«ШЕҢБЕР. ДӨҢГЕЛЕК »

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды алгоритмдеуге үйрету, математикалық ұғымдарды игерту , ой қорытуға машықтандыру.Алгоритмді қалыптастыру ойлау процесін тәртіпке келтіреді. Оқушылар үйренетін білім, іскерлік және дағды:  Шеңбер анықтамасын біліп, оның элементтерін қалай белгілеп жазылатындығын , оқушылар санасында дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл аудару. Сабақтың түрі: Алгоритмдік сабақ. Сабаққа көрнекі құралдар: интерактивті тақта, киіз үй суреті  т.б. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі: (оқушылардың сабаққа қатысуын, даярлығын тексеру.) 2.Жаңа материалды оқып үйрену: А)  Тапсырма:    АВ  кесіндісі мен   а түзуі  берілген. 1)  а- түзуінің бойынан    О  нүктесін таңдап ал, 2)   а -  түзуінің бойынан бір басы   О  нүктесінде жататын АВ –ға тен кесінді сал. 3)  Мынандай сұрақтарға жауап бер: а) Неше кесінді салуға болады      (екі кесінді ОС, ОС1) б) С және С бір нүктелері  О  нүктесінен қандай қашықтықта болады   (АВ) в) О нүктесінен  осындай қашықтықта болатын басқа нүктелер салуға бола ма?     (ия, бірақ олар  а- ның бойында жатпайды)  ШЕҢБЕР сызу  (көрсету, тақтаға сабақ тақырыбын жазу) г)  О нүктесінен бірдей қашықтықта жатқан нүктелерден барлығы қандай фигура құрайды?     (шеңбер)    Анықтама: Берілген нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелерден тұратын фигура шеңбер деп аталады.      Берілген нүкте – шеңбердің центрі деп аталады. Б) Тапсырма: 1) Шеңберді сызыңдар, кез-келген бірнеше нүкте шеңбер бойынан белгілеңдер. 2) Оларды    А ,  В ,   С,  Д  әріптерімен белгілеңдер. 3)  Осы нүктелерді шеңбер центрімен жалғастырыңдар . 4) Алынған кесінділерді салыстырыңдар. 5) Есте сақта:  Шеңбердің нүктесімен шеңбердің центрін қосатын кез-келген кесіндіні радиус деп атайды. 6)  Шеңбер радиусын жаз.    ( АО = ВО = СО= ДО=R  , r) 7) Шеңберді    Ш(  О;R)   түрінде жазады. 8)  Шеңбердің кез-келген екі нүктесін кесіндімен жалғастыр. Есте сақта:  Шеңбердің кез-келген екі нүктесін қосатын кесінді хорда деп аталады.         (АВ , СД – хордалар) 9) Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда диаметр деп аталады.  (АВ=2R, белгіленуі     d    ,     о) 10) Шеңбердің бөлігі  доға деп аталады. Есте сақта :  «    »  белгіленеді.        АВ;      АСВ. 11) Шеңбердің элементтері :  центр, радиус, диаметр, хорда   доға 12) Жазықтықтың шеңбермен шектелген бөлігін дөңгелек деп атайды.   3.Сабақты бекіту:   (көрсетілген суреттер бойынша) а)   Шеңбер радиусын көрсет. б) Диаметрін көрсет. в) Хорданы көрсетіңдер. г)  О   , Д  және  С нүктелерінің орналасуы туралы не айтуға болады? д)  ОД   ,  ОС  және СД кесінділері ұзындықтарының қандай байланыстары бар? е)  Бұдан қандай қортынды шығаруға болады? ж)  Радиус  5 см болса, диаметр неге тең? з) Диаметр  20 см болса, радиусы неге тең?
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 5

Пәні: Математика

Сабақтың тақырыбы: «ШЕҢБЕР.ДӨҢГЕЛЕК »

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды алгоритмдеуге үйрету, математикалық ұғымдарды игерту , ой қорытуға машықтандыру.Алгоритмді қалыптастыру ойлау процесін тәртіпке келтіреді.

Оқушылар үйренетін білім, іскерлік және дағды: Шеңбер анықтамасын біліп, оның элементтерін қалай белгілеп жазылатындығын , оқушылар санасында дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл аудару.

Сабақтың түрі: Алгоритмдік сабақ.

Сабаққа көрнекі құралдар: интерактивті тақта, киіз үй суреті т.б.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі: (оқушылардың сабаққа қатысуын, даярлығын тексеру.)

2.Жаңа материалды оқып үйрену:

А) Тапсырма: АВ кесіндісі мен а түзуі берілген.

1) а- түзуінің бойынан О нүктесін таңдап ал,

2) а - түзуінің бойынан бір басы О нүктесінде жататын АВ -ға тен кесінді сал.

3) Мынандай сұрақтарға жауап бер:

а) Неше кесінді салуға болады (екі кесінді ОС, ОС1)

б) С және С бір нүктелері О нүктесінен қандай қашықтықта болады (АВ)

в) О нүктесінен осындай қашықтықта болатын басқа нүктелер салуға бола ма? (ия, бірақ олар а- ның бойында жатпайды)

ШЕҢБЕР сызу (көрсету, тақтаға сабақ тақырыбын жазу)

г) О нүктесінен бірдей қашықтықта жатқан нүктелерден барлығы қандай фигура құрайды? (шеңбер)

Анықтама: Берілген нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелерден тұратын фигура шеңбер деп аталады. Берілген нүкте - шеңбердің центрі деп аталады.

Б) Тапсырма:

1) Шеңберді сызыңдар, кез-келген бірнеше нүкте шеңбер бойынан белгілеңдер.

2) Оларды А , В , С, Д әріптерімен белгілеңдер.

3) Осы нүктелерді шеңбер центрімен жалғастырыңдар .

4) Алынған кесінділерді салыстырыңдар.

5) Есте сақта: Шеңбердің нүктесімен шеңбердің центрін қосатын кез-келген кесіндіні радиус деп атайды.

6) Шеңбер радиусын жаз. ( АО = ВО = СО= ДО=R , r)

7) Шеңберді Ш( О;R) түрінде жазады.

8) Шеңбердің кез-келген екі нүктесін кесіндімен жалғастыр.

Есте сақта: Шеңбердің кез-келген екі нүктесін қосатын кесінді хорда деп аталады. (АВ , СД - хордалар)

9) Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда диаметр деп аталады. (АВ=2R,

белгіленуі d , о)

10) Шеңбердің бөлігі доға деп аталады.

Есте сақта : « » белгіленеді. АВ; АСВ.

11) Шеңбердің элементтері : центр, радиус, диаметр, хорда доға

12) Жазықтықтың шеңбермен шектелген бөлігін дөңгелек деп атайды.

3.Сабақты бекіту: (көрсетілген суреттер бойынша)

а) Шеңбер радиусын көрсет.

б) Диаметрін көрсет.

в) Хорданы көрсетіңдер.

г) О , Д және С нүктелерінің орналасуы туралы не айтуға болады?

д) ОД , ОС және СД кесінділері ұзындықтарының қандай байланыстары бар?

е) Бұдан қандай қортынды шығаруға болады?

ж) Радиус 5 см болса, диаметр неге тең?

з) Диаметр 20 см болса, радиусы неге тең?

4. Оқулықпен жұмыс: №373

Шеңбердің диаметрі: 10 см, 6 дм, 7 дм 4 см. Радиусы неге тең?

Айдың диаметрі 3476 км. Айдың радиусы неше километр?

№ 375

Центрлері ортақ О нүктесі болатын радиустары 15 мм-ге тең, 25 мм-ге тең екі шеңбер сызыңдар. Жазықтықтағы екі шеңбер аралығындағы бөлігін бояңдар. Оны қалай атар едіңдер?

5. Математикалық ойын:

1) Сиқырлы фигуралар:а) Дөңгелектер ішіне 1-ден 7-ні қоса алған сандарды қосындылары 12 -кі болатындай орналастыру керек.

2) Қымбатты оқушылар , бүгінгі шеңбер туралы сабағымды мынандай өлеңмен аяқтаймын:

Мен шеңбермін

Айналдырса мені егер,

Шар боламын кемеңгер.

Ерекше бір нүктем бар.

Центрім ғой ол менің

Берілген сол нүктеден .

Қашықтығым тең менің

Қатысым бар түзумен

Ескертемін жатысын

Ішімде жатқан кесінді .

Хорда болар күтпеген.

Тақаған сайын центрге

Ұзарады барынша.

6. Үйге тапсырма п.3.1 сұрақтар 1-6 №382; 386

7.Бағалау

8.Жұмыстың тиімді тәсілі, жақтары:

1) Оқушылар зерттеу жұмысын , мейлі ол қарапайым түрде болса да жүргізеді.

2) Ойланады. Ойланып қана қоймай, ойланғанын өз қолымен жүзеге асырып, сызу жұмыстарына жаттығып, дағдыланады.

3) Қорытынды жасауға үйренеді.

4) Дайын білімді тыңдау арқылы, яғни мұғалімнің түсіндіруі арқылы игергеннен гөгі оқушының өзі еңбек жасап , өзі мұғаліммен бірге еңбектеніп алған білімі есте жақсы сақталатыны даусыз.

© 2010-2022