Математикалық кеш

Математикалық   кештің  мақсаты: - математикалық білімді насихаттау және пәнге қызығушылықты арттыру; - оқушылардың ойлау қабілеттілігін дамыту, әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін көтеру; - Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу - Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын , жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. - Математикалық сұраққа мәдени түрде жауап беру, қарым- қатынасты дамыту,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Өз беттерімен іздене білуге,шығармашылықпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Талдықорған қаласы

№17 орта мектеп

Математика пәні мұғалімі

Ахметбаева Майкул Жанахметовна

Учитель математики

Средней школы №17 города Талдыкорган



Математикалық кеш
Математикалық кештің мақсаты:

- математикалық білімді насихаттау және пәнге қызығушылықты арттыру;

- оқушылардың ойлау қабілеттілігін дамыту, әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін көтеру;

- Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу

- Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын , жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру.

- Математикалық сұраққа мәдени түрде жауап беру, қарым- қатынасты дамыту

1-жүргізуші:

Мінеки,залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз,

Кешіккендерді тоспаймыз.

Ғылымдардың ғылымы,

Математика жайындағы,

Кешімізді бастаймыз!

2- жүргізуші:

Бүгінгі ойын төрінде,

Математика елінде,

Математика тілінде

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Шабыттасып шалқысып,

Есеппен ән салысып

Көңілді ойын жасайық.

1- жүргізуші:

Математика ғылымы - ермек емес балалық.

2- жүргізуші:

Математика ғылымы-көрегендік даналық.

1- жүргізуші:

Қайырлы күн ,қымбатты достар !
Сіздерді бүгін осы залда көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз.

2- жүргізуші:

Біздің бүгінгі мақсатымыз математика пәнінің өте жауапты екендігін біле отыра,сандардың ғажайып әлеміне ойша саяхат жасап,оның байлығын көре білу және мүмкіндігінше оқушыларды қызықтыра білу.
1- жүргізуші:

Бүгінгі кеш бағдарламасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші.Апталықтың ашылуынан көрініс.
2-жүргізуші. Көрініс «Тең қабырғалы үшбұрыштың сырласуы».

1-жүргізуші. Жарнамадағы есеп: «100 теңгеге 1 қой»

Лақ , қой , жылқы қанша тұрады?

Ойланайық азырақ, уақытымызды үнемдеп,

Кім шығады кәнеки, жауабын мен білем деп.

2-жүргізуші. Апталықта өткен сабақтарға шолу жасайық.

1-жүргізуші. Халықтық логикалық есептер.
Біздің ата -бабаларымыз өте ақылды болған.Оны мына есептерден көруге болады.

1-есеп.Ерте заманда бір кемпір жалғыз өзі өмір сүріпті.Кемпір жалғыз өзі өмір сүрсе де өте пысық болыпты да, оның азын -аулақ малы бар екен .Мұны білген ұрылар кемпірдің жалғыздығын пайдаланып оның малын ұрламақшы болыпты,мұны сезген кемпір ақылдылығының арқасында олардан оңай құтылыпты.Енді осының шешімін табайық .Ұры келген кезде кемпір былай депті:
«Сапырып - сапырып Сарманға бер,
Құйып - құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іш те,маған бер.»- деген екен.Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз бекер болар.Бұл үй толы кісі,әрі бізден екі есе артық екен,кетейік,» - деп кетіп қалыпты.
Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты.Сонда үйде неше адам,неше ұры?

Бұл есепті шығарушы ортаға шығып өз ойын алдымен қағаз бетіне түсіріп алуы керек.
Жауабы:10 адам,5 ұры

Енді өздеріңізге арналған музыкалық ән -шашуымызды қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші. 2-есепті тыңдаңыздар.

Ертеде бір бай өзі өмірден өткен соң артында қалған 17 түйесін 3 баласына төмендегідей бөліп алыңдар деп өсиет жазып кетеді. Түйелерінің екіден бір бөлігін үлкен ұлына , үштен бір бөлігін ортаншы ұлына ал енді тоғыздан бір бөлігін кіші ұлына қалдырады. Әкесі дүниеден өткен соң балалары әкесінің өсиетін орындамақшы болып түйелерді бөледі.Бірақ дұрыс бөле алмайды.Сол кезде олардың жанынан түйесіне мінген жолаушы өтіп бара жатады, басқа амалы қалмаған олар жолаушыға әке өсиетін айтады. Жолаушы көп ойланбастан оларға түйені әкесі айтқандай етіп бөліп береді.Сен қалай ойлайсың оларға түйені дұрыс бөліп бере алды ма?

Бұл есепті шығарушы ортаға шығып өз ойын алдымен қағаз бетіне түсіріп алуы керек

Жауабы:үлкен ұлына 9 түйе,ортаншы ұлына 6 түйе,кіші ұлына 2 түйе.

1-жүргізуші.Келесі сіздерге ұсынылып отырған өлең цифрлармен берілген , осы өлеңді мәнерлеп оқимын деген адам болса ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші. Апталықта өткен сабақтарға шолу жасайық.

1-жүргізуші.Ал ендігі кезекті « Үзілісте күлейік » айдарына берейік.

1.Мұғалім мен оқушы.

2.Дүкенші мен тұтынушы.

3.Жарнама.

4. Мұғалім мен оқушы.

2-жүргізуші.Ребус шеше білеміз бе?

Көрермен жиналған бұл тамашаға

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді жас талантқа

1-жүргізуші. Апталықта өткен сабақтарға шолу жасайық.

2-жүргізуші.Тағы да логикалық есептерге кезек берейік.

Апталықта ат салысқан белсенді оқушыларды марапаттауға рұқсат етіңіздер.

Екі жүргізуші бірігіп назар қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

Талдықорған қаласы

№17 орта мектеп

Математика пәні мұғалімі Ахметбаева Майкул Жанахметқызы

.


© 2010-2022