Математика аруы - 2015

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Математика аруы - 2015Математика аруы - 2015»

Сайыстың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімге талпынуын, ойлау қабілетін дамыту
Дамытушылық: Математикаға қызығушылығын арттыру, белсенділіктерін дамыту
Тәрбиелік: Есте сақтау, қиыншылықты жеңуге, жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Сайыс барысы:
Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны бізде қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз
Ғылымдардың жаңасы
Математика жайында
Математика аруы - 2015Сайысты біз бастаймыз
Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар! Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Бүгін сіздер математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен одан әрі танысасыздар. Сіздер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екеніне көз жеткізесіздер.

Болады қыздың аты затына сай,

Ниет етсең болуға өнерге бай.

Артық емес үйрен де, жирен деген,

Бос қалып бұл өмірде жүрмеші жай.

Олай болса бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған сұлу да, әдемі,аруларымызды қол соғып қошеметтеп ортаға шақырайық:

Сағынгереева Рысқаным(5-сынып оқушысы)

Медресова Нұрайна(6-сынып оқушысы)

ШМатематика аруы - 2015арипова Малика(7-сынып оқушысы)

СМатематика аруы - 2015учкова Валерия(8-сынып оқушысы)

Избанова Камила(9-сынып оқушысы)

Сайыста әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін аруларымыз белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап беру керек және тапсырмаларды дұрыс орындау қажет. Математикалық сайыс - бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойлары жинақы болуы керек және тәртіп сақталған жөн.
Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен таныс болайық.
Сайыс кезеңдері:

  1. «Сәлемдесу сөз басы» Таныстыру.

  2. Математикалық коплимент айту

  3. Логикалық есептер.

  4. Математикалық жұмбақтар

  5. Логикалық тапсырмалар

  6. Көрермендермен сайыс

  7. «Тапқыр болсаң, тауып көр» (мақал - мәтел айту)

  8. Суретшілер сайысы

  9. «Сәнді фигуралар» Көңілді геометрлер

  10. Практикалық тапсырма

Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой саналады.
Баға берер, әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Бүгінгі арулардың сайысында,
Жеңіске жетер нағыз мықты. (қазылар алқасымен таныстыру)
Сәлем берем халқыма,
Сәлем берем жалпыңа,
Сәлемдесу кіреді,
Ата - дәстүр салтына
Бас иіп топ алдында шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Өнерлерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын
, - дегендей сайысымыздың
1 - кезеңі «Сәлемдесу сөз басы». Таныстырудан бастаймыз.
«Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды
Халық айтса қалт айтпайды
Әрқашанда нанымды» деп Абай атамыз айтқандай өмірдің өзі сайыс, ойын.
Шақырамыз, келіңіздер жарысуға.
Күш, өнер, білімменен алысуға
Бар өнерді салайық, ортамызға
Қанеки, кім шығады сайысуға
2 - кезең. Математикалық комплимент айту.

ММатематика аруы - 2015атематика - толған тәртіп, мағына мен мән
Математика - толған тамаша заңдылық пен сән
Математика - толып жатқан терең сыр
Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір
Бұл бөлімде сайысқа қатысушылар бір -біріне математикалық терминдерді қолдана отырып, комплимент айтады.

3 - кезең. Логикалық есептер.

  1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса, оның салмағы қанша? (3 кг)

  2. БМатематика аруы - 2015ір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындасы бар.Жанұяның қанша баласы бар ? (6)

  3. 1 т мақта ауыр ма, 10 ц темір ауыр ма ? (тең.)

  4. Қайрат Жанардан кіші, бірақ Талғаттан үлкен. Ал Ажар Жанардан үлкен болса, ең үлкені қайсы ? (Ажар.)

  5. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе , 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 мин.)

  6. 32 санының жартысының екі еселенген ширегі нешеге тең ? (8)

  7. 45 өрікті тоғыз табаққа, әр табақтағы өрік саны әр түрлі болатындай етіп , қалай бөліп салуға болады ? (1+2+3+...+9=45)

  8. Арқандаулы ешкі қандай жердің шөбін жей алады ?

(Арқан бойы дөңгелектің)

  1. 2х25х43х5х11х4 ? (473000)

  2. Суреттегі цифрлардың қосындысын ауызша есепте:



Математика аруы - 2015(118)

4 - кезең. Математикалық жұмбақтар.

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін жұмбақтарға берелік.

Арамызда тапқыш арулар көп екен,

Солардың енді жауаптарын көрелік

1Математика аруы - 2015.Үш көзді батыр
Жолды аңдып жатыр.

2. Екі басты айдаһар, бәрін қырып жояды.
Екі аяқпен жер тіреп, қағазды жеп қояды.

3. Ұзын мойны, Екі ішек, Қатар-қатар тепкішек.

Басып көрсең бір-бірлеп, Үн шығады күмбірлеп.

4. Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.

5. Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар

6. Бес қаруы белінде
Самғап жүреді көгімде.

7. Өзі төрт аяқты және алты аяқты

Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты

8. Керек санды тересің,
Елге сәлем бересің.

9 Бұл не қылған ер еді? Қандай мықты жүрегі.
Түздің маңғаз түлегі, бір ұрттам су татпастан,

Мың шақырым жүреді.

10. Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл.

11. Бір ұяда жеті жұмыртқа.

12. Төрт бұрыш, тоқсан жолды торқасымақ.

1Математика аруы - 20153. Бес ін, бес іннің аузы бір ін.

14.Біз, біз,біз едік, отыз арба қыз едік, таң атқанда жоқ болдық.

15.Бір нәрсе менен биік, кейде менен аласа

Математика аруы - 2015

5-кезең.Логикалық тапсырмалар.



  1. Қызықтыратын ойыншықтар Балалар емханасында жас емделушілер сонда тұрған ғажап қоңжық ойыншықтармен ойнағанды жақсы көретін. Өтінішке орай, балаларға қатты ұнағандықтан, қоңжықтар біртіндеп жоғала бастады: жасөспірім емделушілер оларды өздерімен үйлеріне алып кетіп отырды. Емхана басқарушысы бұл мәселені қалай шешкен еді

    Жауабы: Қоңжықтардың барлығына таңғыштар байлады да , балалардың барлығына қоңжықтар айығып кету үшін, емханада қалу керек деп айтты. Балалар мұнайса да, мақұлдап келісті


  1. Шамдар Жер төлеге кірер алдында үш айырғыш тұр. Әр айырғыш бір шамды өшіреді. Есік алдынан қай шам жанып тұрғаны көрінбейді. Жер төлеге кіргеннен кейін бір рет қана, қай шам қай айырғыштыкі екенін анықтайтын мүмкіндік бар.

    Жауабы: Бір айырғышты қосыңызда бір минут тосыңыз, оны сосын сөндіріңізде келесісін қосып шамдары бар бөлмеге кіресіз. Біреуі қосуыл болады ол сіз қосқан, екіншісі жылы болады. Ол сіз қосып сөндірген. Екіншісі суық ол сіз қоспаған айырғыштың лампасы.



  1. Кездесу. Асқар мен Айдос саябақтың кіре беріс есігінің алдында кешкі сағат 9-да кездесуге келісті. Алайда Асқардың да, Айдостың да сағаттары қате жүреді. Асқарың сағаты 3 минутқа қалып жүреді, бірақ ол керісінде 2 минут алда деп ойлайды. Ал Айдостың сағаты 2 минут алда жүреді, ол керісінше 3 минут қалып қойған деп ойлайды. Қалай ойлайсыздар, екеуінің қайсысы кездесуге кешігіп келеді?

    Жауап: Асқар 5 минутқа кешігеді, ал Айдос болса- 5 минут бұрын келді.


6Математика аруы - 2015-кезең. Көрермендермен сайыс. Мақалды жалғастыр.

1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)

2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)

5. Бір елі ауызға - (екі елі қақпақ)

7 - кезең: «Тапқыр болсаң, тауып көр» (мақал - мәтел айту) мақалдың жауабын дұрыс тапса, бір ұпай алады. Ендігі кезек мақал-мәтелдерде:

1.Білгенің - бір тоғыз,

2.Бір кісі қазған құдықтан

3.Тоқсан ауыз сөздің

4.Бірінші байлық -

Екінші байлық -

Үшінші байлық -

5.Екі баланың ортасындағы шал бала болады,

6.Айла алтау,

7.Жеті жұрттың тілін біл,

8. Білекті бірді жығар,

9. Екі жақсы қас болмас,

10. Досыңды үш күн сынама,

11. Бір елі ауызға -

1Математика аруы - 20152. Отыз тістен шыққан сөз,

8-кезең.Суретшілер сайысы.

Екі қолыңмен: сол қолыңмен - үш дөңгелекті, оң қолыңмен - екі шаршыны бір мезгілде сал

9- кезең «Сәнді фигуралар» аруларымыз түрлі-түсті қағаздан геометриялық фигураларды пайдалана отырып, кілемше жасайды.

Аруларымыз өз жұмыстарын аяқтағанша, көрермендерге математикалық жұмбақтар, ребустар жасырылады. Тапсырма дұрыс орындалса, аруларымыздың ұпайына қосылады.

1. Әрбір әріппен бір цифрды белгілейді. Ұқсас әріптерді сол бірдей цифрменен белгілейді.Анықтаңыз осы жазбаны

1) АВ х А = CCC

Жауабы: 37х3=111

2. ,

Т 100 У (түзу)

1) г

Математика аруы - 2015Математика аруы - 2015к

С 2 З (сегіз)

2) МННН- ККК = М

Жауабы : 1000-999 =1

10-кезең.Практикалық тапсырма. (өлшемдер анықтау,)

Қанып сандар сырына,
Шықсақ білім шыңына.
Деп алаулап жүрегі
Қосқан әуен жырына,
Математиктер жасасын!- дей отырып кешіміздің қорытындысын хабарлау үшін сөз қазылар алқасына беріледі. Оқушыларға мақтау қағаздары табысталады.
Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесеміз біздер әлі.
Әділ - қазы, көрермен сау тұрындар
Күтеді бізді жарқын күндер әлі.
Осымен «Математика аруы» атты сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше, сау - саламат болыңыздар!



Математика аруы - 2015













Математика аруы - 2015



Математика аруы - 2015









































© 2010-2022