Математикадан сайыс сабақ 5 сынып

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 5 «г» сынып

Тақырыбы: «Тапқыр достар!»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Мұндағы өлең - есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке, достыққы, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған жерінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру
Көрнекілігі: Сөзжұмбақ,, викторина, жұ мбақтар,, өлең есеп,.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 5 «г» сынып оқушылары арасында өтетін «Тапқыр достар» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!.
Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау.
Сайыс жоспары:

  1. Таныстыру

  2. Викториналық сұрақ

  3. Сөзжұмбақ

  4. Жаңылмаймын

  5. Гүлдер тапсырмасы (есептер шығару)

  6. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтел)

  7. Тапқырлар сайысы (логикалық сұрақтар)

  8. Көңілді санау

  9. Топ басшылардың сайысы

  10. Қорытынды

Қолданылған нақыл сөздер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К.Гаусс)
2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.
(М.В.Ломоносов)
3. Математика - барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон)


Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ, есеп бәрі бар
Ал, сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық.- деп

Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін үш топпен таныстырып өтейін.
«Алғырлар» тобы
1) Топ басшысы

«Білгірлер» тобы»
1) Топ басшысы -

«Ойшылдар » тобы

1) Топ басшысы -


Енді сөз кезегін топтарға берейін, өз топтарын өлең жолдары арқылы таныстырып өтсін.
І. Таныстыру.
«Алғырлар» тобы

Озып шығып бәйге аламыз
Аты аңызға айналған
«Алғыр» бала атанып
Бізде ғалым боламыз.


«Білгірлер» тобы

Мақтанбаймыз «білгірміз» деп
Таудай бірақ талабымыз
«Білгір» бала атанып,
Келешекте өскенде
Үлкен ғалым боламыз.

«Алғырлар» тобы

Ойшылмыз, біз ойшылмыз

Ойы ұшқыр, сөзі жүйрік, от демі

Ұлы, ұлы ойшылдардан дүнием

Көз қуантар көк майсадай көктегі.

ІІ. Викториналық сұрақтар

«Алғырлар» ға сұрақтар

  1. Шеңбер деген не?

  2. Натурал сандар деген не?

  3. радиус дегеніміз не?

  4. Диаметр радиустан неше есе үлкен?

  5. Бұрыш дегеніміз не?

  6. Дөңгелек деген не?

  7. Толық бұрыш неше градус?

  8. Дөңгелек сектор деген не?

  9. Санды өрнек деген не?

  10. Теңдеу деген не?

  11. Бұрышты өлшейтін құрал?

  12. Тік бұрыш неше градус?

  13. 1 ғасыр неше жыл?

  14. Құрама сандар дегеніміз не?

  15. 11 қандай сан

«Білгірлер» ге

  1. Ең кіші натурал сандар ?

  2. Хорда деген не?

  3. Диаметр дегеніміз не?

  4. Диаметр радиустан неше есе үлкен?

  5. Доғал бұрыш дегеніміз не?

  6. Дөңгелек деген не?

  7. Толық бұрыш неше градус?

  8. Дөңгелек сектор деген не?

  9. Әріпті өрнек деген не?

  10. Әріпті өрнек деген не?

  11. Жазыңқы бұрыш неше градус?

  12. Бұрыш деген не?

  13. Дөңгелек сектор деген не?

  14. Жай сандар дегеніміз не?

  15. 33 қандай сан?

«Ойшылдар»ға



  1. Шеңбердің доғасы деген не?

  2. радиус дегеніміз не?

  3. Диаметр радиустан неше есе үлкен?

  4. Сүйір бұрыш дегеніміз не?

  5. Дөңгелек деген не?

  6. Толық бұрыш неше градус?

  7. Диаметр деген не?

  8. Санды өрнек деген не?

  9. Теңдеу деген не?

  10. Тік бұрыш неше градус?

  11. Натурал сандар деген не?

  12. Дөңгелек сектор деген не?

  13. Жай сандар дегеніміз не?

  14. Құрама сандар дегеніміз не?

  15. 29 қандай сан?

ІІІ. Жұмбақтар
Ей, балалар, балалар,
Қане бері қараңдар
Сайысымызда қиналмай
сөзжұмбақты шешіп алайық.

Үш топқа сөз жұмбақ беріледі 2 мин ішінде Математикадан сайыс сабақ 5 сынып

Қай топ неше сөз табады?


ІV . «Жаңылмаймын»

Әр топтан 2 оқушыдан.
30-ға дейін санау керек, 3-ке еселік және 3-пен аяқталатын сан орнына «жаңылмаймын» деп айту керек. Қателескен оқушылар шығып қалады.

V. Гулдер тапсырмасы (Есептер шығару)

Әр топтан оқушы шығып өздеріне ұнаған гүлді алып онда берілген тапсырманы шығарады.

VІ. Ойымды жалғастыр (Мақал-мәтелді жалғастыру). Үш топқа жалпы тасталады. Қай топ бірінші жауап берсе сол топқа ұпай беріледі.

  1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім біл)

  2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

  3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

  4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)

  5. Бір елі ауызға - (екі елі қақпақ)

  6. Отызтістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)

  7. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

  8. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

VІІ. Тапқырлар сайысы (Логикалық сұрақтар

«Алғырлар» тобына

1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)


«Білгірлер» тобына.


1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).
2. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.
Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )
3. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)


«Ойшылдар» тобына.
1. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы
бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? ( 2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы- 6адам)
2. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)
3. 4 ұл да неше саусақ бар? ( 80 )

VІІІ. Көңілді санау.

таблицадағы сандарды тез санауға әр топтан 1 оқушыдан шығады. Оқушының таблицадағы сандарды ретімен көрсетіп, оларды тауып, атап шығуын 1 мин уақыт беріледі. Оқушының қанша сан тауып оқуына қарай ұпай саны беріледі.Математикадан сайыс сабақ 5 сынып

ІХ. Топ басшылардың сайысы .

Карточкадан есептер беріледі. Қай топ басшысы бірінші және дұрыс шығарады. Сол Топқа жоғары ұпай қойылады.

Х. Қорытынды.

Әр топтың жинаған ұпайлары саналып, топ орындары анықталып, марапатталады.



© 2010-2022