Презентация на тему: Рационал сандар

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Презентация на тему: Рационал сандарПрезентация на тему: Рационал сандарПрезентация на тему: Рационал сандарСыныбы: 6 «Б»

Өткізілетін күні:

Пәні: Математика

Тақырыбы: Рационал сандар

Мақсаты: Қарама-қарсы сандарды ажырата білу арқылы оқушылардың сыни көзқарасын дамытуға жағдай жасау.

Міндеттері: - бүтін және рационал сандар жиынын қандай сандар құрайтынын білу, түсіну;

- бүтін және рационал сандар жиынын салыстыруда Эйлер-Вен диаграммасын қолдану;

- өтілген материалдар мен жаңа тақырыпты байланыстыра отырып қорытынды жасау.

Күтілетін нәтиже: - бүтін және рационал сандар жиынын қандай сандар құрайтынын біледі, түсінеді;

-Эйлер-Вен диаграммасын қолданып бүтін және рационал сандарды салыстырады;

-өзбетімен еңбектене отырып қорытынды жасайды, өзіне сенімділік қалыптастырады.

Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғадан ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Қолданылған стратегиялар: «Бейнелер сыры », «Өрмекші торы», «Ментальді карта», «Жұптас, топтас, талқыла», «Вен диаграммасы», «Қара жорға» сергіту, «Мен саған, сен маған», бағалау «Блоб» ағашы, «1 жұлдыз, 1 тілек».

Уақыты

Кезеңдер

Мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Кіріспе

2 мин



2 мин

Ұйымдастыру кезеңі

« Бейнелер сыры»

Мақсаты: сыныпта ынтымақтастық орта құру.


«Түрлі-түсті стикер»

Мақсаты: топқа бөлу.

Оқушылар бірлесіп жұмыс жасау үшін топқа бөлінеді

Оқушыларды шеңбер құру арқылы тұрғызу. Оқушылармен амандасып, көңіл-күйлерін сұрау.

Бір-бірлеріне бүгінгі сабаққа жақсы тілектер айтқызу.

Басшылық жасап, оқушылардың топтарға бөлініп орналасуын қадағалайды.

Шеңбер құрып тұрады .Бір бірімен әртүрлі интонацияда, қол беру арқылы амандасады, қолдарын жібремей бүгінгі сабаққа тілектерін білдіреді

Оқушылар әр түрлі стикерлерді алып, бірдей түсті стикер алған оқушылар бір топ болып, 5 топқа бөлінеді.

Мадақтау

Керемет!


Жақсы!



Түрлі-түсті стикер

«Топ ұстанымы», топ атаулары жазылған парақшалар, маркерлер

Тұсаукесер

1 мин

5 мин





5 мин



Топ ұстанымы .

«Өрмекші торы»

Мақсаты: диалогтік қарым-қатынас құру.




«Ментальді карта»

Мақсаты: түрткі сұрақтар арқылы тақырыптың мазмұнын ашу.

Топ ұстанымын еске түсіру.

Бір біріне сұрақтар қою арқылы,үй жұмысын қаншалықты меңгергенді- гін бақылау.

Түрткі сұрақтар

1.Қандай сандар оң немесе теріс сандар деп аталады? Мысал келтір.

2.Координаталық түзу дегеніміз не? Сынақтан өткізу сұрақтары.

3.Санақ басы болатын О нүктесінің координатасы неге тең?

4.О нүктесінің оң жағындағы нүктелердің координаталары қандай сандар?

Оқушыларға түрткі және сынақтан өткізу сұрақтарын қояды. Жауаптарын тыңдайды.

Оң сан мен теріс сан, биік пен төмен, пайда мен шығын, суық пен ыстық бір-біріне қандай мағыналы сөздер? Неліктен олай ойлайсыңдар? Қалай дәлелдейсіңдер?

Бір оқушы топ ұстанымын айтып шығады.

Жұптасқан оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды.

«+» не «-» таңбасымен жазылған сандар оң не теріс сандар деп аталады.

7, -8, 10, -28, 0,25;

2.Санақ басы, бағыты, бірлік кесіндісі болады.

3. Санақ басы О нүктесінің координатасы о-ге тең.

4. О нүктесінің оң жағындағы нүктелердің координаталары оң сандар.

Оқушылар сұрақтарға жауап беру үшін ізденеді. Кординаталық түзу сызады, түзу бойына оң және теріс сандарды белгілейді, мысалы 5 пен -5 жауаптарын дәлелдейді. Екеуі де санақ басынан бірдей қашықта орналасады, бірақ қарама-қарсы бағытта орналасады.

Формативті бағалау:

- Жапондық бағалау:

О-О-О тамаша, керемет;

М-М-М ойлану керек





Формативті бағалау:

«Бағдаршам»

интербелсенді тақта, слайд

Негізгі бөлім

15 мин




1 мин

«Жұптас, топтас, талқыла»

Мақсаты: сыни тұрғыдан ойлай отырып, есептер шығару, талдау.



«Венн диаграммасы»

Мақсаты: натурал сандар, бүтін сандар және рационал сандар жиынын қасиеттері бойынша айырмашылығына және ұқсастығына салыстыру

«Қара жорға»

Мақсаты: сергіту

Сабақтың мақсатын құру

Оқулықтағы есептерді шешу

Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасауын қадағалайды.

Есептер беру. А.№ 335-337

В деңгей.№ 347,348,350

Талантты және дарынды балаларды анықтау.

С тобы № 351,352

Топтарға берілген есептерді тақтада орындатады.

Оқушыларға қағаздар таратып, тапсырманың орындалысын бақылайды.

Сергіту сәтін ұйымдастырады.

Оқушылар сабаққа өз мақсаттарын қояды.

Оқушылар есептерді топтан кезекпен шығу арқылы шешеді.

Оқушылар тақтада орындайды. Қарсыластары тексеріп отырады.

Венн диаграммасын толырады, ой бөліседі, қорғайды.

Жаттығу жасайды.

Бағалау парақшалары.

Мақсаты: критерийлер бойынша өз-өзін бағалау

Бағалау өлшемдері:

1.Ережені білу

2.Есепті шығару,дәлел дей білу

3.Нәтижесінің нақты шығуы

Смайликтер


Жарайсыңдар!

Оқулық

Деңгейлік тапсырмалар

Қорытынды

6 мин

3 мин


3 мин

2 мин

«Мен саған, сен маған»

Мақсаты: сыни тұрғыда ойлау қабілетін анықтау

«Критериалды бағалау» Мақсаты:топтық іс-әрекетте оқушыларды бағалау

«Блоб» ағашы

Мақсаты: өзін-өзі бағалау

Үй тапсырмасы

№ 354

Оқушылардың жұптасып бір-біріне сұрақ қоюын қадағалау.

Топ басшысына «Критериалды бағалау» парақшасы арқылы өз тобының оқушыларын бағалауды ұсыну.

Оқушыларға «Блоб» ағашының суретін тарату.

Үй тапсырмасын тақтаға жазу, бағыт бағдар беру.

Оқушылар жұптасып жұмыс жасайды.

Топ басшысы әділ түрде өз топ мүшелерінің жұмысына баға береді.

«Блоб» ағашын бояу арқылы өз деңгейін көрсетеді.

Үй тапсырмасын күнделікке белгілеп жазады.

Формативті бағалау:

Жұлдызшалар

Презентация на тему: Рационал сандар

Өзін-өзі бағалау

"Блоб" ағашы

Смайликтер

Түрлі түсті қағаздар


Стикерлер

кері байланыс

«Бір жұлдыз, бір тілек»



© 2010-2022