Үлгілі ұрпақ - білімді отбасы!

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Біз жаңа ғасыр отбасыларымыз»

Мақсаты:

Жоспар

І кезең. «Сәлем - сөздің атасы» таныстыру

ІІ кезең. «Бәйге» сұрақ - жауап

ІІІ кезең. «Кім жылдам, кім тапқыр» мақал - мәтел

ІV кезең. «Тәуелсіздікке 25 жыл» суреттерді құрастыру

V кезең. «Бала тілі - бал» бүлдіршіндерге арналған сұрақ - жауап.

VІ кезең. «Көкпар»

Жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар, ата - аналар! Бүгінгі «Біз жаңа ғасыр отбасыларымыз» атты жаратылыстану математика бірлестігінің апталығында ұйымдастырылып отырған мектепішілік шарамызға қош келдіңіздер!

Уа халайық, халайық

Бәріңе жар салайық,

Бүгінгі кеш төріне

Математика тілінде

Жанұялар жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Шабыт тасып, шалқысып

Есеппен ән салады

Көңілді кеш жасаймыз! дей отырып, сайысымызды бастаймыз. Бүгінгі сайсымызға қатысушы жанұя топтары

1 топ Жаны жайсаң жайдарлы отанасы,

Салмақты, сабырлы отағасы,

Көп баланы тәрбиелеп отырған

Ауылымызда үлгілі «Демеуовтер» отбасы

Ұраны:

2 топ Өнер десе бұл отбасы жан береді

Өнер келсе ортамызға сән келеді

Өр намысшыл жігерлі бұл отбасы

«Жолаховтар» отбасы міне келеді

Ұраны:

3 топ Ибалылық тұнып тұр бойларында

Білім алу, өнер қуу ойларында

Қыздарына тәрбиені үйіп берген

«Канатовтар» отбасы ортамызда

Ұраны:

Шын жүйрік шабысынан танылады,

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділ-қазы ортамызда,

Сіздерге құрметпенен қол соғылады!-деп әділ-қазыларды таныстырып өтсек.

...................................................................................................................................

...................................................................................................................................

...................................................................................................................................

...................................................................................................................................

Кешімізді Әміров Сұлтанның орындауында « » әнімен жалғастырамыз. Сайыскерлер мен көрермендер назарына бүгінгі сайыс кезеңдерін ұсынамыз.

ІІ кезең. «Бәйге» сұрақ - жауап

ІІІ кезең.«Кім жылдам, кім тапқыр» мақал - мәтел

ІV кезең. «Тәуелсіздікке 25 жыл» суреттерді құрастыру

V кезең. «Бала тілі - бал» бүлдіршіндерге арналған сұрақ - жауап.

VІ кезең. «Көкпар»

І кезең. «Сәлем - сөздің атасы» таныстыру кезеңі. Әр команда өздерін таныстырып кетсін.

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге - ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға - сол алда!

ІІ кезең. «Бәйге» сұрақ - жауап кезеңі. Әр командаларға арналған сұрақтар беріледі. Дұрыс жауап бір балдық жүйемен бағаланып отырады.

І топ

1. Сөздердің дұрыс жазылуын қарастыратын ғылым. /Орфография/
2. Үш арыс /Сәкен, Ілияс, Бейімбет/
3. Қазақ тілінде неше жалғау бар? /4/
4. «Сарыарқа» күйінің авторы. /Құрманғазы/
5. Синус, компьютер сөздері қандай сөздер? /термин/
6. Жаз мезгілінің соңғы айы. /тамыз/
7. Киіз үйдің қабырғасы не деп аталады? /кереге/
8. Түркияның астанасы. /Анкара/
9. Атмосфераның ең төменгі қабаты. /Тропосфера/
10. Аққудың балапаны қалай аталады? /көгілдір/
11. Абайдың шын аты. /Ибрахим/
12. Жыл атауынан құр қалған жануар. /Түйе/
13. «Әке мен бала» кімнің әңгімесі. /Ы. Алтынсарин/
14. «Невада - Семей» антиядролық қозғалысын кім ұйымдастырды? /О. Сүлейменов/
15. «Тонның ішкі бауындай» тұрақты сөз тіркесін қалай түсінесіз? /тату/

ІІ топ

1. Сөздердің дұрыс айтылуын зерттейтін ғылым. /Орфоэпия/
2. Үш биді ата. /Төле, Қазыбек, Әйтеке/
3. Қазақ тілінде неше септік бар? /7/
4. «Аққу» күйінің авторы.. /Н. Тілендиев/
5. Керует, самаурын қандай сөздер? /кірме/
6. Қыс мезгілінің екінші айы. /қаңтар/
7. Киіз үйдің төбесі қалай аталады? /шаңырақ/
8. Қытайдың астанасы /Пекин/
9. Жердің ауа қабаты. /атмосфера/
10. Африкалық түйеқұс қалай аталады? /Страус/
11. Ш. Уәлихановтың шын аты. /Мұхаммедқанафия/
12. Жыл санауға кірген құс. /тауық/
13. «Таза бұлақ» кімнің әңгімесі. /Ы. Алтынсарин/
14. Қазақстанда Кеңес үкіметін орнату үшін күрескен большевик. /Т. Бокин/
15. «Жұлдызы қарсы» болу тіркесінің мағынасы. /Араз/

ІІІ топ

1. Тіл дыбыстарын зерттейтін ғылым /фонетика/
2. Үш жүздің басын қосқан ұлы хан /Абылай/
3. Сан есім нешеге бөлінеді? /4/
4. Күй атасы кім? /Құрманғазы/
5. Бір ғана мағына беретін сөз тіркесі не деп аталады? /тұрақты сөз тіркестері/
6. Күз мезгілінің екінші айы /қазан/
7. Жердің су қабаты не деп аталады? /гидросфера/
8. Францияның астанасы. /Париж/
9. Наурыз күні балалардың топталып айтатын әні. /жарапазан/
10. Балаға арналған тайға салатын ер. /ашамай/
11. Абайдың әжесі кім? /зере/
12. Қалталы жануар /кенгуру/
13. Көксерек шығармасы авторы? /М. Әуезов/
14. Алаш Орданың тұңғыш төрағасы. И /Ә. Бөкейханов/
15. «Жүрегі зу етті» - деген тіркестің мағынасы /қорықты/

Сарапшылардан «Бәйге» кезенінің нәтижесін сұраймыз. Рахмет.

Келесі кезең «Кім жылдам, кім тапқыр» мақал - мәтелдер кезеңі. Берілген сөздер мен бастапқы сөз арқылы соған байланысты мақал мәтелді тауып айтуларыңыз керек. Егер дұрыс тапса, 5 балдық жүйемен бағаланды. жауап толық болмаса, 3 балл, егер жауап бере алмаса, келесі отбасыға жауап беруге болады.

Ағаш кессең ұзын кес, қысқартуың оңай

Темір кессең қысқа кес, ұзартуың оңай1 топқа

Қағаз

Шыны ТЕМІР

Су

Ағаш

Қолда барда, алтынның қадірі жоқБас

Қол АЛТЫН

Аяқ

Шаш

Батыр майданда шынығады,

Болат қайнауда шынығадыМайданда

Тойда БОЛАТ

Далада

Жарыста

2 топқа

Қойдың сүті қорғасын

Қойды ұрған оңбасынҚой

Сиыр ҚОРҒАСЫН

Жылқы

Түйе

Су ішкен құдығыңа түкірме

Науа

Құдық СУ

Шыбық

Тас

Жылтырағанның бәрі алтын емесЖылтыр

Қызғылт АЛТЫН

Сарғыш

Сұрғылт

Тағаның күмісіне мақтанба

Атыңның жүрісіне мақтан3 топқа

Таға

Балта КҮМІС

Орақ

Қамшы

От көмір жейді

Тот темір жейдіТас

Тот ТЕМІР

Шот

Жас

Арпа-бидай ас екен

Алтын-күміс тас екенТас

Құм АЛТЫН-КҮМІС

Топырақ

Саз

ІV кезең. «Тәуелсіздікке 25 жыл» суреттерді құрастыру.

1991-2016 жылдар аралығындағы оқиғаларға байланысты суреттерді рет ретімен құрастыру. Жылы мен болған оқиға сәйкес келулері керек.

(плакаттар, суреттер, маркерлер үлестіріледі)

Командалар тапсырмаларын орныдағанша, кезекті әсем әнге берейік.

6 «а» сынып оқушысы Меренова Көркемнің орындауында «Менің қос бәйтерегім» әні.

V кезең. «Бала тілі - бал» бүлдіршіндерге арналған сұрақ - жауап.

Ақнұр:

париж, астана, лондон, пекин - астана

кесе, қасық, ожау, тарелке - ыдыс

шөп, қарбыз, тақта, кофта - жасыл

парта, мұғалім, карта,компьютер - мектеп

Ақжан:

доп, скакалька, секундомер, алаң - спорт

х, калькулятор, график, ғалым суреті - математика

ақ түс, тақта, ақ таудың суреті, кальций - бор

адам жүгірген, скорый машина, ағыс, жануардың жүгіргені - жылдамдық

Айымгүл:

капуста, алма құрты бар, АВСД , орех - витамин

бәйшешек, 22, ай мен күн, қар еріп жатқан - көктем

сақина, резинка, кольцо, балон - шеңбер

элект. почта , почта үйшік, хат, каробка - почта

VІ кезең. «Көкпар»

«Астаналар» 10 20 30 40 50

10 - Франция астанасы (Париж)

20 - Канада астанасы (Оттава)

30 - Монғолияның астанасы /Улан Батыр/

40 - Боливия астанасы (Ла - Пас)

50 - Чад астанасы (Нджамена)

«Терминдер» 10 20 30 40 50

10 - планиметрия /геометрияның бір бөлімі/

20 - readln /берілген мәліметтерді оқу немесе енгізу операторы/

30 - катализотор /реакцияны жылдамдатады, бірақ өзі қатыспайды/

40 - Эротрацит /қандағы қызыл түйіршіктер/

50 - Самум /Сарадағы құмды дауылдар/

«Математика» 10 20 30 40 50

10 - сos60° нешеге тең? /1\2/

20 - санның Үлгілі ұрпақ - білімді отбасы! бөлігі? /процент/

30 - математиканың өрнектермен есептеулер жүргізетін бөлімі /алгебра/

40 - нәрселерді санағанда

керек ол бізге ауадай

айтындаршы бұл қандай сан

жан жағына қарамай /натурал сан/

50 - Діни тұрғыдан сандық соқыр сенімдердің ішінде әлі күнге дейін санадан арылмай келе жатқан сандар бар. Мысалы, 666 - "пері саны", 3 және 12 пифагоршылдар мектебінде бақытты сан деп есептеген. Сол сияқты бірқатар елдер үшін үрейлі сан бар. Бұл санмен үйлерді, жатақханаларды және қонақ үйлердегі бөлмелерді, кинотеатрлардағы орындықтарды нөмірлемеген. Бұл қандай сан? /13/

«Ғалым» 10 20 30 40 50

10 - Шоқан Уалиханов /ғалым, зерттеуші, саяхаттанушы/

20 - Чарлиз Дарвин /эволюциялық теорияны ашты/

30 - Михаил Василиевич Ломоносов /атом молекулалық ілімді, зат массасының сақталу занын/

40 - Мұхаммед Әл Хорезми /алгебра сөзінің шығуымен байланысты, теңдеу шешуде түрлендірулерді енгізген адам/

50 - Блез Паскал /ең бірінші есептеуіш машинаны ойлап тапқан/

Осымен отбасылық сайысымыздың кезеңдері аяқталды. Әділ-қазылар ұпай сандарын есептеп, қортыныдысын шығарғанша, келесі кезекті « » биіне береміз.

Сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік,


Жанұяның тірегі әке болсын,
Шаңырақтың шуағы ана болсын.
Бар тілекті арнайтын балаңызға
Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын

Ақыл керек білім таңдап аларға,
Білім керек іске жақсы қарарға
Ақыл - шырақ қара түнді ашатын,
Білім - жарық нұрын саған шашатын
Біліктіні тыңда ақылдың бұлағы
Білімді сөз шырын жанның құнары - деп баршамызда білімді, білікті болайық.


© 2010-2022