Пысықтау математика пәнінен ашық сабақ

Раздел Математика
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пысықтау математика пәнінен ашық сабақКүні:

Пәні: Математика

Сынып: 1 «а»

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау

Сабақтың мақсаты: Ондықтармен қосып азайтуға байланысты жаттығулар орындату

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Ондықтарға байланысты жаттығулар жасатуға жағдай жасау;

Дамытушылық: Есептер шығара алу дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік: Логикалық ой өрісін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың типі: аралас

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

Психологиялық дайындық.

Қайырлы күн!

Біз нәзік қыздармыз!

Қайырлы күн!

Біз ержүрек ұлдармыз!


Үй жұмысын тексеру

Оқушылардан үйге берілген тапсырманы ауызша сұрау.


Өткенді пысықтау:

1дм=10см 1м=100см 1м=10дм


№1 (ауызша)

10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90, 100

100, 90, 80, 70, 60, 50, 40, 30, 20,10


Дәптермен жұмыс:

№2

Кызыл-?т 40т 40-10=30(т)

Көк-10т Ж: 30 такия


№ 3 Ешкі 7 лағымен Алматы қаласынан бізге Астанаға қонаққа келмекші. Оларға өз вагондарын табуға көмектесейік.

30+20=50 60+20=80

60-30=30 70-30 = 40

90дм-50дм=40дм 100дм-60дм=40дм

20дм+40дм=60дм 10дм+90дм=100дм



Сергіту сәті

Табақта бес алма,
Қолымда екі алма.
Қосқанда барлығы
Болады неше алма?
Бір алма апама,
Бір алма атама.
Екі алма беремін
Мамам мен папама.
Нешеуі қалады табақта?
(үшеу)

№4 Кубизм стратегиясы


30+20=50 40+20>70-20

60-30<40 30+40>60-10

50+20>50 30+20=80-30


Ойын.

Балалар көбелектің қандай екенің білесіңдер ме? Ендеше қазір біз есептерді салыстыру арқылы көбелек жасаймыз.

1 дм * 1м 50см * 5 дм 60 см * 7дм 90 см * 80 см

3дм * 40см 35 см * 3 дм 20 см * 2 дм 10 см * 1 м


№6

Айырмашылықтарын тап


Қорытынды

  • Балалар біз бүгін сабақта қандай есептер шығардық?

  • Ондықтарды барлығымыз түсіндік пе?


Үйге тапсырма

№5, 169-бет


Бағалау.

Жапсырғыштары бар балаларды бағалау.









© 2010-2022