Математикадан тізбектелген сабақтар топтамасынан әріптестеріммен ой бөлісу

Раздел Математика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Абдукаримова Куляш Сайдивакасовна Математикадан тізбектелген сабақтар топтамасынан әріптестеріммен ой бөлісу

28.12.1968ж

Математика және информатика пәні мұғалімі

Алматы облысы Талғар ауданы Белбұлақ ауылы «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №10 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Математикадан тізбектелген сабақтар топтамасынан әріптестеріммен ой бөлісу


Математикадан тізбектелген сабақтар топтамасынан әріптестеріммен ой бөлісуМатематикадан тізбектелген сабақтар топтамасынан әріптестеріммен ой бөлісу

Мектептегі тәжірибемді 7 «А» сыныппен жүргіздім. Сабақты жүргізбес бұрын дәстүрлі сабақты бойымызға сіңіргеніміз соншалықты сабақты жоспарлауда біраз қиналдым. Қалай өткізуім, неден бастауым керектігін ойладым. Тәжірибе кезінде жүргізген жоспарланған бірінші сабағымды ынтымақтастық атмосферасын құру арқылы балалардың бір-бірлеріне сыпайылықпен қарауды, бірін-бірі сыйлауға үйреттім. Топқа бөлу арқылы осыған дейінгі дәстүрлі сабақтарымда тек жарыс сабақтарда ғана қолданып жүрген жаңа әдісті болашақтағы әр сабақтарымда қолдану керектігімді түсіндім. Алдын ала топ ережесі қандай болу керектігін балалар өзара талдап, ортақ пікірге келіп ойларын постерге түсіріп, қабылданған ережені сабақтар бойы сақтау керектігін білді.

Математикадан тізбектелген сабақтар топтамасынан әріптестеріммен ой бөлісу


Математикадан тізбектелген сабақтар топтамасынан әріптестеріммен ой бөлісуМатематикадан тізбектелген сабақтар топтамасынан әріптестеріммен ой бөлісуМатематикадан тізбектелген сабақтар топтамасынан әріптестеріммен ой бөлісу

Математикадан тізбектелген сабақтар топтамасынан әріптестеріммен ой бөлісуМатематикадан тізбектелген сабақтар топтамасынан әріптестеріммен ой бөлісуМатематикадан тізбектелген сабақтар топтамасынан әріптестеріммен ой бөлісу


Мерсердің (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқарады деген тұжырымын оқушылар топ арасында үш шағын топқа бөлініп жұмыс істеу арқылы жүзеге асырды.

Тізбектегі екінші сабақты сыныптағы ынтымақтастықты орнату мақсатында оқушылардың сәттілік тілеулерімен басталды.

«Зейін сынау» ойыны арқылы топтар қоржыннан номірлер алып, бір топ екінші топқа диалог әдісі арқылы сұрақ қояды. Үйге берілген есептерді №644, 650, 651 топтар болып ауыстыру арқылы тексереді. Есептің күтілетін жауабын интербелсенді тақтадан көрсетіп қойдым.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықты ояту мақсатында оқушыларға топтық жұмыс берілді. Топтық, жұптық жұмыстың нәтижесі балалардың өз беттерінше бірімен-бірі диалог арқылы ақылдасып, пікірлесіп ортақ шешімге келулеріне ықпалдастыру олардың еркін сөйлеуге жетейлейтінін, өз ойын ашық айтуға, өзіне-өзінің сенімділігі оянатынын көрдім.

Топтық диалог құруға көмек беру үшін бір-екі оқушыдан ережені қайталаттым. Диалог құру кезінде үнсіз отыратын оқушылардың өзі жақсы атсалысты. Диалог барысында оқушылар(мұғалімдер де) нәтижеге жету үшін күш-жігер жұмсайтын және Мерсер(2000ж.) бірлесіп білім алу кезінде немесе /пікір алмасу/кезінде құқығы тең серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы жүзеге асады. Сыныптағы диалогтың маңызын көптеген ғалымдар зерттеп, оны атап көрсеткен. Мерсер, Литлтон, Выготскийлер даму кезінде диалогтың ерекше рөл атқаратынын, сол себептен оның тиімді тәсіл екенін дәлелдеп шықты.

Оқушылардың постермен жұмыс жасау сәті

Математикадан тізбектелген сабақтар топтамасынан әріптестеріммен ой бөлісу

Сабақтың ой қозғау бөлімінде оқушыларға берілген топтық жұмысты олар бірлесе, ұйымшылдықпен орындады. Әр топқа фломастер, постер таратып бердім. Тапсырма: у=х² функциясының графигі бойынша

х=1,5 және х=2,1 болғандағы,

1-топ: функциясының жуық мәнін анықтау,

2-топ: формула бойынша у= х²дәл мәнін табу,

Математикадан тізбектелген сабақтар топтамасынан әріптестеріммен ой бөлісу

3-топ: әрбір жуықтаудың абсолюттік қателігін табу керек.

Топта постермен жұмыста балалардың бір-бірлеріне ойларын ашық білдіріп, «былай ма, әлде былай істесек қалай болады» - деп ақылдасып, пікірталасып отырғаны, білмегенін досынан сұрау арқылы нәтижеге жетіп жатқаны байқалды. Назерке, Санжар, Құндыз, Меруерт, Мадиналардың топқа өз ойларының озық екендігін көрсетіп, топтарын жетелеп өздерінің көшбасшылық қасиеттерін көрсетті.

Оқушылардың презентация қорғау сәті

Осы тапсырма бойынша оқушылар Джон Дью мен Дональд Шонның рефлективті білім берудің мәнмәтінінде мәселелерді мойындап, бұл мәселелерді шешудің тиімді құралдарын іздеу дағдыларын жүзеге асыра отырып, презентацияны қорғады.

Мұндай топтық жұмыстар оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас орнатуға, пікір алмасуға, ойларын ортаға салуға жетелейді. Берілген топтық жұмыстары арқылы оқушылар үрей, қорқыныштан ажырап, өз ойын еркін жеткізуге, сөйлеу мәдениетіне мән беруге ұмтылады. Бұл жерде көпіршенің рөлі маңызды болды, яғни оқушыға орындай алмайтын тапсырманы орындауына мүмкіндік берілді. Үнсіз қалатын оқушылар осы топтық тапсырмада белсене араласа алды. Бірінші топта отыған Алмат деген ұл өз сөзін толық жеткізе алмаса да, ойын постерге анық, дәлелді, жинақы, ашық түсіре білді. Ол солай өз тобына көмектессе, үшінші топтағы Олжас тобының постерге түсірген жұмысын жақсы қорғап шықты. Бұл әдіс оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға көмектеседі. Осы әдісті жиі қолдану арқылы оқушының математикаға, өз бетінше есеп шығаруға деген қабілеттерін ашуға болады деп есептеймін.

Математикадан тізбектелген сабақтар топтамасынан әріптестеріммен ой бөлісу

Выготскийдің оқыту моделі бойынша, диалог құру арқылы оқушы білім алмақ және ол нәтижелі болған кезде оқыту жеңіл болмақ деген жорамалы осы тәжірибеде дәлелденді. Оқушылар топта өзара пікірлесе отырып, тапсырманы постерлерге түсіріп есептерін шығарып, жазып қорғады.

АКТ-ны пайдалану арқылы дайындаған сабаққа байланысты мәліметтерді слайд арқылы көрсетілімдерді көрсету, интербелсенді тақтамен есеп шығару жұмыстарында пайдаландым. Бірақ алдағы сабақтарымда ақпарат іздеу, мәліметтерін жариялау тағы басқа да көптеген оқушылардың білімін тереңдету мақсатында кеңінен пайдалануым керек деп алдыма мақсат қойдым.

2-тапсырмада оқушылар берілген есептерді жұптар болып орындады. Оқушылар жұптар болып өзара пікірлесіп, талдап, ақылдасып есеп шығарды. Жұппен жұмыс істеуге дағдыланып қалғаны байқалды. Сыныптағы тыныштықты сақтау, пікірлесулеріне тиімді болуы үшін жұпқа бөлгенде қыз-ұл болып бөлу керек екенін байқадым.

Математикадан тізбектелген сабақтар топтамасынан әріптестеріммен ой бөлісуМатематикадан тізбектелген сабақтар топтамасынан әріптестеріммен ой бөлісу

Нәтижесінде жұптар болып интербелсенді тақтаға есептерін жазып талдады. Жұптық жұмыстың тиімділігі бірімен бірі талдау жасай алуы, ақылдасуы, бірінің қатесін бірі түзетіп бағалауы, бір шешімге келуі екенін түсіндім. Әлі де болашақта балаларды көп сөйлетуге үйретуім керек деп түйдім.

Тақырып бойынша алған ақпараттарының 75% практика арқылы естеріне қалатынын ескере отырып, топтар болып есептер шығарды. Алған білімдерін толық түсінгендерін тексеру мақсатында зерделеуге, зерттеуге, талқылауға логикалық ойлауға бағытталған өлшем жұмыстарына тәжірибе жасату арқылы топтарға тапсырма бердім.

Онда 1-ші топқа таразымен, 2-ші топқа дене қызуын градусникпен өлшеу, 3-ші топқа циркуль, сызғыштың көмегімен шеңбер сызып оның диаметрін өлшеп, жуық мәнін тауып, абсолюттік және салыстырмалы қателіктерін есептеп шығару тапсырылды.

Тәжірибе жүргізуде оқушылардың белсенділіктері артты. Қалыс қалған оқушы болмады. 1-топтағылар таразыға кәмпиттерді өлшеп, гір тастарын таразының екінші басына қойып теңестірілуін бақылады. Бірімен-бірі ақылдасып, пікірлесіп талдауға кірісті. Мысалы Олжас «тағы 50грамдық тасты қояйық, немесе кәмпитті азайтайық»,-деп таласқа түсіп жатты. 2-топтағылар дене қызуын өлшеу үшін Санжардың қолтығына градусникті салып, біраздан соң алып көріп, көрсеткен белгіні дәптерлеріне жазды. Өзара «Қане, енді кімнің дене қызуын өлшейік»,-деп сұрап жатыр. Үшінші топтағылар циркульдің көмегімен қағазға шеңбер сызып, сызғышпен өлшеп бірлесіп есептеп жатқаны, қызу талқыласып жатқаны байқалды.

Бұдан оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізеді деп өзіме түйдім.

Бағалауды критерийлерге қарап, топ басшылары бағалады.

Сабақта топтық бағалау, өзін-өзі бағалау, бағалау критерийлерін пайдаландым. Оқушылар өзін-өзі бағалады және достарын бағалауға үйреніп, өзін-өзі реттеуге дағдылына бастады.

Ал өз тарапымнан оқушыларды формативті бағалау үшін әр жауапқа үш түрлі фишка беру әдісін қолдандым. Жасыл фишка - дұрыс, сары - мүмкін, қызыл - дұрыс еместігін білдірді. Басқа тапсырманы дұрыс орындаған жағдайда немесе сұрақтарға дұрыс жауап бергенде қызыл фишкалар қайтарылынып отырды. Ал топта шулап немесе бірін- бірі тыңдамаған кезде мұғалім тарапынан оқушыларды тыныштандыру, ескрту үшін қызыл жалауша беріп отырдым.

1-тапсырма: Жаңа сабақты 15,8 санының есептелу алгоритмі бойынша

  1. жуық мәнін,

  2. Абсолюттік қателігін табу - деп трек сызба арқылы беріп, айтқан жауаптарына байланыстырып, жетелеу арқылы салыстырмалы қателікті табу жолын көрсеттім.

Александердің зерттеген механикалық есте сақтату диалог үлгісі арқылы салыстырмалы қателік ережесін әр топқа қайталаттым. (Александер, 2001, 2008)

4- тапсрма бойынша оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып, сөйлемнің дұрыс- бұрыстығын анықтау барысында, олардың өзін-өзі ретеуіне мүмкіндік берілді. Оқушылар интербелсенді тақтаға әр топтан ақылдаса отырып, бір- бір оқушыдан шығып дос сөзіне байланысты сөйлемдердің дұрыс- бұрыстығын белгіледі. Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану барысында интербелсенді тақтаны қолданып жазу оқушылардың қызығушылықтарын арттыра түсті. Сонымен қатароқушылар сөйлемнің дұрыс- бұрыс құрылғаны бойынша грамматикалық қателердің жіберілмеуін, сөйлемнің жүйелілігіне мән береді. Мишра және Кёлер (2006ж.) егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін оқушылар қалай түсінетінін біле отырып, осы білімдердің ықпалдасуын қамтуы керек.

2-тапсырмада жаңа тақырыпты терең меңгертіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатымен әр топтың жұптарына тапсырма берілді.

у=х³ функциясының

1-топтың жұптарына х=1,2;

2-топтың жұптарына х=1,5;

3-топтың жұптарына х=0,5 болғандағы

  1. График бойынша - жуық мәнін табу:

  2. Абсолюттік қателігін анықтау

  3. Жуық мәннің салыстырмалы қателігін табу

Оқушылар өз жұптарымен диалог жүргізу барысында тәжірибе жинақтап және ой әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуге талпына отырып, баламалы мүмкіндіктер туралы сыни тұрғыдан ойлап, зерттеу жүргізуге қабілетті болатынына көзім жетті. Түсінуді басты назарға ала отырып ынтымақтастықпен есепті шешу үдерісі оқушылардың тиімді дәлелдерді жүйелі қабілеттерін жоғарылататынын байқадым.

Үлгерімі төмен оқушылардың жұптарының қолдауы арқасында өзіне-өзі сенімді екенін көрсетті. Бұл жерде жақсы оқитын оқушылардың көшбасшылық қасиеттері басым болды. Олар жұптарына бағыт көрсетіп, түсіндіріп, оқушылардың бірін-бірі оқытып жатқаны байқалды.

Бір-бір жұптары шығып интербелсенді тақтаға есептерін шығарып қорғады. Әр топтың жұптары бірін-бірі текскріп, бағалап отырды.

3-тапсырма. «Білген сайын біле бергім келеді» ойыны арқылы есеп шығару алгоритмін пайдаланып, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру мақсатымен топтарға тапсырма бердім.

Есептің мазмұнын оқып шық;

Дөңгелекте;

Жуық мәнін анықта;

Абсолюттік ұателікті тап;

Салыстырмалы қателікті тап, пайызын көрсет;

Тексер, дәлелде;

Жауабын жаз.

1-топ: №638 1, 2, 3, ;

2-топ: №638 4, 5, 6;

3-топ: №642, 643, 645 есептерді шығарды. Мұнда да топ басшыларының көшбасшылық белсенділіктері байқалды. Өз топтарына тапсырманы бөліп беріп орындатып, тексеріп пысықтап жатқаны байқалды.

Оқушылар топ ережесін сақтай отырып, тапсырманы талқылап, талдап, пікірлесіп, сұрау арқылы пысықтап жатыр. Үлгерімі төмен оқушылардың жолдастарының көмегі арқасында өздеріне сенімділіктерін байқатты.

4-тапсырма: Александердің (2004) диалогтік оқытуға сәйкес сыныптағы оқушыларды диалог пен талқылауға тарту белсенді жүргізілгенде ғана оқуы тиімдірек және жетістіктері жоғары болады деген. Осыны басшылыққа ала отырып, «Не білдім?» атты тапсырмамен жаңа сабақты бекіту мақсатында берілген кестенің сұрақтарына жауаптарын толтырды.

Оқушылар өз ойларын қағаз бетіне түсірді. Бұл жерде талантты оқушылар анықталды. Себебі кейбір оқушылар өз ойларын қысқа ғана түсірсе, талантты оқушылар ойларын еркін, толық, мәнді жазған. Өзінің ойын ұшқыр жеткізе білген бірінші топтағы Меруерт пен үшінші топтағы Құндыз, екінші топтағы Санжар болды. Олардың жазған эжауаптары жүйелі, ашық, ойы түгел қамтылған. Эйр мұғалімдердің дарынды балаларға сапалы тапсырма беру мақсатымен өз жоспарларын өзгертуге болатындығына жүргізілген шағын зерттеулерден дәлелдер келтіреді. Осы әдісті іс-тәжірибеде қолданып жүрген мұғалімдер қосымша көмек беру арқылы балалар тобының аясын кеңейте отырып, бұдан да күрделі тапсырмаларды орындатуға болады деген қорытынды жасайды. Эйр ойлаудың, білікті дамыту және міндеттерді шешудің аса жоғары деңгейін ұсына отырып, дарынды балаларға арналған оқу жоспарына өзгеріс енгізуге ұсыныс жасайды.

Математикадан тізбектелген сабақтар топтамасынан әріптестеріммен ой бөлісу

Оқушы тақырып бойынша өзінің нені меңгергенін, нені меңгере алмағаны туралы есеп береді, өзін-өзі бағалайды. Оқушылар бұл стратегияға қызыға кірісті, себебі бұл әдіс олар үшін жаңа әдіс. Оқушы өзінің қай деңгейде тұрғанын өзі бақылау мүмкіндігіне ие болды. Оқушының өз білімін бағалауы жиынтық бағаға әсер етіп, келесі сабақта оқушыға қай жерден көмек бере алатынын көрсете біледі. Өзін бағалау әрекетінен соң оқушылар келесі сабаққа бар күш жігерлерін салып дайындалады, меңгере алмаған материалын қарастырады, мұғаліммен бірлесіп талдайды. Алғашқы сабақта топты рөлдерге бөлгенде бақылаушы болды, сол топ мүшесі топты бағалады. Топ басшылары топ мүшелерін бағалағанда әр тапсырмаға жеке-жеке баға қойып отырды.

Математикадан тізбектелген сабақтар топтамасынан әріптестеріммен ой бөлісу

Бағалау кезінде достық қарым-қатынастары ескеріліп, баға әділ қойылмады, сол себепті мен келесі оқытуды бағалауда өзін-өзі бағалауды ұсынар едім. Сабақ соңында оқушылар сабақтан алған әсерлері туралы және келесі сабақтың қалай өткендігін қалайтындары туралы стикерге жазып қалдырды.

Математикадан тізбектелген сабақтар топтамасынан әріптестеріммен ой бөлісу

Бұл сабақтан түйгенім: Оқушыларды бір-біріне бағалату арқылы сыныптағы ұйымшылдықты, сыйласымдықты, өзгенің пікірімен санасуды қалыптастыруға болатындығы.



© 2010-2022