«Тақия тастамақ» Қимылдық ойын

Мақсаты : Балаларды жалықтырмай ойын ережесін сақтап , жылдамдыққа , шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Жаңылтпаштар еліне саяхат. Хамзина Гулизат Кайратовна Қостанай облысы ,Арқалық қаласы ,Ашутасты ауылы «Гүлдер » бөбекжайының тәрбиешісі Сабақтың мақсаты: Балаларға жаңылтпаштар туралы білім беру. Сөздік қорын байытып , жаңылтпашты нақты етіп айта білуге тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: Түсіндіру , айту, көрсету, жаңылтпаштарды нақты етіп айта білуге үйрету. Сабақтың барысы: Тәрбиеші сабақты жаңылтпашт...
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қимылдық ойын: « Тақия тастамақ».
Мақсаты : Балаларды жалықтырмай ойын ережесін сақтап , жылдамдыққа , шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу.

Жаңылтпаштар еліне саяхат.
Хамзина Гулизат Кайратовна
Қостанай облысы ,Арқалық қаласы ,Ашутасты ауылы «Гүлдер » бөбекжайының тәрбиешісі
Сабақтың мақсаты: Балаларға жаңылтпаштар туралы білім беру. Сөздік қорын байытып , жаңылтпашты нақты етіп айта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру , айту, көрсету, жаңылтпаштарды нақты етіп айта білуге үйрету.
Сабақтың барысы: Тәрбиеші сабақты жаңылтпаштар еліне саяхаттан бастайды.
Балалар , бүгін біз « Жаңылтпаш еліне» саяхатқа барамыз. Балалар біз қазір екі топқа бөлінеміз. Бірінші топ- «Айгөлек» , ал екінші топ - « Раушан» .
Топтан бір бала арбамен сиқырлы сандықты сүйретіп келеді. Балалар таңдана сандыққа қарайды.
Ал енді балалар бізге жіберілген мына сиқырлы сандықшаны ашып көрейік. Екі топта мұқият тыңдап отырыңдар. Мен сендерге қандай жаңылтпаш жазылғанын оқып беремін. Балалар сендер қатесіз қайталауға дайын отырыңдар жарайма?
«Раушан» тобына :
Алатауда неше шың бар?
Қаратауда неше шың бар?
Алатауда бір мың шың бар,
Қаратауда бір мың шың бар.
«Айгөлек» тобына:
Құс қайтты ,
Қыс келді.
Қыс қайтты,
Құс келді.
«Раушан» тобына :
Алғыр аттар арғымақтар,
Арғымақтарды әркім мақтар.
«Айгөлек» тобына:
Қарға, қарға қарғалар,
Қарның ашса, жарма бар.
Жарма жегің келесе,
Шаңға ауна, жарға бар!
Қимылдық ойын: « Жел көбік».
Балалар бір-бірінің қолынан ұстап, жақын- жақын дөңгелене тұрады. Тәрбиешіге қосылып олар мына өлеңдерді айтады:
Көпіре гөр көбік шар,
Көпіре гөр кеңіп шар.
Осы күйі қал тұрып,
Кете көрме жарылып.
Өлеңді айтып бара жатып, балалар дөңгелек шеңбрді кеңейте түседі. Тәрбиеші «жел көбік жарылды» деген кезде барлық балалар қолдарын төмен түсіріп , бір дауыспен « тарс етті» - дейді де тізерлеп отыра кетеді.
«Раушан» тобына :
Тау бар, тау бар,
Тауда бау бар,
Бауда ара бар,
Ара барда, бал бар.
«Айгөлек» тобына:
Қарға ,қарға қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Балалар жарайсыңдар, барлықтарыңда өте жақсы қайталадыңдар, енді сандық сендерге қуанғанынан рахметін айтып, жұлдызшаларын сыйға тартады. Осы жұлдызшаларды қолдарымызға жабыстырып алайық. Балалар сендерге ұнадыма?
-Балалар ризашылығын білдіреді.



© 2010-2022