Ондық бөлшектерді азайту

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді азайту. Сабақтың мақсаты:            1.Білімділік: Ондық бөлшектерді азайтуды үйрету.            2.Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу. 3.Дамытушылық: Оқушыны ұқыпты тыңдауға,сұрақтарға нақты жауап                      беруге, практикамен ұштастыруға, есептер шығару дағдыларын дамыту. Сабақтың түрі: саяхат сабағы             Әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,деңгейлік тапсырма. Көрнекілігі: карточкалар,билет,бағалау жетондары Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру. II.Үй тапсырмасын тексеру.«Машинист болсам» ойыны. III.Жаңа сабақ түсіндіру.«Білгенге маржан» IV.«Білім қуған»,«Оқып туған»,«Озық ойлы оқушылар» деңгейлік тапсырмалар. V.Бекіту.Венн диаграммасы. VI.Үйге тапсырма беру. VII.Бағалау. VIII.Қорытындылау. I.Ұйымдастыру.Оқушылармен амандасу,түгендеу.                    Білім деген биік шың,                    Бақытқа сені жеткізер.                    Білім деген ақылшың,                    Қиындықтан өткізер. Бүгінгі сабағымызда«Сыйлықтар еліне « саяхатқа шығамыз.Ол үшін поездға отырып,саяхат жасаймыз. II. Үй тапсырмасын тексеру. «Машинист болсам» ойыны арқылы үй тапсырмасын тексеремін.Поездың суреті тұрады. -Мына суреттен нені көріп тұрсыңдар? -Тепловоз бірнеше вагондарды алып бара жатыр. -Бұл суреттен машинисті көріп тұрсыңдар ма? -Жоқ -Енді осы тепловозды жүргізетін машинист керек. Оны білімді адам жүргізеді,білімді болмаса жүргізе алмайды.  Үй тапсырмасын карточкадан есеп бойынша тексеремін.Кім бірінші жазады сол оқушы машинист болады. Карточкадағы есептер: 1) 3,25+0,8=4,05     2) 14,6+5,3=19,9          3) 6,17+3,7=9,87 Математикалық поездбен «Сыйлықтар еліне» саяхатқа шығамыз.Оған жету үшін «Білгенге маржан»,«Білім қуған»,«Оқып туған»,«Озық ойлы оқушы» аялдамаларынан өтуіміз керек.Математикалық поездға отыру үшін билет алу ережесі:Кассадан үш қатардан бір оқушыдан келіп,өз қатары үшін поездға отырғызу билетін алады. 1-билет-жалпы вагон. 1.Ондық бөлшектің,мысалы:7,456 ондық бөлшегінің,бөлшек  бөлігінің разрядтарын атаңдар. 2.Ондық бөлшекті қосыңдар: 1) 0,5+1,4     2) 5,35+0,6   3) 12+2,5 2-билет-купе вагон. 1.Ондық бөлшектер қалай қосылады? 2.Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жаз: 4,7;   8,09. 3-билет-жұмсақ вагон. 1.Ондық бөлшектерді қосуда қосудың қандай қасиеттері орындалады? 2.Ондық бөлшектерді салыстырыңдар: 1) 6,2  мен 7,4     2) 0,638 мен  0,643  3) 1,45 мен  1,46 Билеттерін алады.Поездға отырғызу аяқталды.Жолдарыңыз болсын!Сыйлықтар еліне жету үшін арадағы аялдамалардан өту керек. III.«Білгенге маржан» аялдамасының бізге берері көп екен.Бүгінгі біздің сабағымыз «Ондық бөлшектерді азайту» Ондық бөлшектерді азайту натурал сандарды азайту сияқты орындалады. 1.Егер азайғыштың бөлшек бөлігі азайтқыштың бөлшек бөлігінен үлкен болса. Мысалы: 6,75-2,49=4,26 Ондық бөлшектерді азайту үшін: 1) ондағы аттас разрядтарды бірінің астында бірі тұратындай етіп,баған түрінде жазу крек; 2) разрядтар бойынша азайту керек; 3) айырмадағы үтірді азайғыш пен азайтқыштағы үтірлердің астына тура келтіріп қою керек. 2. Егер азайғыштың бөлшек бөлігі азайтқыштың бөлшек бөлігінен кем болса. Мысалы:17,23-8,45=8,78 3.Егер азайғыш пен азайтқыштағы ондық таңбалар саны әр түрлі болса,онда оларды нөлдер тіркеп жазу арқылы теңестіреміз. Мысалы: 32,85-3,673=29,177 4.Егер азайғыш натурал сан болса,онда натурал саннан кейін үтір қойып,қажетті нөлдер санын тіркеп жазамыз. Мысалы: 49,00-44,72=4,28 «Білгенге маржан» аялдамасынан өттік.Енді келесі аялдама «Білім қуған» аялдамасы.Дейгейлік тапсырмалар. I деңгей. №987 1) 4,75-3=1,75    3) 0,9-0,4=0,5   5) 3-1,75=1,25  7) 12,65-8=4,65 Бұл аялдамадан да өттік.Ендігі аялдама «Оқып туған» аялдамасы. II деңгей. №989 1) 6,25-4,3=1,95  3) 7,63-2,51=5,12  5) 41-32,5=8,5  7) 18,3-5=13,3   9) 67,45-49,88=17,57  11) 95-81,08=13,92 Бұл аялдаманың тапсырмаларын орындадық.Енді келесі аялдама «Озық ойлы оқушылар» аялдамасының тапсырмасын орындап көрейік. III деңгей. №990 1) 18,3-7,65=10,65   3) 108,7-9,817=98,883  5) 0,8-0,625=0,175  7) 73,5-61,395=12,105 9)109-85,76=23,24 Сонымен оқушылар бұл аялдаманың тапсырмаларын жақсы орындап шықтық.Енді біз «Сыйлықтар еліне» келдік.Енді қонақ үйге орналасу керек.Ол үшін орын болама,жоқ па білу үшін мына тапсырманы орындауымыз керек. V.Бекіту.Венн диаграммасы.                                                                                    1.екеуі де бөлшек;                                                                                 2.бүтін бөлшектері бар;                                                                                 3.оқылуы бірдей      т.б         Жаңа сабақ бойынша сұрақтар қойылады: 1.Ондық бөлшектерді қалай азайтады? 2.Натурал саннан ондық бөлшекті қалай азайтады. 3.Азайғыштың бөлшек бөлігі азайтқыштың бөлшек бөлігінен кіші болса,қалай азайтады? VI.Үйге тапсырма беру. №989-жұптары.№990-жұптары. VII Бағалау.Гүл жинағанға байланысты бағалау.
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
 #Emachine###############################################E#m#a#c#h#i#n#e###n#########################��##�###��##�## ��##�##<��##�##X��##�##`��##�##|��##�##���##�
© 2010-2022