Ондық бөлшек. Ондық бөлшекті оқу және жазу

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітемін»________

Пән: Математика, Сынып : 5 «Ә», «Б». Сабақ реті:№130, Мерзімі: 17.02.2016

Сабақтын тақырыбы: Ондық бөлшек. Ондық бөлшекті оқу және жазу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ондық бөлшектер ұғымын енгізу, ондық бөлшектерді оқуға және жаза білуге жағдай жасау;

Дамытушылық: Оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамыту және пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, карточка

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу

Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындықтарын тексеру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Мақсат қою

Ондық бөлшектер ұғымын енгізу, ондық бөлшектерді оқуға және жаза білуге жағдай жасау;

ІІ. Жаңа сабақ

Ондық бөлшектерді жазу
Жай бөлшектерді бөлімсіз жазу
2,3 0,51 5,03 0,219 Бұл сандар ондық бөлшектер.
Үтір арқылы жазылған бөлшек сандар ондық бөлшектер деп аталады.
Ондық бөлшектердің жазылуында үтірдің сол жағында- ондық бөлшектің бүтін бөлігі жазылады, ал оң жағында ондық бөлшектің бөлшек бөлігі жазылады.
Мысалы: 1) 2,3 санында 2- бүтін бөлігі, 3- бөлшек бөлігі
2) 5,03 санында 5- бүтін бөлігі, 03- бөлшек бөлігі
3) 0,51 санында 0- бүтін бөлігі, 51- бөлшек бөлігі
4) 0,219 санында 0- бүтін бөлігі, 219- бөлшек бөлігі
Бөлімдері 10; 100; 1000 т.с.с болатын жай бөлшектің бөлімінде қанша нөл бар болса, ондық бөлшек түрінде жазғанда үтірден кейін сонша таңба болуы тиіс.
Қажет жағдайда бөлшек бөлігіне үтірден соң керегінше нөл тіркейміз
Мысалы:
5,7 3,19 0,007
Тең ондық бөлшектерді жазу
Ондық бөлшектердің жазылуында бөлшек бөлігінің соңына нөлді немесе бірнеше нөлді тіркеп жазсақ, немесе соңғы нөлдерді алып тастасақ ондық бөлшек өзгермейді.
Мысалы: 1) 5,7= 5,70= 5,70000 2) 0,09 =0,090= 0,09000 3) 1,090000 =1,0900= 1,09
Ондық бөлшектердің разрядтары
Ондық бөлшектер де натурал сандар секілді разрядтарға бөлінеді. Ондық бөлшектердің бірліктен кіші разрядтары болады. Ол мына кестеде көрсетілген:
Ондық бөлшектер разрядтары
......... Мыңдық Жүздік Ондық Бірлік ' Ондық үлес Жүздік үлес Мыңдық үлес Он мыңдық үлес Жүз мыңдық үлес ........
Ондық бөлшектерді оқу
Ондық бөлшектерді оқығанда алдымен бүтін бөлігі оқылады, содан кейін бөлімі ретінде ең кіші разряды шығыс септігінде оқылады.
Ондық бөлшектер разрядтары
......... Мыңдық Жүздік Ондық Бірлік ' Ондық үлес Жүздік үлес Мыңдық үлес Он мыңдық үлес Жүз мыңдық үлес ........
5 2 , 2 5 6
1 0 2 , 0 0 2 4 3
52,256- елу екі бүтін мыңнан екі жүз елу алты
102,00243- жүз екі бүтін жүз мыңнан екі жүз қырық үш

Оқулықпен жұмыс. Есептер шығару

Жеке оқушыға арналған тапсырмалар

Математикалық диктант
1. Ондық бөлшектерді жазыңдар:
а) жиырма бес бүтін оннан үш; Жауабы: _____________________
ә) үш бүтін жүзден он алты; Жауабы: _____________________
б) нөл бүтін мыңнан он үш; Жауабы: ______________________
в) нөл бүтін мыңнан бес Жауабы: _______________________
Тақтада орындалатын тапсырмалар: №1210-1211-1212

Орындарында орындалатын тапсырмалар: №1213-1214-1215

ІҮ. Сабақты бекіту .

1. Бірліктен кіші разрядтар қалай аталады?
2. Бөлімі 10; 100; 1000; ... болатын жай бөлшектер қалай жазылады?
3. Санның ондық бөлшекпен жазылуында үтір қайда қойылады?
4. Ондық бөлшектегі үтірден кейінгі ондық таңбалар саны қалай анықталады?
5. Үш бүтін мыңнан он жеті саны ондық бөлшекпен қалай жазылады? Түсіндіріп бер.
6. Берілген ондық бөлшекке тең бөлшекті қалай анықтауға болады? 10,23 санына тең бөлшекке мысал келтір.

V. Сабақты қорытындылау:

Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.

ҮІ. Үйге тапсырма: 78-бет №1216







Тапсырмалар

Математикалық диктант
1. Ондық бөлшектерді жазыңдар:
а) жиырма бес бүтін оннан үш; Жауабы: _____________________
ә) үш бүтін жүзден он алты; Жауабы: _____________________
б) нөл бүтін мыңнан он үш; Жауабы: ______________________
в) нөл бүтін мыңнан бес Жауабы: _______________________


2. Ондық бөлшекті жазыңдар:
а) жеті бүтін мыңнан он тоғыз; Жауабы: _____________ , _________
ә) бес бүтін жүзден жиырма жеті. Жауабы: _____________ , _________


Оларды аралас сан түрінде жаз.
3. Сандарды оқыңдар:
а) 0,4; __________________________________________________
ә) 2,04; __________________________________________________
б) 0,41; _________________________________________________
в) 2,004 ___________________________________________________


«Нысана.» Тест тапсырмасы.
1. Ондық бөлшекті анықта а) 12,05 в) с)
2. 420,12 санының бүтін бөлігін тап а) 12 в) 42 с) 420
3. 23,53 санының бөлшек бөлігін тап а) 23 в) 53 с)100
4. ондық бөлшек түрінде жаз а) 0,421 в) 4,121 с) 4,21
5. 10,17 бөлшегіне тең бөлшекті анықта а) 10,017 в) 10,170 с) 1,17

Үлгерімі төмен оқушыға тапсырма:
1. Тең ондық бөлшектердің теңдік құрастырыңдар.
0,4; 3,56; 1,2; 3,56000; 0,40; 0,4000; 1,02; 1,20.
2. Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазыңдар:
1,7 =
0,37
5,03
0,103
3. Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазыңдар:
1,7 =
2,32
1,817
0,2
4. 4,648 санында қанша ондық таңба бар және оны көрсет.

Өзіңді - өзің тексер! ТЕСТ
1) Екі жүз бір бүтін мыңнан он үш:
а) 201, 130
ә) 201, 13
б) 201, 013
в) 201, 0013
2) санын ондық бөлшекке айналдыр:
а) 2, 050
ә) 2, 005
б) 2, 500
в) 2, 0005
3) санын ондық бөлшек түрінде жаз:
а) 0, 015
ә) 0, 150
б) 0, 15
в) 0, 175
4) Нәтижесін ондық бөлшек түрінде жаз:
а) 7, 530
ә) 7, 5003
б) 7, 053
в) 7, 503
10. «Нақты жауап, сапалы шешім таба біл»


© 2010-2022