет.

ІІІ конкурс: Ой гимнастикасы

Келесі эстафетаның барысы туралы мәлімет тыңдаймыз. Бірінші ойыншы скакалкамен секіріп, кегельдерді айналып өтіп тапсырмалар орналасқан столға дейін барып, скакалканы столға қойып карточкадағы есепті шығарады. Есепті шығарып болған соң, карточканы алып, скакалкамен секіріп қайтадан келген жолымен келеді, келесі ойыншыға скакалканы табыс етеді. Карточкасын есептеушілерге апарып береді, сосын өз тобының соңына барып тұрады. Эстафета осылай жалғасын тауып соңғы ойыншы орындап болғанша жалғасады. Ең соңында соңғы ойыншы алға шығып қолын жоғары көтереді. Бұл эстафетаның аяқталғанын білдіреді. Алға!

IV конкурс: "Математикалық ақыл құрылымы".

Баскетбол добын еденде ойнатып, шығыршыққа доп лақтырып түсіруге тырысады, содан кейін столдағы әріптің біреуін алып келеді. Допты еденде ойнатқан күйі артымен жүріп орнына қайтып келеді. Команда біткен соң әріптерден математикалық термин құрастырып тұру керек.

Vконкурс: «Суретші»

Ойыншылар алдымен, артымен, оң және сол жанымен кезек-кезек жүгіріп, плакатқа барады. Жазылып тұрған сөздің суретін салады. Салып болған соң орнына келеді.

Мінекей, біздің спорттық мерекеміз де мәресіне жетті. Біз жарысқа қатысушылардың барлығын жеңістерімен құттықтаймыз.

© 2010-2022