Математикадан сыныптан тыс жұмыстар

Мұғалімнің басты мақсаты  оқушының математикаға  деген  қызығушылы- ғын  арттыру , есептерді дұрыс  шығара  білуге үйрету.   Дайдаған  құрал математикадан дайындығы  әр түрлі дәрежедегі оқушыларға арналған.  Жинақтаған материалдардың математиканы  енді- енді ғана түсініп келе жатқан оқушылар үшін де, бұрыннан математикамен айналасып, әр түрлі қиындықтағы есептерді шығарып, өзінің математикалық ойлау қабілетін оқулыққа  қосымша  құралдар арқылы  дамытып жүрген оқушылар үшін де, болашақта математи...
Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Геометриялық фигуралар құрылтайы


/Мектептегі математикалық кеш/

Кеш өткізу үшінөте қарапайым киімдер дайындалады. Қатысушылар үшін суретте кескінделгендей нүкте, бұрыш, үшбұрыш сияқты айырықша белгілер жасалады. Шеңбер рөлінде басына мата жолағын байлаған, қолында спорттық шеңбері бар қыз бала орнайды.

Ал параллельдерді мықтарына байлаған параллель түзулерді кескіндейтін мата жолақтары бар екі қыз ойнайды. Олар параллельдікті сақтап, жұбын жазбай біріңғай қозғалыс жасауы керек.

Математикадан сыныптан тыс жұмыстарШар мен цилиндрді бастарында сол фигуралардың кескіндері бейнеленген бас киімдері бар оқушылар ойнайды.

Математикадан сыныптан тыс жұмыстар


Тік төртбұрыш

Математикадан сыныптан тыс жұмыстарМатематикадан сыныптан тыс жұмыстар

Математикадан сыныптан тыс жұмыстарМатематикадан сыныптан тыс жұмыстарМатематикадан сыныптан тыс жұмыстарМатематикадан сыныптан тыс жұмыстар

Математикадан сыныптан тыс жұмыстар

Математикадан сыныптан тыс жұмыстар

Математикадан сыныптан тыс жұмыстар

Геометриялық фигуралар айтысы

Шар:

Ал, жолдастар, салтанатпен

Ашайық бұл кеңесті.

Біздер үшін бұл оқиға,

Азқуаныш емес-ті.

Уақыт бар ғой әлі талай,

Енді біздер саспалық,

Сөз сөйлеуді ең кішіміз,

Нүкте достан басталық.

(Шардың алдына нүкте келіп тоқтайды.)

Шар:

Бұл қайсысың? Мен еш нәрсе көріп тұрғам жоқ.

Мен кәдімгі көрінбеспін,

Мағдырым ғой бұл менің.

Кішілігім соншалықты,

Өлшеуге де келмеймін.

Бірақ достар, сендіремін,

Пайда әкелдім ғылымға.

Төбесімін бұрыштың мен,

Ортақ нүкте түзуге.

Шар:

Қанша кіші болсаң-дағы,

Одан пайдаң шамалы.

Келесі кім? Сөйлей берсін,

Табылар бір амалы.

/Хатшыға қарайды/

Түзу:

Мен, жолдастар, осындамын,

Вертикальмын әзірше,

Горизонталь бола аламын,

Көлбеу болам, халімше.

Қысқа жолы нүктелердің

Мен арқылы өтеді.

Жолаушы да түзу жолмен,

Үйіне тез жетеді.

Шар:

Өте нәзік екенсің сен,

Обалыңа қалмайын.

Келесі кім, қасыңдағы,

Маңызды көп алайын.

Қисық сызық:

Қисық сызық-менің атым,

Түзулермен туысқан.

Мақсатымыз ортақ біздің,

Ағайынбыз ұғысқан.

Нүктелерді қосса түзу.

Қисықпен де қосады,

Туысқандық қатысымыз,

Уа, достар, осы еді.

Перпендикуляр:

О, мәртебелі Шар!

Мен қарапайым - перпендикуляр.

Түзуден тыс нүктеден.

Түсірсе егер мені тік,

Және осы нүктеден

Көлбеу тағы түсірсек.

Не болады ақыры,

Кімнің кетер ақылы?

Шар:

Не болады?

Перпендикуляр:

Барлық бала дәлелдер,

Қиналмай-ақ соншама.

Мақтанды деп, сөкпеңдер,

Беспе емеспін оншама.

Көлбеулерден кез келген,

Сөз жоқ қысқа екінім,

Елден ерек тұратын,

Қасиетім бұл менің.

/Шеңбер шығады/.

Шеңбер:

Мен шеңбермін,

Өзіңізбен туысқан.

Шар:

Сөз бар ма оған,

Достарымыз ғой ұғысқан.

Шеңбер:

Айналдырса мені егер,

Шар боламын кемеңгер.

Ерекше бір нүктем бар,

Ол қай нүкте демеңдер.

Шар:

Ол қай нүкте?

Шеңбер:

Центрім ғой ол менің,

Центрің әрі ол сенің.

Шар: /ашуланып/

Білшішсінбе, туысқан,

Шегі бар ғой әр ненің!

Қасиетіңді айт онан да.

Емеспін ғой мен теңің!

Шеңбер:

Берілген сол нүктеден,

Қашықтығымыз тең біздің.

Біздерге ортақ қасиет,

Абыройыңыз ғой ол сіздің!

Шар:

Ал, бауырым, түзумен,

Қалайша бар қатысың?

Айталық, ол сені егер,

Қиса екі нүктеден.

Шеңбер:

Ішімде жатқан кесінді

Хорда болар күтпеген.

Тақаған сайын центрге,

Ұзара ол бастайды.

Қамтыса түзу хорданы,

«Қиюшы» деп атайды.

Түзу:

Шеңберге мен жанассам

Бір-ақ нүкте арқылы,

«Жанама» деп аталам,

Орналасқан әр қилы.

Шеңбер:

Үш жүз алпыс бөлікке

Бөлсе егер мені де,

«Градус» деп аталады,

Әр бөлігім бұл жерде.

Доғамды өлшейді онымен,

Аяқтаймын сонымен.

Шар:

Баяндамаң бағалы,

Таныстырдың жөнімен.

Цилиндр:

Параллельдер, өтінеміз,

Сөз береміз сіздерге.

Мақсатыңыз қандай еді,

Айтып берші біздерге.

Параллельдер:

Сенесіз бе сезімізге,

Қайдан шықтық кезімізде,

Қайда тартып барамыз біз,

Білмейміз біз өзіміз де.

Қатар түзеп келеміз біз,

Бір туысқан бейне егіз қыз.

Тік бұрышпен қиса түзу,

Кесіндісі тең ғой сөзсіз.

Жақындатпай алыстатпай,

Бір қалыпты ұстар кез.

Шар:

Ерекше бір қасиетке,

Иесіздер достарым.

Әрқашанда бірге жүріп,

Жазылмасын жұптарың.

Параллельдер:

Төртбұрыштар бүйірлері,

Болса егер параллель,

Екі-екіден тең де болар.

Біледі оны барлық ел.

Тік төртбұрыш, квадрат,

Параллелограмм, ромб-ер!

Міне осындай қасиетке

Ие болған ардагер!

Шар:

Тасасында сендердің,

Тығылып жүр әлдекім.

Екі аяқты, басы жоқ,

Дейміз оны енді кім?

Бұрыш:

Кешіріңі, шар мырза,

Қателестіңіз сіз мүлде.

Басымыз ғой төбеміз,

Бассыз бұл кім демеңіз.

Қос қабырғам бар менің,

Атапсыз оны «Аяқ» деп.

Созса да оны қаншалық,

Мүмкін емес аяқтап.

Әрқашан мені үлкейтіп,

Кішірейтуге болады.

Ұқпадыңыз осыны,

Ақылыңыз қашан толады?

Шар:

Тоқта, Бұрыш, батырым,

Коп болса егер ақылың,

Кімсің өзің, тегің кім?

Түсіндірші ақырын.

Бұрыш:

Жазықтықтың бөлігі,

Фигуралар көрігі,

Біз боламыз, Шар мырза,

Сәулелердің серігі.

Шар:

Мақтанасың орынсыз,

Жауабың әлі толымсыз.

Бұрыш:

Екі түзу қиылысса,

Арасында біз тұрамыз.

Доғал, сүйір, тік бұрыш боп,

Қатар түзеп сап Құрамыз.

Цилиндр /кекетіп/:

Басың да жоқ, қолың жоқ,

«Біз, біз» дейтін жөнің жоқ.

Қалай сені өлшейді,

Айтшы осыны сөзге кеп.

Бұрыш:

Градуспен өлшейді,

Түрімізге шамалап.

Болсам, тоқсан градус

Тік бұрышпен әмбебап.

Шар:/кекетіп/

Не болады «кемеңгер»,

Қабырғаңды созса егер?

Бұрыш:

Өсемін ғой онда мен,

Беспе екен демеңдер.

/Қатысушылардың бәрі күледі./

Шар:

Беспелігің көрінді,

Күлкі қылдың өзіңді.

Бұрыш /күлімжіп/:

Қателестім шар мырза!

Шар /нығыздап/:

Қабырғаңды шектеусіз,

Созса дағы қаншама.

Қалар шамаң өзгермей,

Белгілі бұл баршаға.

Айтуға мен тиіспін,

Өліммен тең болса да,

Мұны білмеу сен үшін,

Ұят болар соншама!

Енді кімнің кезегі,

Сенікі ғой сөз енді.

Үшбұрыш:

Таныстырып өтейін,

Баршаңызға өзімді.

«Үшбұрыш» деп аталам,

Бөлмеңіздер сөзімді.

Қабырғам мен бұрышыма,

Байланысты әрқалай,

Атауым көп оқушылар,

Жаттаңыздар шаршамай.

Бір бұрышм тік болса егер,

«Тік бұрышты үшбұрыш».

Деп аталам сүйір болса,

«Сүйір бұрышты үшбұрыш»

Тағы солай «доғал» болам,

Бұрышыма қатысты.

Бәрі дұрыс осы айтқаным,

Демеңіздер шатасты.

Бар қабырғам тең болса егер,

«Тең қабырғалы үшбұрыш».

Деп аталам тең болмаса,

«Әр қабырғалы үшбұрыш».

«Тең бүйірлі» болам тағы,

Тең болса егер екеуі.

Сөз беремін бауырыма,

Кетпесін деп кетеуі.

Тік бұрышты үшбұрыш:

Берсеңіздер кезегімді,

Баяндама жасайын,

Уақыт болса таяп қалды,

Жылдамдыққа басайын.

Шар:

Уақытты айтып қайта-қайта,

Деп тұрмысың қашайын.

Қасиетіңді айтшы онан да,

Деп тұрғам жоқ сасайын.

Тік бұрышты үшбұрыш:

Қасиетімді кім білмейді,

Белгілі ғой әр елге.

Пифагордың аты шығып,

Тарап кетті әлемге.

Пирамидасы - Египеттің,

Абыройымды асырды.

Аты шулы Пифагордың,

Теоремасы ашылды.

Гимназистер әзіл қылды

«Пифагордың шалбарын»,

Қайдан білсін өмір бойы,

Соңдарынан қалмасын.

/Пифагор теоремасының ауданға

байланысты сызбасын көрсетеді./

Шар:

Болса да дұрыс жауабың,

Өзімшілсің сен мүлде.

Көпшіл болған озады,

Жариялылық бұл күнде.

Келесі адам сөйлесін,

Сөз кезегі ал кімде?

Квадрат:

Квадрат - менің атым,

Аудандарды өлшейді.

Төрт қабырғам бәрі бірдей,

Ешкім оны білмейді.


Шар:

Мұның бәрі баяғыдан,

Белгілі ғой баршаға.

Қасиетіңді айт одандағы

Көп сөйлеп тек шаршама.

Квадрат:

Диаганальдарым қиылысса,

Қақ бөлінер ортасынан.

Тең болады және өзараЖауап емес бұл тосыннан.

Тік төртбұрыш /Сөзді бөліп/:

Диагональдарым өзара,

тең болады менің де.

Шар:

Кезек күтіп сөз сөйлеу,

Әдептілік тегінде.

Ромб /араласып/:

Диаганальдарым менің

Тең емес қой әрине.

Қиылысса дегенмен,

Тік бұрыштар жасайды.

Бұрыштарды қақ бөліп,

Квадратқа ұқсайды.

Шар:

Тоқта сен де, бауырым,

Сөз кезегің келген жоқ.

Саған ешкім бұл жерде,

Арнайы сөз берген жоқ.

Параллелограмм /килігіп/:

Параллелограмм - менің атым,

Төртбұрыш арғы атам.

Қарсы жатқан қабырғам

Тең, параллель өзара.

Диаганальдарым тең емес,

Кемшілігім - сол ғана,

Квадрат /нықтай/:

Диаганальдарың тең емес,

Бұрышыңды қақ болмес.

Шар:

Кезекпенен сөйлейік,

Былай шулау жөн емес.

Цилиндр:

Аяқтайық кеңесті,

Сөз боп кетті сөз емес.

Шар:

Жиналған бар қонақтан,

Көп жаңалық ұға алдық.

Әркімнің де өзіндік

Қасиетін құп алдық.

Маңызды істер талқылап,

Шаршадыңдар білемін.

Аяқтаңдар съезді,

Қарсылығым жоқ менің.

Бекітеміз бәрін де

Қарарында съездің.







Математикалық айтыс

(математика тарихынан)

Математика - төреші ақын

Алгебра - бірінші ақын

Геометрия - екінші ақын.

МАТЕМАТИКА:

Арифметикадан бастау алып,

Ұзақ сапар шектік біз.

Кейде құлап, қайта тұрып

Осы күнге жеттік біз.

Арғы тегім «Матезикс»,

Математика боламыз.

Ғылымдардың кешін бастап,

Алғы шепте келеміз.

Математика Ұлы атамыз,

Қажет болды адамдарға,

Туып жықпай келе жатыр

Мынау қилы замандарда.

«Алгебра», «Геометрия»,-

Деп бөлініп кеттік біз,

Егемен боп енші алып.

Мақсатқа да жеттік біз.

(Алгебра мен Геометрияға қарап)

Отау тігіп ер жеттіндер,

Азамат боп ақылды.

Шығарайы сендердің мен,

Аспанға бір атынды.

Әрқайсынның табыстары,

Ауқымды іс қой қаңшама!

Адамдарға еңбек ету,

Абырой берер соншама!

Екеуінді айтыстырып,

Енді біраз байкайын.

«Әділ қазы» өзім болып,

Төрелігін айтайын.

Ал бастандар бүл айтысты,

Сыйлағандар атамды!

Алаламай ешқайсынды,

Берейін мен батамды!

АЛГЕБРА

Алдымен халыққа мен

Басымды иіп алайын.

Сонан кейін әріптесім,

Өзіне кез салайын.

«Сәлемдесу» ата салты,

Сәлем бердім, бауырым,

Көтеріп сен келесің бе,

Білім ғылым ауырын?

Әлде ауырдың үстіменен,

Астыменен көңілдің,

Келесін бе ойнақ салып,

Көлігімен көңілдің?

Қандай үлес қосып жүрсің

Бүл әлемдік ғылымға?

Жалған айтып, жатып атып,

Құлап кетпе кұрдымға.

Жетістікті айт, кемшілікті айт,

Қара қылды қақ жарып,

Сөз берейін, ал,бауырым,

Бар әлемге жар салып

ГЕОМЕТРИЯ:

Сөз берсеңіз мен алайын,

Амансың ба, бауырым!

Басқалардың ішіндегі

Көретін ең тәуірім.

Алдыменен халқымменен

Амандасып алайын.

Өйткені мен көріп жүрмін

Бүл айтыстын талайын.

Ата салты амандасу,

Одан қалай аттайын.

Міндетімнен қүтылып ап.

Өзімді бір мақтайын.

«Геометрия»- грек сөзі,

«Жер өлшеуден» шығыпты,

Евклидтей ұлы ғалым,

Ғылым сырын ұғыпты

Фигуралар қасиетін

Жария қылған әлемге,

«Геометрия»- бауырыңнан

Баршаңызға сәлем де!

АЛГЕБРА:

Алгебра мен боламын

Математика бөлімі.

Өрем биік сенендағы

«Фигуралар көрігі»,

Вавилонда, Египетте

«Ата мұра» кешегі.

Жеткен екен бүгінгіге

«Теңдеу шешу» есебі.

Әл - Хорезми - Хорезмде

Ғылымға еңбек етіпті.

«Әл Жебр»-« Алгебра» ,

Деп аталып кетіпті.

ГЕОМЕТРИЯ:

Азияда ғылым қашан

Нұрын шашты жарқырай?

Ғалымдары кімдер болды,

Айтшы осыны жалпылай?!

АЛГЕБРА:

Ғалым болған ұл қыздары,

Шығыстың бас жұлдыздары.

Ұлыкбекті отқа жақты

Сол заманның кұзғындары

«Екінші ұстаз»- деп атады,

Фарабиді жұрт т\угел,

Атамыздың трактатын

Бағалы әлі, мықты дер.

Әл- Беруни- Әбуәли

-Өзбекстан, Тәжікстан

Елдерінің мақтаны.

Қатарынан озып шыққан,

Тоғызыншы - Он бесінші

Ғасырлардың алыбы.

Нұрын шашқан бар әлемге.

Бұлар-Азия ғалымы!

ГЕОМЕТРИЯ:

Еуропа ғалымдары

Бастау алды кімдерден?

Айтшы осыны білгіш болсаң,

Қай ғасырда гүлденген?

АЛГЕБРА:

Азияда ғылым дамып,

Нұрын шашты жаң -жаққа.

Көп ұзамай -сөнді жарық,

Түсау боп Дін аяққа!

Еуропа ғалымдары.

Бастау алды бүлардан.

Барын алып, жоғын тауып,

Алақайлап, куанған!.

Қолына алып, бағындырды

Он алтыншы ғасырды.

Білімді де, ғылымды да

Пайдасына асырды.

Француздан- Виет шықты,

Кезегім менің келді деп.

Алгебралық символдарды

Әріптермен белгілеп.

Іле -шала Декарт келді,

Осы күнгі белгіні ап.

Бүгінгі ұрпақ жазып жүрміз,

Декартша әлі белгілеп.

ГЕОМЕТРИЯ;

Куб теңдеуді кімдер шешті,

Айтып берші біздерге.

Дұрыс берсең жауабынды,

Сұрағым жоқ сіздерге.

АЛГЕБРА;

Куб теңдеуді шешеміз деп,

Талап қылды әркимдер

Итальяндық Тарталья алғаш,

Шешкен нағыз кемеңгер!

Мұра қылып жазып кетті,

Кардано оны жазбаша.

Бізге бұгін жетер ме еді,

Егерде ешкім жазбаса?

Поэзия әлемінде,

Иран, Тәжік классигі.

Аты шулы Омар Хайям

Нишапурда өмір сүрді.

Геометриялық тәсілменен

Куб теңдеуді Хайям шешкен.

Әрі ақын, әрі ғалым,

Мол бақытты бастан кешкен.


ГЕОМЕТРИЯ;

Төрт дәрежелі теңдеулерге

Кәне кімдер жол ашты?

Кімдер шешті алғаш оны.

Жаңалықты кім ашты?

АЛГЕБРА;

Шәкірті озған ұстазынан

Артық болып ақылы.

Феррари де Карданодан

Асып түсті ақыры.

Дәрежесі төртінші

Теңдеулерді талқан қып,

Шешіп кетті -жас ғалым,

Бар ғаламды аң таң қып!

Бағанадан сұрақ қойдың,

Жауап бердім халімше

Енді менің сұрағым бар,

Жауап берші әліңше.

Орыстарда бұл ғылым,

Дамыды қашан қарыштап?

Аты шықты кімдердің?

Айтшы осыны дұрыстап.

ГЕОМЕТРИЯ;

Орыстар да бастау алып,

Он жетінші ғасырдан.

Өңдірісте, Ғылымда да

Жаңалықтар ашылған,

Ломоносов, Лобачевский-

Аты шыққан ғалымдар.

Мақтанышы өз елінің,

Мәнгі өшпес жалыңдар!

Лобачевский геометриясы-

Белгілі ғой әлемге!

Төрт дәрежелі теңдеу шешіп,

Аты шықты әуелде.

АЛГЕБРА;

Геометрия тарихынан

Біраз пікір қозғаңыз.

Негізіңіз қайдан шықты?

Көп сөйлеп тек созбаңыз.

ГЕОМЕТРИЯ;

Сонау Мысыр шаһарында

Негізіміз қаланған,

Осы күнге аман жетіп,

Орындалды бар арман.

Евклидті мақтан етем,

«Пастулаттар атасы!»

Қалай айтсам, сыйып тұр ғой,

Сөзімнің жоқ қатесі.

Аты әйгілі ғалымдардан

Бұрын өткен өзінен,

Пифагор, Фалес, Гиппократтың

Ғибрат алған сөзінен!

«Бастамалар» деп аталған

Еңбегібізге жетіпті,

Дәл екі мың жылдан аса

Халыққа қызмет етіпті.

О, Ежелгі Греция,

Евклидтің Отаны!

«Қарыздармыз бастамаға»

Мұндай оқулық жоқ әлі.

Геометрия ғылым болып

Грецияда қаланған.

Сонан кейін Азия мен

Еуропаға таралған.

Пифагорды кім білмейді,

Даңқы шыққан әр елге!

«Аты шулы теоремасы»

Тарап кетті әлемге.

АЛГЕБРА;


Геометрия терминдері

Қандай сөзден шығыпты?

Қайсы елдер алғаш оның

Мағынасын ұғыпты?

ГЕОМЕТРИЯ;

Геометрия аспаптары

Транспортир, циркуль әйгілі.

Сызғышсыз біз жүре алмаймыз,

Бұл пән болса, қай күні.

«Транспортир» -латын сөзі.

«Көшіру» деп аталған.

Бұрышты өлшеу міндеті боп,

Оқушылардан бата алған.

«Фигура» да латын сөзі

«Бейне» ұғымын береді,

Адамзатқа ежелден ақ

Қызмет етіп келеді.

«Параллель» де - грек сөзі,

«Қатарласып жүретін».

Екі мың бес жыл бұрын ақ,

Пифагоршылар мұны білетін.

Грек, латын сөздерінен

Бас терминдер келген-ді.

Сол қалпында бізге жетіп,

Қеңейтті сөз шеңберді.

АЛГЕБРА;

Соза бермей бүл айтысты,

Аяқтайық осымен.

Әрқашан да дара шаппай,

Бірге бол -деген досың мен!

Бірге болсақ, мықтымыз біз,

Дамимыз біз жан жақты,

Одағымыз бөлінбесін,

Дос болайық ардақты!

МАТЕМАТИКА;

Төрелігін айтайын мен,

Келіссендер дауласпай.

Екеуін де тең түстіндер,

Бірігіндер жаулаБөлінгенмен сан салаға,

Кетпес еңбек далаға.

Мақсатымыз ортақ біздің

Білім беру балаға!




© 2010-2022