«Жұлдызды сағат» ойыны (5-6 сыныптар)

Мақсаты: 1) Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.2) Оқушылардың пәндерге деген ғылыми көзқарастарын тереңдету, ойлау қабілеттері мен білімдерін кеңейту.3) Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Қатысушылар: 5-6 сынып оқушыларынан 2 команда. Ойын ережесі: Ойынға 2 команда қатысады.Әр команданың мақсаты көбірек ұпай жинау. Ол үшін ойын сұрақтарына дұрыс жауап берумен шектелмей, өз жауаптарына көбірек ставк...
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін.

Мектеп директоры: А.С.Есмаков



Январцев орта жалпы білім беретін мектебі








Математика және информатика пәндерінен «Жұлдызды сағат» ойыны

5а, 6асыныптар




Дайындаған: математика және

информатика пәндерінің

мұғалімі Иманкулова Г.Б.

физика және информатика

пәндерінің мұғалімі Бекеньязова А.С.








2014 жыл

Мақсаты: 1) Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.
2) Оқушылардың пәндерге деген ғылыми көзқарастарын тереңдету, ойлау қабілеттері мен білімдерін кеңейту.

3) Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қатысушылар: 5-6 сынып оқушыларынан 2 команда.
Ойын ережесі: Ойынға 2 команда қатысады.Әр команданың мақсаты көбірек ұпай жинау. Ол үшін ойын сұрақтарына дұрыс жауап берумен шектелмей, өз жауаптарына көбірек ставка қою керек.Турларда әр сұрақтың өз бағасы болады, ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Егер команда дұрыс жауап берсе, онда келесі сұрақты олар таңдайды. Егер команда сұрақтың дұрыс жауабын берсе - ұпайлары қосылады, ал қате жауап берсе - шегеріледі. Аукцион - сұрақ. Сұраққа жауап беру кезегі сұраққа көп баға берген командаға беріледі,ойыншылардың еншісіндегі ұпай саны сұрақтың бағасынан аз болса, олар ең төмен ставка, яғни сұрақтың бағасын ғана бере алады.Сиқырлы қап сұрағына осы сұрақ қай командаға тисе ,сол команда жауап беру керек.

- Қайырлы күн қымбатты қонақтар,әділ қазылар алқасы және ойынға қатысушылар!
- Сіздерді бүгін осы ойында көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз.
- Біздің бүгінгі мақсатымыз математика және информатика пәндерінің өте жауапты екендігін біле отыра, ғажайып білім әлеміне ойша саяхат жасап,оның байлығын көре білу және мүмкіндігінше оқушыларды қызықтыра білу.

Ойын ережесі.
- Бүгінгі ойынға қатысушы командалармен танысуға рұқсат етіңіздер.

Кезекте амандасу рәсімі.

"Алғырлар" тобы.
Ұраны: Білікті бірді жығар.
Білімді мыңды жығар.
Сәлемдесуі:
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
"Алғырлар" тобынан қарсылас топтарға сәлем.
"Тапқырлар" тобы.
Ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
Сәлемдесуі:
Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз.
Алғырлық пен тапқырлықты
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

- Бүгінгі сайысымызға әділ баға беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

- Ал, командалар дайынсыңдар ма? Әділ қазылар алқасы, сіздер дайынсыздар ма?
- Ойынды бастайық!!!


1 ТУР
Әдебиеттегі сандар
100. Қазақ халық мақалында қанша құмалақ бір қарын майды бүлдіреді? (бір)
200. Бір жанұяда 6 бала бар. Әр баланың жасы-жай сан. Бес баланың жасы ең кішісінің жасынан 2, 6, 8, 12 және 14-ке артық. Ең кіші бала неше жаста?
(5,7,11,13, 17, 19 )

300. Сиқырлы қаптағы сұрақ: Анам кесеге шәйді толтырып қоя салды. Кенже інім аңдамай қолындағы қантын сол кесеге түсіріп алды. Алайда қант құп-құрғақ күйінде қалды. Неліктен деп ойлайсың? (кеседегі шәй құрғақ болған)

400. Екі бөлмеде 76 адам болған, олардың біреуінен 30 адам, екіншісінен 40 адам шығып кеткенде бөлмелердегі адамдардың саны тең болды. Алғашқыда әр бөлмеде неше адам болған? (33 адам және 43 адам)

Ойлан, тап
100. Ноль санын алғашқы ойлап тапқан адам ?(Парсы математигі аль-Хорезми )(787-850)
200. Кімді математика королі атаған? (Карл Гаусс)
300. Үнділіктер оны «Сунья»,ал араб математиктері «Сифр» деп атаған. Біз оны қазір қалай атаймыз? (0)
400. Сиқырлы қаптағы сұрақ. Егіз сандар деп қандай сандарды айтамыз?( Айырмасы 2-ге тең жай сандар, мысалы:5 пен7)

Компьютер
100. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы? (Монитор)
200. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы? (Интернет)

300. Сиқырлы қаптағы сұрақ 1 Кбайт қанша байтқа тең? (1024 байт)
400. Адам көзі мен монитор арасындағы ара қашықтық қанша болу керек? (60 - 70 см)

Математикалық калейдоскоп
100. Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар. (апта күндері)
200.Тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінен екі есе артық болса, қазір сағат неше? (8)
300.АУКЦИОН - сұрақ. Бес жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы сегізге тең болды.Бес жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неге тең болады?(18 жас)
400. Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан.Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған жоқ.алғашқыда үстелде қанша кәмпит болған? (3)

Төртіншісі артық
100.Төртінші артығын тап: 37;19;27;29 .(27)
200.Төртінші артығын тап:қосынды,айырма,бөлінгіш, көбейтінді. (бөлінгіш)
300.Төртінші артығын тап: радиус,центр,төбесі,диаметр(төбесі)
400 . АУКЦИОН - сұрақ : төртінші артығын тап: 381;555;265;117.(265)

2 ТУР
Балалар
100.Үлкен ағасында 2кәмпит,ал інісінде 12 кәмпит бар.Үлкен ағасы інісінен неше кәмпитті тартып алғанда, әділеттілік орнап,олардың кәмпиттерінің саны теңеледі?(5)
200.Үйде 12 шәшке мен 9 табақшалар бар. Балалар шәшкелердің жартысын және 7 табақша сындырды. Неше шәшке табақшасыз қалды? (4)
300. Сиқырлы қаптағы сұрақ. Бір бала ас үйде тарақандарды ұстап жүріп, 5-ін өлтірді, ал 3 есе көбін жаралады. 3 тарақанды өте ауыр жаралады және олар жарақаттарынан өліп қалды, ал қалғандары тіріліп кетті,бірақ балаға ренжіп көршілеріне мүлдем кетіп қалды.Көршілеріне неше тарақан кетіп қалды? (12)
400. Әсет пен Азатқа 5 тәтті тоқаштан әперді. Әсет өзінің тоқаштарын 6 минутта жеп қойды да, әр тоқашын 4 минутта жеп жатқан Азатқа қарап қызғаныштан жындана жаздады. Әсет әлі неше минут қызғаныштан жынданатын болды? (14)


«Ойымды жалғастыр»
100. Жеті жұрттың тілін біл........... жеті түрлі білім іл.
200. Екі жақсы қас болмас............. екі жаман дос болмас.
300. Отыз тістен шыққан сөз,......... отыз елге тарайды.
400. Бір кісі қазған құдықтан,.......... мың кісі су ішеді.


Логика
100.Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды? (5)
200. АУКЦИОН - сұрақ : Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма? (алмұрт)
300. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар. Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)
400. Кішкентай Есетті мысық тырнап алғанда,ол 5 мин бақырды,ал ара шағып алғанда ол 3 мин ұзақ бақырды,өзінің анасы ұстап алып сабынмен жуындырғанда Есет ара шағып алғандағыдан екі есе көп уақыт бақырды. Анасы Есетті 11мин жуындырды. Есет жуынып болғаннан кейін қанша уақыт бақырды?(5мин)

Тіл - өнер
100. Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы (тышқан, мышка, mouse)
200. Қоршаған орта және онда жүріп жатқан процестер туралы мәліметтер (ақпарат, информация, information)
300. Сәлем ненің патшасы? (сөз, слово, word)
400. Жіпке ілдім мен өзін, Кіп - кішкентай күн көзін. (шам, лампочка, lamp)

Нақыл сөздер
100. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы. (К. Гаусс)
200. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика. (М. В. Ломоносов)
300. Математика - барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р. Бэкон)

400. Ғылыммен неғұрлым көп танысқан сайын, оны соғұрлым жақсы көрерсін. (Н.Г.Чернышевский)


Ойынның нәтижесін шығару.

Қосымша сұрақ: Қазақта қолданатын ұзындық өлшеуіштерін ата. (шынтақ, елі, бір елі, сынық сүйем, құлаш, табан, қадам, көз көрім жер, таяқ тастам жер, түстік жер, күндік жер).


- Ал әділ қазылар алқасы сіздердің ойларыңызды білсек. Осы сайысымызды қорытындылау үшін ортаға әділ қазылар алқасын шақырамыз.
Математика мен информатика нық басып ғаламатта,
Ой бөлісіп заманды саралапты.
Қош болыңдар, қымбатты көрермендер,
Қайта айналып көріскенше саламатта.
Бүгінгі кешіміз осыменен аяқтаймыз! Баршаңызға көп - көп рахмет!

© 2010-2022