План урока по математике 6 санын қосу және азайту 1 сынып

Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

План урока по математике 6 санын қосу және азайту 1 сыныпПлан урока по математике 6 санын қосу және азайту 1 сыныпПлан урока по математике 6 санын қосу және азайту 1 сыныпПлан урока по математике 6 санын қосу және азайту 1 сыныпПлан урока по математике 6 санын қосу және азайту 1 сыныпСыныбы 1 «Е»

Күні 21.01.16ж

Сабақтың тақырыбы: 6 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға 6 санын қосу және азайту тәсілдерін ұғындыру, шартты есептер құрастырып шығару білімдерін пысықтау.

Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелілік: тапқырлыққа баулу, шапшандыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: 6 саны цифрының үлгісі, оқулық, карточкалар, цифрлар.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, талдау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

1. Психологиялық ахуал

Қуанасың сенде

Қуанамын менде

Қуанайық бәріміз

Арайлап атқан күнге!

2. Топқа бөлу «Мозайка» әдісі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1) Үй тапсырмасын тексеру

- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?

- №5 есептің берілгенін кім оқып берер екен?

- Есептің шартын, сұрағын, шешуін оқыңдаршы?

№ 5 есеп

Салды - 9 ою

Бояды - 5 ою

Қалды - ?

Шешуі: 9-5=4

Жауабы: қалды 4 ою.

2. Қызығушылығын ояту

- Балалар, қаңтар айы мектепішілік денсаулық айлығы болып жарияланғанынын бәріміз білеміз, бүгінгі сабағымызды эстафеталық жарыс түрінде өткізсек қалай қарайсыңдар?

- Денсаулығымыз мықты, жақсы болуы үшін не керек?

- Ал, балалар жарысымызды бастайық. Команда аттарын қойып алайық.

1-қатар «Тұлпар», 2- қатар «Сұңқар» болсын.

1. Баскетбол

Баскетбол-доппен ойналатын командалық спорт ойыны. Командадағы ойыншылар допты сақиналы торқалта себетке дөп түсіруі қажет. Қақпа жерден кем дегенде 3 метр биіктікте орнатылады.

(Доптардағы тапсырмаларды орындайды)

Сабақтың тақырыбы ашылады: 6 санын қосу және азайту.

ІҮ Жаңа сабақ:

Оқулықпен жұмыс

№1

- 6 санын қосу және азайтуды оқушыларды қатыстыра отырып түсіндіру

6 қандай сандардың қосындысы?

1+6=7 7-6=1

2+6=8 8-6=2

3+6=9 9- 6=3

4+6=10 10-6=4

3. Биатлон

Биатлон - қысқы, сонымен қатар жазғы спорт түрі, белгілі бір қашықтық сайын шаңғы үстінде мылтықпен нысанаға оқ ата отырып, шаңғымен жарысу.

№2 (тақтамен жұмыс)

Көк кесінді 4 см, жасыл кесінді 6 см, ал қызыл кесінді 10 см.

6 см+4 см=10 см 10см =10см

Ү. Сергіту сәті

Оң қолымда 5 саусақ,

Сол қолымда 5 саусақ.

5-ке 5-ті қосқанда болып

Шықты 10 саусақ.

3. Бобслей - шанамен сырғанау спортының бір түрі. 19 ғасырдың аяғында Швейцарияда пайда болған. Бобслей жарысы биік жал сияқты етіп екі қапталына және табанына мұз қатырылған, шұғыл бұрылыстары бар, арнайы жолдарда өткізіледі.

№3 (тақтамен жұмыс)

1-қатар 2-қатар

Шарты Шарты

Айша - 7ою ? ою Қызыл ою - 6 ? артық

Сара - 3 ою Жасыл ою - 4

Шешуі : 7+3=10 Шешуі : 6-4= 2

Жауабы: 10 ою Жауабы: 2 ою артық

4. Коньки Спорты - конькимен мұз үстінде шапшаң жүгіру және мұз айдынында мәнерлеп сырғанау. 1892 ж. конькимен жүгірушілердің Халықаралық одағы ұйымдастырылды. Қазір оған 40-қа жуық ел мүше. Қазақстанда Коньки Спортының дамуына Медеу мұз айдынының салынуы үлкен ықпал етті. «Ойлан, тап» (топтық жұмыс)

+ 3 > 7-

5. Шаңғы жарысы

Шаңғы жарысы-Қазақстандағы спорттың кең таралған түрінің бірі.

Көпшілікке әйгілі болып жүрген спорт түрінің бірі әр түрлі ара қашықтықтағы шаңғы жарысы болып табылады. Спорттың осы түрімен айналысу дене тәрбиесінің маңызды құралы болып табылады, қозғалыс әрекеттегі бірінші орын алады.

8-6*2+4 10-6*7-3

5+3*1+6 1+6*9-2

ҮІ. Жаңа білімді бекіту.

6+4=1. 6 санын қосу және азайту туралы білімдерін «Баспалдақ» ойыны арқылы пысықтау.

6+3=

9-6=

8-6=

6+2=

7-6=

6+1=

ҮІІ. Үйге тапсырма: №4 128-бет

ҮІІІ. Бағалау Оқушылардың жинаған медальдар санына байланысты жинақтық бағалаймын, мадақтаймын.


© 2010-2022