Сабақ Санның стандарт түрі

Раздел Математика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Санның стандарт түрі

Сабақтың мақсаты: Санның стандарт түрі ұғымын түсіну. Санды стандарт түрде жаза білу. Стандарт түрдегі сандарға амалдарды қолдануды үйрену. Сандар туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй жұмысын тексеру (№951, №953)

3. Жаңа тақырыпты оқыту

Оқушылар тақырып бойынша постер жасап, оны қорғайды.

Келесі сұрақтарға жауап беріледі:

1. Санның стандарт түрі дегені не?

2. n саны қалай аталады?

3. Үлкен оң көрсеткіш нені көрсетеді?

4. Модулі бойынша үлкен теріс көрсеткіш нені көрсетеді?

5. Санды стандарт түрде жазудың алгоритмі

1. Бүтін бөлігінде нөлден өзгеше бір ғана цифр болатын етіп, берілген α санында үтірді қою керек.

2. Үтір жылжыған цифрлар санын еептеу керек,

3. n көрсеткішінің таңбасын анықтау керек:

n>0, n<0,

егер α>10 егер α<1

4. Есептерді шығару

1. Сандарды стандарт түрде жаз:

350, 72000 , 0, 026, 0, 00000905.

2. Сандарды стандарт түрде жаз:

а) кислород атомының массасы

0, 000 000 000 000 000 000 000 02662 г;

б) сабын көпіршігінің қалыңдығы

0,000 000 06 см;

в) су молекуласының диаметрі 0,000 000 03 см;

3. Келесі сандар стандарт түрде жазылған деп
айтуға бола ма:

34*102

566*106

0,007*105

Стандарт түрде жазылған сандарды көбейту және бөлу қалай орындалады?

Кітаптағы 188-беттегі мысалды қарастыру.

№958, №959 шығару

Тапсырма.
Планеталарды Күннен алыстау ретімен орналастыр

Планета

Қашықтық

Шолпан

1,082 · 108 км

Жер

1,495 · 108 км

Меркурий

5,790 · 107 км

Марс

2,280 · 108 км

Нептун

4,497 · 109 км

Плутон

5,947 · 109 км

Сатурн

1,427 · 109 км

Уран

2,871 · 109 км

Юпитер

7,781 · 108 км

5. Үйге тапсырма

№957, №963, № 966

6. Сабақ қорытындысы, бағалау.

Сабақта нені білдім?

Нені үйрендім?


© 2010-2022