5-сынып. Сабақ тақырыбы: Бұрыш. Шеңбер. Дөңгелек (қайталау сабағы)

Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың қысқа мерзімді жоспары. 27.10.2015 жыл

Аты-жөні, жұмыс орны

Иманкулова Гулден Ерденовна

№4 ЖББМ

Пәні:математика

Сынып: 5 «А»

Сабақтың тақырыбы:

Бұрыш. Шеңбер.Дөңгелек (қайталау)

Мақсаты:

(SMART, орта мерзімдегі жоспар)

-бұрыш, шеңбер, дөңгелек, тік бұрышты параллелепипед анықтамаларын білу.

-формулаларды есеп шығару барысында дұрыс пайдалану.

-фигуралардың қасиеттерін ажырата білу

Күтілетін нәтиже:

(орта мерзімдегі)

-бұрыш, шеңбер, дөңгелек, тік бұрышты параллелепипед анықтамаларын біледі.

-формулаларды есеп шығару барысында дұрыс пайдаланады.

-фигуралардың қасиеттерін ажырата біледі.

Табыс критериі:

-бұрыш, шеңбер, дөңгелек, тік бұрышты параллелепипед анықтамаларын білді.

-формулаларды есеп шығару барысында дұрыс пайдаланды.

-фигуралардың қасиеттерін ажырата білді

Негізгі идеясы:

Оқушылар өткен материалдарды есеп шығару барысында қолдануға жағдай жасайды. Білгендерін ортаға салып, ой бөліседі.

Оқулық:

(ҚР ҒБМ ұсынған)

Математика,Т.Алдамұратова, Е.Байшоланов

Алматы «Атамұра» 2015

Сабақтың барысы/ мұғалімнің ескертпелері:

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Формативті (ОүБ)

Суммативті (ОБ)

2 мин

Сыныпта жағымды атмосфералық жағдай туғызу. Оқушыларға сәттілік тілеу. Алтын ережені еске алу

Оқушылар топта бір-біріне алақандарын тигізе отырып, сағат тілінің бағытымен көршісіне жылы лебізін білдіреді.

Жақсы

10 мин

Үй тапсырмасын тексеру (үй тапсырмасы сөзжұмбақ құрастыру)

Әр топ өздері дайындаған сөзжұмбақтарын топтармен ауыстырып, өтілген тақырыптар бойынша сөзжұмбақты шешіп, топтан спикер шығып қорғайды.

Өте жақсы

Сөзжұмбақ

3 мин

Өткен материалды жандандыру мақсатында интерактивті тақтаға шеңбер, дөңгелек, тік бұрышты параллелепипедке қысқаша мағлұмат беріліп кетеді.

Шеңбер дегеніміз ...

Дөңгелек дегеніміз ... Шеңбер мен дөңгелектің айырмашылығы не?

Жарайсың!

Бағдаршам арқылы

Интербелсенді тақта, жасыл, сары, қызыл түсті қағаздар

8 мин

Жауаптарың сәйкестендір

  1. V=abc

  2. S=ab

  3. S=a*a

  4. P=4a

  5. P=2(a+b)

6) V=a*a*a

1) Параллелепипед көлемі

2) кубтың көлемі

3) квадраттың ауданы

4) тік төртбұрыштыі ауданы

5) квадраттың периметрі

6) тік төртбұрыштың периметрі

Әр оқушы орнында орындайды, интербелсенді тақтадан дұрыс жауабын тексереді.

Интербелсенді тақта

2 мин

Сергіту сәті

Мақал-мәтелдерді жалғастыру

Білікті бірді жығар, ...

Бір тал кессең, ...

Жігіт сегіз қырлы, ...

Жеті рет өлшеп, ...

Қорқақ жүз өледі, ...

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,

...

Интербелсенді тақта

15 мин

Есеп шығару (пысықтау)

Топта оқушылар есеп шығарады

№535

№549

№550

Топ басшысы бағалайды.

Оқулық

2 мин

Бағалау

Топ басшысы топ мүшелеріне баға береді

Жиынтық бағалау

Бағалау парақшалары

1 мин

Үйге тапсырма

№548,551

Оқулық, күнделік

2 мин

Рефлексия

Не білдім?

Не үйрендім?

Нені білгім келеді?

Түрлі стикерлер

Мұғалімдердің ескертулері/Рефлексия

Сыныптағы ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру мақсатында сабақты топ бойынша шаттық шеңберін құрып, бір-біріне алақандарын тигізіп бір тілек айту ұсынылды. Сынып үш топқа бөлінді. Топ мүшелері топ басшысын тағайындап, бағалау парағы топ басшысына ұсынылды. Үй тапсырмасына берілген сөзжұмбақты әр топ бір-бірлеріне ауыстыра отырып орындады. Орындау барысында 2-топ мүшелері сөзжұмбақ сұрақтарына дұрыс жауап бере алмады. Бұдан оқушылардың теориялық білімдерін әлі де болса жетілдіру керектігін, оқулықты дұрыс пайдалана алмауын байқауға болады. Өткен материалды жандандыру мақсатында интерабелсенді тақтадан шеңбер, дөңгелек, тік бұрышты параллелепипед туралы қысқаша мағлұмат берілді. Оқушылардың математикалық тілде шорқақтығын байқап, алдағы уақытта баса көңіл аудару керектігін түсіндім. Сонымен қатар формулаларды дұрыс есте сақтау мақсатында сабақтың алдыңда 1-2 минут уақытты бөліп қайталату қажет.

Топ басшылар бағалап, түсініктеме беріп кетті. Топ басшыларының бағалауын, өз бағалауымды қоса отырып, жиынтық бағалау қойылды. Сабаққа рефлексия ретінде «Не білдім? Не үйрендім? Нені білгім келеді?» бойынша өз стикерлерін ілді.

5-сынып. Сабақ тақырыбы: Бұрыш. Шеңбер. Дөңгелек (қайталау сабағы)5-сынып. Сабақ тақырыбы: Бұрыш. Шеңбер. Дөңгелек (қайталау сабағы)

5-сынып. Сабақ тақырыбы: Бұрыш. Шеңбер. Дөңгелек (қайталау сабағы)5-сынып. Сабақ тақырыбы: Бұрыш. Шеңбер. Дөңгелек (қайталау сабағы)

© 2010-2022