Реализация программы «Балапан»

Тәуелсіздік жылдары ұлт көшбасшысы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен білім саласы үлкен табыстарға қол жеткізіп, «Балапан» бағдарламасы да өмірге келді. «Балапан» бағдарламасы - мемлекет басшысының еліміздің ең кішкентай азаматтарына жасаған айрықша қамқорлығы. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты- балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды ұлғайту болып саналады. (1-слайд )    Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Тәуелсіздіктің мерейтойы қарсаңында, Көкшетау қ... Бес уақыт тамақтану. Жұмыс істейтін топтар: 11. Соның ішінде: логопедтік топ - 2, мемлекеттік тілде оқу – тәрбие жұмысын жүргізу топтары – 9, орыс тілінде – 2топ.
Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәуелсіздік жылдары ұлт көшбасшысы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен білім саласы үлкен табыстарға қол жеткізіп, «Балапан» бағдарламасы да өмірге келді. «Балапан» бағдарламасы - мемлекет басшысының еліміздің ең кішкентай азаматтарына жасаған айрықша қамқорлығы. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты- балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды ұлғайту болып саналады. (1-слайд ) Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Тәуелсіздіктің мерейтойы қарсаңында, Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы №6 «Нұрай» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 13 желтоқсан 2011 жылы өз есігін ел келешегі, кішкентай сәбилерге айқара ашты. (2,3-слайд ) Балабақшаның жобалық көлемі 220 орындық. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласында қызмет атқару. Жұмыс тәртібі: 5күн

Бес уақыт тамақтану. Жұмыс істейтін топтар: 11. Соның ішінде: логопедтік топ - 2, мемлекеттік тілде оқу - тәрбие жұмысын жүргізу топтары - 9, орыс тілінде - 2топ. (4,5-слайд )

Балапан бағдарламасы бойынша Республикалық бюджеттен балабақша ғимаратының күрделі жөндеуіне 257 000 000 (екі жүз елу жеті миллион) қаржы бөлінді.

Педагогтардың сапалы тізімі:

Жалпы қызметкерлер саны:71

Педагогтар саны:33

Жоғары білімді:26

Орта кәсіптік:7

Қайта даярлаудан өткендер:15

Жаңа оқу бітіріп келгендер:2

Жоғары санатты:1

І- санатты:4

ІІ-санатты:17

Санаты жоқ:11

Білімін жетілдіру курстарына - 13(6-слайд )

Балабақшадан 2 жыл ішінде кеткен балалар саны - 74 бала. Сапалы оқу үлгерімі-70 пайыз. (7-слайд )

Балабақша ашылған күннен бастап өз жұмысын үш бағытта жүргізеді: Бала-Ата-ана-Ұстаз. Балабақшада «Кешегі Айгөлек - бүгінгі Нұрай» мұражайы, «Нұрай тынысы» газеті, кәсіподақ бұрышы, «Нұрайдың нұрлы әлемі» бұрышы, меңгеруші бұрышы, балабақша алдындағы билборт, әкімшілік туралы толық ақпарат заман талабына сай қызмет етуге көмектеседі. (8,9,10-слайд )

1.Баламен жұмыс-сапалы білім беру күнделікті сабақ берумен қатар, әртүрлі тақырыптық сабақтар, ашық сабақтар, жарыстар, әңгіме, сұрақ жауаптар арқылы жүзеге асырамыз.

Балалардың қауіпсіздігі, денсаулығын сақтаумен қатар, алға қойған мақсаттардың бірі: балалардың денсаулығын нығайту,сапалы білім мен саналы тәрбие беру өз Отанын, қоршаған ортаны сүюге тәрбиелеу. Осы себептен балабақшамыз экологиялық бағытта жан-жақты жұмыс жүргізеді. Қазіргі таңда балабақшамыздың экологиялық паспорты бар, экологиялық бұрыштар әр топта орналасқан, экологиялық бөлмені талапқа сай безендірудеміз, жан-жануарлар әлемін тек суретте емес, күнделікті өмірде де көріп біліп танысу үшін, жануарлар әлемі қызмет жасайды, қысқы бақ бұрышын ұйымдастыруды жалғастырып жатырмыз, жуырда экологиялық лаборатория ұйымдастырдық, онда балалар қарапайым сынақ жұмыстарын жүргізеді, ішкі-қысқы экожолдар, терезедегі бақша, балабақша бақшасы.

Тілек пен іс бір болғандықтан балабақша ұжымы бірыңғай форма киіп оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізеді. Ел келешегі балалардың әр жұмыс күні әнұраннан басталады. Бұндай жұмыс түрі әр баланы өз Отанын, елін сүйуге бірлік пен татулыққа, ұжым болуға үйретіп тәрбиелейді.

Балалардың жас ерекшелігіне қарап, қабілеттеріне байланысты балабақшада төмендегідей үйірмелер жұмыс жүргізеді.

  1. Қазақ тілі (балаларға, ұжымға арналған)

  2. Домбыра үйрену

  3. Би

  4. Каратэ

  5. Сурет

6.«Жас экологтар»

7.«Жас МАИ-лар»

8.«Жас өрт сөндірушілер» қызмет жасайды. (11,12-слайд )

2. Ата-аналармен жұмыс жүргізу:

Тәрбиенің ең тамаша мектебі - Отбасы.

Мақсаты: Ата-аналармен тәрбиешілер арасындағы педагогикалық ынтымақтастықты нығайту. Балабақшада ата-аналарға арналған «Шаңырақ» клубы ұйымдастырылды. Бұл жұмыстың жобасы Республикада Астана қаласында өткен «Ұлағатты ұстаз» конкурсында екінші орынға ие болдық.

3. Педагогтармен жұмыс, жас мамандармен жұмыс.

Іс-тәжірибе алмасу, дөңгелек үстел, әдістемелік сағат, меңгеруші сағаты, біліктілігін жетілдіру, курстарға бару, жаңа технологиялармен жұмыс жүргізуді үйрету. Ұжым жас, тәжірибесі аз болса да, қалалық, облыстық іс - шараларға қатысып, мамандар жан-жақты білім алып, өз білген -тергендерін бала тәрбиесінде, білім алуда үлес қосуда:

Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында және жаңа жыл мерекесінде мекемені эстетикалық талапқа сай әсем безендіргені үшін І орынға ие болдық.

Наурыз мейрамын тойлауға жасаған мекеме алаңын безендіруі үшін ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.

ІІ халықаралық әлеуметтік - педагогикалық инновациялар жәрмеңкесінде ІІІ-орынға ие болдық. «Балабақшадағы экологиялық білім беру жүйесі» кітапшасы көпшіліктің назарына ұсынылды.

ІІІ халықаралық әлеуметтік - педагогикалық инновациялар жәрмеңкесінде қола сертификатына ие болдық.

Республикалық «Ұлағатты ұстаз» конкурсында, «Роль презентации в методической работе» І-ші дәрежелі дипломға ие болдық.

Республикалық «Ұлағатты ұстаз» конкурсында, «Ата-аналармен жұмыс» ІІ-ші дәрежелі дипломға ие болдық.

Халықаралық «Инновациялық сабақ» конкурсына қатыстық. (13-слайд ) Қазақ халқында: «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт, бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан асқасын досыңдай сырлас» - деген тамаша сөз бар. Бұл - мағынасы терең философиялық өмір шындығы. Шынында да, тәрбие сәби дүниеге шыр етіп келген алғашқы сәттен басталуы керек.

Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. (14,15 -слайд )

Бұл міндеттерді «Нұрай» балабақша ұжымы да аянбай тер төгіп, орындайтынына сенемін.



© 2010-2022