Презентация по математике на тему Көңілді старт

Раздел Математика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Презентация по математике на тему Көңілді стартПрезентация по математике на тему Көңілді стартПрезентация по математике на тему Көңілді стартПрезентация по математике на тему Көңілді стартCабақтың тақырыбы: Параллелограмм және оның қасиеттері тақырыбына есептер

шығару

Сабақтың мақсаты: 1)білімділік: оқушылардың параллелограмм және оның

қасиеттері туралы түсініктерін жүйелеп, саралау.

2) дамытушылық:оқушылардың параллелограмм және оның

қасиеттерін есеп шығаруда пайдалана білуге, топпен жұмыс

жасай білуге үйрету.

3) тәрбиелік: жауапкершілікке, ұйымшылдыққа,

адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың эпиграфы: " ...Өзің білмесең, білгендерден үйрен.
Үйренгеннен ештеңең кетпейді. ."
Төле би.
Сабақтың ұстанымы :
Адамды білімге жетелейтін үш жол бар:
Ойлау жолы, бұл - ең жақсысы;
Ұқсау жолы, бұл - ең жеңілі;
Жеке тәжірибе жолы, бұл - өте жауаптысы.
. Конфуций

Сабақтың түрі: білімді бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, дамыта оқыту, топтастыру стратегиясы

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, парақшалар, маркер

Сабақтың жүрісі:

1. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеп, сабаққа назарын аудару.

2. "Білгенге маржан". Өткен сабаққа шолу.

1. Төртбұрыш дегеніміз не?

2. Төртбұрыштың элементтерін ата.

3. Дөңес төртбұрыш дегеніміз не?

4. Қандай төртбұрыш параллелограмм деп аталады?

5.Параллелограмның қандай қасиеттерін білеміз?

6. Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неге тең?

3."Танымдық таразысы"(өз ойларын қорғау)

1. Кез-келген төртбұрыш параллелограмм бола ала ма?

2. Кез-келген параллелограмм төртбұрыш бола ала ма?

4."Ұшқыр ойдан - ұтымды жауап"(Берілген әріптерден сөз құрап, оның анықтамасын айтып, сызбасын салып көрсету керек)

1.льоидагна

2. ырбрұсқтышы

3.есмдеөңсе

5."Білім - теңіз, түбі де жоқ, шегі де жоқ"(КИО, ОЖСБ, ҰБТ есептерін шығару)

КИО: АВСD параллелограмының периметрі 20см, ал ABD үшбұрышының периметрі 15см. BD диагоналының ұзындығы неге тең?

ҰБТ: ABCD параллелограмының екі қабырғасының қатынасы 7:11 қатынасына тең, ал оның периметрі 2,52м. Параллелограмның қабырғалары неге тең?

ОЖСБ: Бұрыштарының қосындысы 3960˚-қа тең болса, көпбұрыштың неше қабырғасы бар?

6. "Барлық істің басшысы білім мен ұғым."

1. Суретте қай сызба параллелограмм ?

А) B) С) D)

2.. Төртбұрыштың шкі бұрыштарының қосындысы:

А) 1800; В) 900 ; C)3600 ; D) 7200

3. Егер параллелограмның қабырғалары 3см және 5см болса, онда олар

А)көршілес B) қарама-қарсы

C) кез келген D) сыбайлас

4. Егер параллелограмның екі бұрышының қосындысы 1000 болса, онда бұл бұрыштар

А) көршілес B) қарама-қарсы

C) кез келген D) іргелес

5.Параллелограмның қабырғалары 5см және 7см.Периметрі неге тең?

А)12 см В) 36см С)24см D) 10см

7. Практикалық тапсырма:

Параллелограмды өзара тең екі:

1) үшбұрышқа;

2) төртбұрыштарға бөлетіндей етіп түзу жүргізіңдер.

8.Топтық жұмыс:

А) төртбұрыштың түрлері (сызбамен көрсету)

В) параллелограмның қасиеттері (топтастыру)

9.Уйге тапсырма беру : № 73, ережелер

10.Қорытындылау: «Мейлі, сені бір түгелі, жүз ұстаз баулысын, егер өзіңді өзің көндірмесең, өзің - өзіңнен талап ете білмесең олар да дәрменсіз».











№36 орта мектеп









Ашық сабақ



Тақырыбы:"Параллелограмм және оның қасиеттері тақырыбына есептер шығару"

Сыныбы: 8б

Пән мұғалімі: Әзіғали Ш.С



2014-2015 оқу жылы

© 2010-2022