Натурал сандарды жазу 5 сынып

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Математика пәні мұғалімі

Шайза Гүлина

Сынып: 5

Сабақтың тақырыбы: Натурал сандарды жазу №1 (2)

Сабақтың мақсаты:

  • Натурал сандар жайлы ақпараттарын жүйелеу және жалпылау.

  • Үлкен сандарды оқи және жаза білу дағдаларын қайта жаңғырту.

  • Ұқыптылыққа тәрбиелеу, пәнге қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сөздік, есептер шығару

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Ауызша жаттығулар.

Амалдарды орындап, бос орындарды толтырыңдар:

ІІІ. Жаңа материалды өту:

  1. Біздің қазір қосып, азайтып, бөліп, көбейткен сандар қалай аталады? (натурал сандар)

  2. Натурал сандар не үшін қолданылады?

Ең кіші және ең үлкен натурал санды атаңдаршы?

-Ғалымдардың пікірі бойынша адамдар 10 мың жыл бұрын санап үйренген. Ал үлкен сандарды үйрену ұзақ және жәй болды. Саяхатшылар әлі де 10 артық санау білмейтін тайпаларды кездестіреді.

  1. Кез келген натурал санды жазу үшін адам қанша цифр қолданады? Оларды атаңдар.

  2. Сандардың жазуын қалай атайды? (ондық)

-алғашқы адамдар санауда екі қолының саусақтарын қолданған, сондықтан ондық санау жүйесі қалыптасқан.

  1. 234, 542, 471 сандарын қарастырайық. Әр санда «4» цифрасы нені білдіреді?

  2. 537 санының әр цифрасы нені білдіреді?

7-бірлік, 3-ондық разряд, 5- жүздік разряд.

  1. Қандай цифра разряд жоқ дегенді білдіреді?

Нөл натурал сан болады ма ?

  1. Санды оқыңдар: 385 647 409 129

  2. 43 621 015 000, 57 241 346 189

ІV. Сергіту сәті: (дұрыс-бұрыс)

  1. Бір мың санының 3 нөлі бар.

  2. Бір миллион санында 5 нөл бар.

  3. Натурал сандарды жазуда 11 цифр қолданылады.

  4. Келесі сан алдыңғыдан 1 артық.

  5. Бір миллиард санында 9 нөл бар.

  6. Бекіту:

1-нұсқа 2-нұсқа

№1 сандарды цифрлармен жазыңдар:

А) бес миллион қырық екі мың а) сегіз миллион жиырма төрт

үш жүз тоқсан бір мың тоғыз жүз он үш

№2 үш рет қайтара жазып, санды сөзбен жаз:

21 35

№3 осы цифрлары бар екі таңбалы сандарды жазыңдар:

6 және 9 5 және 8

VI.Сабақты қорытындылау.

-Сабақтан жаңа не білдіңдер? Нені үйрендіңдер?

VII.Үй тапсырмасы:

Математикалық сөздік: натурал сандар, миллион, миллиард.

№1 есеп (оқулықтың 3 беті)

© 2010-2022