«Оқушыларды өзіндік жұмысы арқылы дамыту»

Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын; олардың шығармашылық жұмыс істеуін,ойлауға қабілеті болуын талап етеді. Оқушылардың оқу-таным,шығармашылық әрекетін арттырудың тиімді әдістерінің бірі-оқушылардың өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті.Совет педагогикалық энциклопедиясында өзіндік жұмысты былай анықтайды: «Оқушылардың өзіндік жұмысы олардың сыныпта не сыныптан тыс,мұғалімнің тікелей көмегінсіз орындалатын жеке жә...
Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқушыларды өзіндік жұмысы арқылы дамыту


Аманкелді Самал Сағатқызы

№82 ЖББОМ

математика пәні мұғалімі


Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын; олардың шығармашылық жұмыс істеуін,ойлауға қабілеті болуын талап етеді. Оқушылардың оқу-таным,шығармашылық әрекетін арттырудың тиімді әдістерінің бірі-оқушылардың өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті.Совет педагогикалық энциклопедиясында өзіндік жұмысты былай анықтайды: «Оқушылардың өзіндік жұмысы олардың сыныпта не сыныптан тыс,мұғалімнің тікелей көмегінсіз орындалатын жеке және коллективтік оқу әрекетінің жиындық түрлері.Бұл тапсырмаларды орындау оқушылардан белсенді ой қызметін,әртүрлі танымдық мәселелерді өздігінен шешуді,бұрынғы меңгерілген білімді қолдануды талап етеді.Өзіндік жұмыстардың танымдық белсенділігі және ізденімпаздығы арта түседі».Адамның қандай да болсын әрекеті белгілі қажеттіліктен туады.Осы қажеттілікті өтеу немесе қанағаттандыру үшін ғана адам белсенді әрекет жасайды.Оқушылардың таным әрекеті білім алу қажеттілігімен ұштасып жасады.Оқу үрдісінде оқушының белсенділігі,негізінен екі түрлісыртқы және ішкі белсенділік сипатта болады.Сыртқы белсенділік дегеніміз-оқушы әрекетінің сыртқы көріністері:

1)Қимыл-қозғалыстары

2)Практикалық әрекеттері

3)Мұғалімге зейін қойып қарауы

4)Мимикасы,бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруды да мүмкін.

Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады.Оқушының белсенділігі бір қалыпта болмайды;оның қарапайым және күрделі (шығармашылық белсенділік) түрлері болады.

Оқу үрдісі екі жақты үрдіс болғандықтан,оқушылардың өзіндік жұмыстары міндетті түрде мұғалімнің басшылығымен сонымен қатар,оқушылардың дербестігін, қызығушылығын керек етеді.

Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар (Р.Г.Ленберг,М.Н.Скатин,В.А.Занков) оқушылардың өзіндік жұмысының негізгі ерекшілігі олардың ықыласы және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды.Мұғалім мен оқушының арасындағы қызметіне қарай жұмыстарының байланысы:

1.Мұғалімнің жұмысы:

-тапсырманы анықтап беру;

-оқушыларды бақылап отыру;

-оқушылар әрекетіне,оның жеке амал-тәсілдеріне түзулер жасау

-олардың жұмыстарын тексеру,нәтижесін талдау,бағалау.

2.Оқушылардың өзін-өзі басқару:

-берілген тасырмаларды -міндеттерін аңғару,жоғары белсенділікті дамыту;

-әр жұмыстың орындаудың жоспарын жасау;

-өзін-өзі басқару;

-өз жұмысының қателерін табу,оны түзету.

Нәтижесінде оқушы әр жұмысының өнімділігін, өз бетінше жұмыс істеу мүмкіндігін байқайды. Біріншіден өзіндік жұмыстың негізгі ерекшелігі- оқушыға берілген тапсырма мұғалімнің көмегінсіз орындалуы.Екіншіден мектеп оқушылардың өздігінен білім алуына қолайлы жағдайлар туғызыу.Үшіншіден оқушының өздігінен жүйелі білім алу жұмысына ынта аудару. «Өзіндік білім-нағыз білім»-деп орыс сыншысы Д.Писарев айтқандай оқушылардың алған білімдерін іс-жүзінде қолданып және өмір бойы жанында сақталып нағыз білімге айналдыруы үшін өзіндік жұмыстарды сауатты ұйымдастырып, жүйелі түрде беріп отыру қажет.Сонда ғана тәрбие үдерісі нәтижелі болмақ.

Мысалы: 5 сыныптарында мынадай жұмыстар жүргізіледі.

Жалпы білім беретін 5 - сыныбына арналған Т.А.Алдамұратова мен Е.С. Байшолановтың Алматы "Атамұра" баспасынан 2010 жылы шыққан математика оқулығының бірінші бетінде шартты белгілер берілген. Көбіне мұғалім мен оқушының арасында осы белгілерді күнделікті пайдалануда шеберлігі жетпей жатады. Жаңа тақырыпты бастамас бұрын оқушыларға дайындалған жұмыс дәптеріндегі сұрақтармен таныстырылып, ұстаз сабақты бекіту бөліміне дейін оларға қабілетіне сәйкес толық түсіндіре алады. Математиканың қосымша жұмыс дәптеріне оқулықтан жауабын іздеп тауып, жауап жазады. Қажетті анықтаманы жаттап, есте сақтау қабілетін арттырады. Оқулықтан жаңа тақырыпты меңгеруге мүмкіндік жасайды. Әрбір оқушының тақырыпты тапсырманы орындауы арқылы математика пәні бойынша мемлекеттік стандарттың көлемін меңгеріп қызығушылық қабілетін көтереді. Жұмыс дәптері уақытылы тексеріліп, бағаланып, сынып журналына қойылып отырылуы тиіс. Нәтижесінде оқушының тақырыпты меңгеруі, үй тапсырмасын тыңғылықты орындауға деген ықыласын арттырады, ондай-ақоқушылар арасындаөзара жарысу пайда болады.Оқушы оқулықтың өзін оқып немесе ұстаздың түсіндірмесін тыңдап қана терең білім ала алмайды. Сондықтан өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланып үйренулері керек. Ол үшін жұмыс дәптерімен жұмыс жасауы шығармашылық деңгейін көтере алатын жүйе. Жұмыс дәптерін жаңа материалды меңгергенде, үй тапсырмасын әзірлегенде, білімдерін тексерген кезде және тақырыпты бекіту үшінде қолдануға болады. Жұмыс дәптері-"Жаңа тақырып" жоспары, сондықтан тапсырмаларды орындай отырып, оқушы өз білімінің деңгейін шынайы бағалай алады. Бұл дәптер оқушының теориялық білімін көтеруге арналған.

Аты-жөні: І-тарау §2

ТАПСЫРМАЛАР

ЖАУАПТАРЫ

Қосудың ауыстырымдылық қасиетінің анықтамасы, формуласы қалай жазылады?

Қосудың терімділік қасиетінің анықтамасы, формуласы қалай жазылады?

Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетінің анықтамасы,формуласы қалай жазылады?

Өрнекті ықшамдап мәнін табыңдар:

(х+40) + (у + 28) мұндағы x = 5; y = 8.

§3.

ТАПСЫРМАЛАР

ЖАУАПТАРЫ

Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік заңы және формуласын жаз.

Көбейтудің азайтуға қатысты үлестірімділік заңы және формуласын жаз.

Ықшамдау дегеніміз не?

Өрнекті ықшамдап мәнін табыңдар:

14а + 9а + 23 мұндағы а = 7;

9(3 - в) + 32 мұндағы в = 2.

§4.

ТАПСЫРМАЛАР

ЖАУАПТАРЫ

Теңдеу дегеніміз не?

Теңдеудің түбірі деп нені айтады?

Теңдеуді шешіңдер:

(23 - х)  5 = 65

(23 - х)  5 = 65

65  (23 - х) = 5

25а - 625 = 625

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Журнал «Математика Қазақстан мектебінде»

2.Математика 5 сынып - Т.А.Алдамұратова, Е.С.Байшолановтың -Алматы "Атамұра" 2010 жыл.

3.Интернет-ресурстар.




© 2010-2022