Сабақ жоспары: Ондық бөлшектерді қосу және азайту (5 сынып)

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ______ Сынып: ______ Күні: ___________

Тақырып:Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Сабақтың мақсаты:а)білімділік:ондық бөлшектерді қосу мен азайтуды түсіндіру;

ә)дамытушылық:ондық бөлшектер жайлы білімдерін толықтыру;

б)тәрбиелік:еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу;

Көрнекілігі: оқулық

Әдісі: түсіндіру

Түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу

ә) оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

б) оқушы зейінін сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау:№

III. Жан - жақты білімдерін тексеру:

1. Ондық бөлшектің соңына нөлдерді тіркеп жазғаннан немесе алып тастағаннан ондық бөлшек өзгере ме?

2.Ондық бөлшектер координаталық сәуледе қалай салыстырылады?

3.Ондық бөлшектерді разрядтары бойнша қалай салыстырады?

4.Ондық бөлшектерді натурал санға түрлендіріп, салыстыруды түсіндіріңдер.

V.Жаңа сабақ:Ондық бөлшектер ондық жүйеде жазылатын сандар болғандықтан, оларды қосу натурал сандарды қосу ережесі бойынша орындалады.

1 мсал. 4,21 және 5,47 қосындысын табайық.

Сабақ жоспары: Ондық бөлшектерді қосу және азайту (5 сынып)

Ондық бөлшектерді қосу үшін:

1)Ондағы аттас разрядтар бірінің астында бірі тұратындай (үтірдің астына үтір тура келетіндей) етіп баған түрінде жазу керек;

2) Разрядтар бойынша қосу керек;

3) Қосындыдағы үтірді қосылғыштардағы үтірлердің астына қою керек.

2 - мысал. Түсіндіру. Мыңнан 3 плюс мыңнан 4 мыңнан 7 - ге тең. 7 - ні жазамыз. Жүзден 8 плюс жүзден 6 жүзден 14 - ке тең немесе оннан 1 - ге және жүзден 4 - ке тең. Жүзден 4 - ті жазып, оннан 1 - ді есте ұстаймыз немесе ондық үлестің үстіне жазып қоямыз. Оннан 1 плюс оннан 6, плюс оннан 5 оннан 12 - ге немесе 1 бірлік пен 2 ондық үлеске тең. 2 ондық үлесті жазып, 1 бірлікті есте ұстаймыз немесе бірліктің үстіне жазп қоямыз.

Бөлшек бөлікті қосып болдық, сондықтан ондық үлестегі 2 цифрының алдына үтір қоямыз. Есептеуді жалғастырамыз:1 бірлік плюс 4 бірлік, плюс 8 бірлік 13 бірлікке немесе 1 ондық және 3 бірлікке тең. 3 бірлікті жазып, 1 ондықты есте ұстаймыз немесе ондықтың үстіне жазып қоямыз. 1 ондық плюс 3 ондық 4 ондыққа тең. 4 - ті жазамыз. Жауабы:43,247.

Егер қосылғыштарда ондық таңбалардың саны әр түрлі болса, онда ондық таңбалардың саны аз қосылғышқа қажетті нөлдерді тіркеп жазуға болады.

Ондық бөлшектерді қосқанда қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері сақталады.

a+b=b+a (қосудың ауыстырымдылық қасиеті.)

(a+b)+c= a+(b+c) (қосудың терімділік қасиеті).

Ондық бөлшектерді азайту натурал сандарды азайту сияқты орындалады: оларды қосудағыдай баған түрінде жазып, разрядтар бойынша азайтамыз.

I. Егер азайғыштың бөлшек бөлігі азайтқыштың бөлшек бөлігінен үлкен болса.

1 - мысал. Сабақ жоспары: Ондық бөлшектерді қосу және азайту (5 сынып)

Ондық бөлшектерді азайту үшін:

  1. Ондағы аттас разрядтарды бірінің астына бірі тұратындай (үтірдің астына үтір тура келетіндей) етіп, баған түрінде жазу керек;

  2. Разрядтар бойынша азайту керек;

  3. Айырмадағы үтірді азайғыш пен азайтқыштағы үтірлердің астына тура келтіріп қою керек.

II. Егер азайғыштың бөлшек бөлігі азайтқыштың бөлшек бөлігінен кем болса.

2 - мысал. Сабақ жоспары: Ондық бөлшектерді қосу және азайту (5 сынып)

Түсіндіру. Жүзден 3 - тен жүзден 5 - ті азайтуға болмайды. Сондықтан оннан 2 - нің оннан 1 ін алып, оны жүздік үлестерге ұсақтаймыз. Сонымен жүзден 13 - тен жүзден 5 - ті азайтып, нәтижеге жүзден 8 - ді жазу керек. Оннан 1 - ден оннан 4 - ті азайтуға болмайды.

Сондықтан 7 бірліктен 1 бірлікті алып, оны ондық үлестерге ұсақтаймыз. Оннан 11 - ден оннан 4 - ті азайтамыз: оннан 7 шығады. Нәтижеге 7 - ні жазамыз да, алдына үтір қоямыз. 6 бірліктен 8 бірлікті азайтуға болмайды. 1 ондықты бірліктерге ұсақтаймыз. Сонда 16 бірлік болады. 16 бірліктен 8 бірлікті азайтып, нәтижеге 8 бірлікті жазамыз.

III. Егер азайғыш пен азайтқыштағы ондық таңбалар саны әр түрлі болса, онда оларды нөлдер тіркеп жазу арқылы теңестіреміз.

3 - мысал. Сабақ жоспары: Ондық бөлшектерді қосу және азайту (5 сынып)

IV.Егер азайғыш натурал сан болса, онда натурал саннан кейін үтір қойып, қажетті нөлдер санын тіркеп жазамыз.

4 - мысал. Сабақ жоспары: Ондық бөлшектерді қосу және азайту (5 сынып)

Түсіндіру. 9 бірліктің 1 - еуін ұсақтап, он ондық үлес бар деп есептейміз де, оның біреуін жүздік үлестерге ұсақтап, 10 жүздік үлес бар деп есептейміз. Одан 2 жүздік үлесті азайтып, нәтижеге 8 жүздік үлесті жазамыз. Ондық үлестерде қалған 9 - дан 7 - ні азайтамыз да, 2 ондық үлесті жазамыз. Бүтін бөлігіндегі 8 бірліктен 4 бірлікті азайтып, 4 бірлікті жазамыз.

VI.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру:

1. Ондық бөлшектер қалай қосылады?

2.Ондық таңбаларының саны әр түрлі ондық бөлшектерді қалай қосады?

3. Ондық бөлшектерді қосуда қосудың қандай қасиеттері орындалады?

4. Ондық бөлшектерді қалай азайтады?

5. Азайғыштың бөлшек бөлігі азайтқыштың бөлшек бөлігінен кіші болса, қалай азайтады?

6. Натурал саннан ондық бөлшекті қалай азайтамыз?

VII.Жаңа сабақты бекіту:

№951(ауызша орындау)

№952

  1. 0,07+13,23=13,3; 2) 85,07+3,03=88,1; 3)6,3+2,5+0,7=9,5;

9,02+4,28=13,3; 25,6+0,41=25,46; 9,2+3,3+1,6=14,1

18,36+7,14=25,5; 56+0,37=56,37; 0,1+9,9+1,5=11,5.

№953

  1. (4+1,8)+2,2=4+(1,8+2,2)=4+4=8;

1,6+(5+3,4)=5+(1,6+3,4)=5+5=10;

(2,41+13)+4,59=13+(2,41+4,59)=13+7=20;

  1. 0,3+(1,7+2,5)=2,5+(0,3+1,7)=2,5+2=4,5;

(3,8+6)+4,2=6+(3,8+4,2)=6+6=12;

12,25+(8+3,75)=8+(12,25+3,75)=8+16=24;

  1. 8,3+(2,7+8)=8+(8,3+2,7)=8+11=19;

10,2+(1,7+4,8)=1,7+(10,2+4,8)=1,7+15=16,7;

(46,3+18)+4,7=18+(46,3+4,7)=18+51=69.

№986(ауызша орындау)

№987 1) Сабақ жоспары: Ондық бөлшектерді қосу және азайту (5 сынып) 2)Сабақ жоспары: Ондық бөлшектерді қосу және азайту (5 сынып)

  1. Сабақ жоспары: Ондық бөлшектерді қосу және азайту (5 сынып)

  2. Сабақ жоспары: Ондық бөлшектерді қосу және азайту (5 сынып)Сабақ жоспары: Ондық бөлшектерді қосу және азайту (5 сынып)Сабақ жоспары: Ондық бөлшектерді қосу және азайту (5 сынып)

№988

  1. Сабақ жоспары: Ондық бөлшектерді қосу және азайту (5 сынып)

Сабақ жоспары: Ондық бөлшектерді қосу және азайту (5 сынып)

Сабақ жоспары: Ондық бөлшектерді қосу және азайту (5 сынып)Сабақ жоспары: Ондық бөлшектерді қосу және азайту (5 сынып)

Сабақ жоспары: Ондық бөлшектерді қосу және азайту (5 сынып)

Сабақ жоспары: Ондық бөлшектерді қосу және азайту (5 сынып)

VIII.Үйге тапсырма:№



© 2010-2022