Урок Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру

Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерзімі

19.12.2015ж

Пәні

Математика 5б, 5ж

Пән мұғалімі

Құлымбетова Анар

Тақырыбы

Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру

Сабақтың мақсаттары

Білімділік: Оқушыларға жай бөлшектер тарауын қайталай отырып, жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру ережелерін меңгерту, есеп шығара білуге үйрету.

Дамытушылық Тақырыптың негізгі идеясын ашу. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойларын тұжырымдау. Өз бетімен қорытындылау

дағдыларын жетілдіру.

ТәрбиелікҰқыптылыққа, зеректілікке, шыдамдылыққа, өз-өзіне

деген сенімділігін арттыруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекіліктері

Ноутбук, кеспе қағаздары, білім бағалау парағы, жауап парақшалары, электронды оқулық

Оқушылар нені білуі керек:

Өткен сабақта танысқан жай бөлшектер,оларды қысқарту,аралас санға айналдыруды, дұрыс, бұрыс бөлшектерді ажырата білуді,ЕКОЕ - ті таба білуді.

Оқушылар нені меңгеруі керек:

Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіруді

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақты өту.

IV. Есептер шығару.

V. Тақырыпты бекіту.

VI.Бағалау.

VII. Үйге тапсырма беру.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сыныптағы оқушылардың сабаққа даярлықтарын анықтау. Жағымды атмосфера қалыптастыру

Сыныпта жоқ оқушылардың тізімін айтады

Қызығушылықты ояту сатысы

Үй жұмысын тексеру

Толықтыруды қажет ететін тест

  • Бөлім бөлшек сызығының ... жазылып, нешеге

бөлінгенін білдіреді.

  • Алым бөлшек сызығының ... жазылып, нешеуі алынғанын білдіреді.

  • Егер бөлшектің алымы бөлімінен ... болса, онда ол дұрыс бөлшек.

  • Егер бөлшектің алымы бөлімінен үлкен не тең болса, онда ол ... бөлшек.

  • Дұрыс бөлшектер 1-ден ... болады.

  • Бұрыс бөлшектер 1-ден ... болады.

  • ... бөлшекті аралас санға айналдыруға болады.

  • Аралас сан ... бөліктерінен тұрады.

  • Берілген натурал сандардың ЕКОЕ қалай табылады?

Оқушылар дәптерлерін алмастыру арқылы үй жұмысын тексереді.

Берілген тапсырмаларды жеке орындап, жұпта талқылайды

Мағынаны ашу сатысы

Жаңа тақырып

Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру үшін:

1) берілген бөлшектердің бөлімдерінің ең кіші ортақ еселігін, яғни ең кіші ортақ бөлімін табу керек;

2) бөлшектердің әрқайсысы үшін толықтауыш көбейткішті табу керек;

3) әрбір бөлшектің алымы мен бөлімін сол бөлшектердің толықтауыш көбейткішіне көбейту керек.

Бөлшекті жаңа ортақ бөлімге келтіру үшін оның алымын да, бөлімін де көбейтетін сан толықтауыш көбейткіш деп аталады.

1 Мысал: 1/8, 5/6 бөлшектерін ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек.

2 Мысал: 7/4, 3/4, 5/14 бөлшектерін ортақ бөлімге келтіру керек.

3 Мысал: Аралас сан берілсе, олардың бөлшек бөліктерін ортақ бөлімге келтіреміз.

Есептер шығару

Кітаппен жұмыс

  1. Урок Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтірубөлшегін қысқартыңдар



  1. Урок Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтірубөлшегін қысқартыңдар



  1. Урок Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтірубөлшегін аралас сан түрінде жазыңдар



  1. Урок Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтірусанын бұрыс бөлшек түрінде жазыңдар

Берілген тапсырмаларды оқушылар тақтада орындайды. Есептің шарты оқылып, шығару жолы талқыланады.

Жаңа тақырыпты бекіту

1. Қандай сан берілген бөлшектерге ортақ бөлім бола алады?

2. Толықтауыш көбейткіш деп қандай санды айтады?

3. Толықтауыш көбейткіш қалай табылады?

Үш топ берілген сұрақтар бойынша өз ойларын ортаға салады.

VI. Бағалау

Белсенділігіне және шапшаңдығына байланысты бағалаймын.

Бағаланатын оқушылар

Тапсырмаларды жазып алады

5 «Б» сыныбы

5 «Ж» сыныбы


  1. Жарылқапов Алихан

  2. Абдиманап Аяла

  3. Еркибай Мерей

  4. Құлан Мерей

  5. Қылышбек Бекзат

  6. Айдарқызы Ақнұр

  7. Мырзахметов Дулати

  8. Тайман Амина

  1. Рыскулбек Нұртас

  2. Бердібек Мерей

  3. Аққұл Ерсұлтан

  4. Әкімбай Шапағат

  5. Қуатбек Аружан

  6. Ташболатов Н.

  7. Серикова Аяулым

Үйге тапсырма

№1 дәптер жиналып алынады. Үйге тапсырма беріледі.

Үй тапсырмасын күнделікке белгілейді

Рефлексия

ББҮ стратегиясын пайдаланып ой қорыту



Оқушылар өз ойларын қағаз бетіне түсіреді



© 2010-2022