«Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы»

Раздел Математика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы»

Сілтеме

Алгебра 9 - сынып А. Б. Әбілқасымова

Жалпы мақсаты.

Арифметикалық прогрессияның n-мүшесінің формуласын

есеп шығаруда қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

Міндеттері.

1. Оқушылардың алған білімін практикада қолдана алу.

2 . Прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын жаза білу

және есеп шығаруда қолдану.

3. Оқушыларды белсенділікке, шапшандылыққа тәрбиелеу.

Мұғалім үшін оқу нәтижелері.

1. Оқуға бағыт - бағдар беру;

2. Топта жұмыс істеу арқылы аталған тақырыптың

меңгерілуін бағалау;

3. Есеп шығаруда формуланы қолдана білу дағдысын

қалыптастыру;

4. Математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін дамыту;

Сабақтың түрі, әдіс- тәсілдері

Аралас сабақ өз бетімен жұмыс шығармашылық

жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, сұрақ жауап өзін - өзі бағалау;

Сабақтың көрнекілігі.

Оқулық, есептер жинағы, таратпалы тапсырмалар.

Күтілетін нәтиже.

an = a1+(n-1)·d формуласын есеп шығаруда қолдана алуы

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Адамдарға кешіріммен қарайтын,

Жан жылуы жылылық боп тарайтын

Кішіпейіл бала болып өсіңдер,

Айналасын нұрлы күнге бөлейтін.

Оқушылардың көңіл күйіне назар аударамын, жоқ

оқушыларды белгілеп, бағалау парақшасын

таратамын. Оқушыларды 2 топқа бөліп, басшыларын

сайлаймын және бағалау парағын әр топтың басшысына

беремін.

Р/с

Оқушының

тегі- аты

Үй-

тапсырмасын

тексеру

Сұрақ-

жауап

Денгейлік

тапсырма-

лар

Топпен

жұмыс

Шығырмашы

лық жұмыс

Сәйкес

тендіру

тесті

Қорытынды

баға







Сабақтың барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. an = 4+5(n-1); а2 - ? а4 - ? а7 - ?

2. an = 5·2 n-1 а2 - ? а4 - ? а7 - ?

"Ой қозғау " кезеңі

- Сан тізбегі деген не?

- Тізбектің мүшелері деген не? Мысал келтір.

- Сан тізбегінің берілу тәсілдерін ата.

Мысал келтір.

ІІІ. Жана сабақ.

Натурал аргументті функцияны сандар тізбегі, ал тізбекті құрайтын сандарды тізбектің мүшелері деп атайды.

а1, а2, а3, а4,... . аn-1. аn. аn+1...

Оқушылардың үй - тапсырмасы тақтадағы

жауаппен тексеріледі.

Оқушылар сұрақтарға жылдам жауап береді және бағаланып отырады.

Анықтама.

Егер екінші мүшесінен бастап, әрбір мүшесі алдынғы мүшесіне қандай да бір

тұрақты санды қосқанда шығатын болса, онда сандар тізбегі арифметикалық прогрессия деп аталады.

an = an+1+an-1

2

an= a1+d·(n-1) арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің

формуласы.



Оқушылар дәптерлеріне формуланы жазады.

ІV. Жаттығулар бөлімі. Деңгейлік тапсырмалар.

1. 29,22,15.....арифметикалық прогрессияның жиырмасыншы мүшесін анықтаңдар. (A тобы боыйңша)

Оқушылар өз деңгейіне қарай тапсырмаларды орындайды.(A.B.C бойынша)

2. 37 саны бірінші мүшесі 10-ға, айырымы 2,7-ге тең арифметикалық прогрессияның мүшесі бола ма?

Егер болса оның нөмірін анықтаңдар.

(В тобынан)

3. а7=-20 және а17=-5 болатын арифметикалық прогрессияның жиырмасыншы мүшесі неге тең?

(В тобы бойынша)

4. 1. аn= 3n+2;

2

2. аn= 7n-2;

3

сандар тізбегінің арифметикалық прогрессия болатынын немесе болмайтынын анықтап, бірінші мүшесі мен айырмасын табындар.

(С тобы бойынша)



Оқушылар есептерін тақтаға орындай отырып бағаланады.

V. Топтық жұмыс.

Әр топқа тапсырма беріледі.

І-топ. Арифметикалық прогрессияның бірінші, төртінші, және он үшінші мүшелерінің қосындысы 21-ге тең. Прогрессияның алтыншы мүшесін табыңыз.

ІІ-топ. Егер а1=2. а4=11 болса, арифметикалық прогрессияның жетінші мүшесі неге тең?

Оқушылар топ болып жасайды Топ басшылары жұмыстарын тексеріп, бағалайды.

VІ. Шығармашылық ізденіс.

1. Арифметикалық прогрессияның тоғызыншы мүшесін екінші мүшесіне бөлгенде бөліндісінде 5 болады, ал он үшінші мүшесін алтыншы мүшесіне бөлгенде бөліндісінде 2, қалдықта 5 болады. Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі мен айырмасын табыңыз.

2. 299 саны келесі екі арифметикалық прогрессиялардың: 5;8;11;... және 3;7;11;... ортақ мүшесі болуы мумкін бе?

Топ басшылары сайысқа түседі.

Егер болатын болса, онда әр прогрессиядағы оның нөмірін көрсетіңіз?

VІІ. Сабақты қорытындылау.

Сәйкестендіру.

а10= а1+?

а100= а1+?

a1 = 3, а2= 76, а10-?

19+ а21):2=?

а1= 16, а8= 37, d = ?

99d

9d

a20

39

d=3

Басшылардың бағаларын тыңдау.

Әр топ басшысы топ мүшелеріне

бағаларын айтады.

Үйге тапсырма: № 173,175.

Рефлексия

Стикерлер тартылады.

Берілген тапсырманы күнделіктріне

жазып алады.

Кері байланыс. Оқушылар сабақ бойынша өз ойларын білдіреді.



© 2010-2022