Төртбұрыштың ауданына есептер шығару

Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
  • 0

БҚО. Казталов ауданы.

К.Мендәлиев атындағы ОЖББМ

Математика пәнінің мұғалімі: Кабулова Сұлушаш


Сабақтың тақырыбы: Төртбұрыштардың аудандары тақырыбына

есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың «Төртбұрыштардың аудандары» тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау,бекіту.Аудандарға берілген есептерді шығару ептіліктерін арттыру.
Дамытушылық:Есеп шығару барысында ережелерді, формулаларды дұрыс пайдалана отырып есте сақтау,логикалық ойлау және талдай білу қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз ойларын қорытып,математикалық тілде дұрыс жеткізе білуге,ұқыптылыққа,нақтылыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
Компьютер, интерактивті тақта,сабаққа қолдану үшін әзірленген слайдтар, деңгейлік тапсырмалар жазылған үлестірме қағаздар.
Сабақтың түрі: білімдерін жүйелеп,жалпылау сабағы.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.сабақтың мақсатымен, жоспарымен таныстыру.
ІІ.Үй жұмысын тексеру.
ІІІ.Слайдтар арқылы формулаларды қайталау.
ІVАудандар тақырыбына есептер шығару
Үлестірме қағаздар бойынша деңгейлік тапсырмалар орындау.(өзіндік жұмыс)

№1.(ауызша есепте) Бір қабырғасы екіншісінен 2 есе ұзын, ал ауданы 32 см2 болатын тіктөртбұрыштың қабырғаларын тап.
№ 2. (ауызша есепте ) Қабырғасы 16 см , ал бұрыштарының біреуі 300 болатын ромбтың ауданын табыңдар,
№ 3.(ауызша есепте) Параллелограмның үш бұрышының қосындысы 2800. Барлық бұрыштарын табыңдар.
№ 4. (ауызша есепте) Тең бүйірлі трапецияның диагоналі бүйір қабырғасымен 1200 бұрыш жасайды.Бүйір қабырғасы кіші табанына тең болатын трапецияның бұрыштарын табыңдар.

№ 5 -№ 8 есептерді тақтада шығару арқылы оқушылардың есеп шығара білу ептілігін дамыту.
№ 5
АВСД параллелограмы берілген.АВ және ВС қабырғалары тең.<ДАВ=300-қа тең. S АВСД-?
№6
АВСД - тең бүйірлі трапеция.АВ=6 см,<АВС =1200, S = 60см2 .PАВСД =?
№ 7.
АВСД -параллелограмм. АВ =10 см, АД = 12см, <АВС=1500. SАВСД-?
№ 8.
АВСД- тең бүйірлі трапеция.АВ= 13 см, АД = 17 см,ВС= 7 см, SАВСД= ?
Деңгейлік тапсырмалар: (өзіндік жұмыс)
A деңгей.
АВСД -кез келген трапеция.СД= 20 см, ВС =12 см,< ВСД=1500. SАВСД=?
B деңгей
Берілгені: АВСД=параллелограмм.ВМ-биіктік,
АД=3ВМ. S АВСД=48 см2 . АД-?

C деңгей.
«тырнақша » өрнегіне қажетті өлшеу жұмыстарын жасап, осы фигураның ауданын табыңдар.
V.Сабақты қорытындылау.
VI.Үйге тапсырма: №227,251.



© 2010-2022