11 сыныптарына математика пәнінен І жартыжылдық бойынша білім сапасының көрсеткішіне Анықтама

Раздел Математика
Класс 11 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

11 сыныптарына математика пәнінен І жартыжылдық бойынша білім сапасының көрсеткішіне

Анықтама

Оқыту мен білімді бағалаудың жаңа технологияларын ендіру педагог қауымның тесттерге деген қызығушылығын арттыруда. Көптеген педагогикалық жаңалықтардың бірі болып табылатын тесттік жүйе оқушылардың білім, білік, дағды дейгейін объективті бағалауға, оқушыларды даярлау талаптарының берілген стандарттарға сәйкестігін тексеруге, оқушылар даярлығындағы қиын мәселелерді анықтауға жол ашады

Жалпы орта білім беру мектептеріндегі математика курсы бойынша қандай да бір нақты тақырыпты немесе тарауды меңгерту үшін немесе оқушы білімдерін бағалау үшін тест тапсырмаларын пайдалану тиімді. Тестілерге оқушылардың математикалық дайындықтарын, репродуктивті білім деңгейлерін тексеретін тапсырмалар пән бойынша оқушылардың білім мен шеберліктерінің қандай дәрежеде екендігін бағалайды. Тест оқушылардың білімдері бойынша нашар, орташа ,жақсы оқитын оқушылардың оқу жұмыстарына түзетулер жасауға мүмкіндік береді.Тест ұғым анықтамаларды, формула ларды , қасиеттерді, графиктерді, фигураларды (периметр, аудан, көлем және т.б.) , геометриялық денелдерді жете білуге көп көмегін тигізеді

Мектебімізде математика пәнінен ҰБТ бойынша арнайы жоспар жасалынып, бекітілген, Жалпы математикадан ҰБТ бойынша 5 мұғалім істейді. Кафедраның шешімі бойынша ҰБТ жұмысына көмектесуге пән мұғаліміне көмекшілер бөлінген. Арнайы кесте құрылып,аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 17.00- де қосымша сабақтар өтіледі.Оқушыларды ҰБТ бойынша аптасына бір реттен тест алынып отырды.тест нәтижесі бойынша жіберілген қателіктер мен олардың шығару жолдарын көрсетіп отырылды.Тест - оқушылардың білім дәрежесінің қандай екендігін анықтайтын және ол білімді түрлі жағдайларда қолдана білуін тексеруге беретін тиімді жолдарының бірі. Өз заманының аса ойшылы, дүниежүзіне танымал, артына өшпесмұра қалдырған немістің атақты математигі Карл Гаусс «Математика ғылымдардың патшасы», - деп текке айтпаған. Олай болса математиканы оқыту, оған терең де сапалы білім беру - әрбір ұстаздың міндеті.

Әр сыныпта ҰБТ бұрышы ілінінген. Онда ҰБТ ережесі, тестті толтыру,оқушыларға және ата аналарға арналған сауалнамалар, психологиялық көмек туралы жазылған.әр тесттің нәтижесімен ата аналарды таныстырып,ұпайды бағалау шкаласы ілінген.төменде І жарты жылдық бойынша қорытынды берілген

сыныбы

қыркүйек

Қазан

қараша

желтоқсан

11«А»

7,3

16,8

21

18,3

11«Ә»

10,8

17,5

20,8

19

11«Б»

7,8

19

19,4

14

11«В»

16,3

17,9

19,2

18,9

11«Г»

12

21

21,4

18,7

11«Ғ»

10,5

17,5

13,1

17

Орта балл

10,8

18,3

19,1

17,6

Қорыта келгенде кез-келген сыныптан бастап оқушыларды тестке дайындау қажет. Әр сынып материалдарын жан - жақты терең меңгертіп отырсақ, онда оқушыларымыз ҰБТ - дай жоғары көрсеткішке жетереді.

Пән мұғалімдері


© 2010-2022