Планирование по математике на тему Занимательная математика

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін Келісемін Бағдарлы оқыту АӘК меңгерушісі:

Мектеп директоры: Мектеп әдіскері: жөніндегі орынбасары:

Кемелбаева А.У. Бейсембаева К. Көшербаев М Қайрақбаева Г.

-------------------- -------------------- -------------------- ----------------------

«---»------------- «---»-------------- «---»------------- «---»---------------







Қолданбалы курсы бойынша 5 сынып математикасына

БАҒДАРЛАМА



КУРС ТАҚЫРЫБЫ: «Қызықты математика»







Пән мұғалімі: Кенжалина Айжан Сейтказиновна











КММ М.В. Ломоносов орта мектебі

2015-2016 оқу жылы

Бағдарламаның мақсаты:

Оқушылардың ауызша ойлау қабілетін арттырып, тез есептеу жолдарын үйрету. Ойындар ойнау, халық ауызында жүрген логикалық есептер, сөзжұмбақтар, сиқырлы шаршылар, шырпымен шығарылатын логикалық есептер, натурал сандардың бөлінгіштік белгілерін үйрету арқылы пәнге қызығушылығын арттыру.

Бағдарламаның міндеті:

  • Оқушыларға тез есептеу әдістерін үйрету

  • Ойын есептерін шешу жолдарын меңгерту

  • Ақыл - ойын және ерік сезім белсенділігін арттыру.

  • Математикалық сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

  • Қиялдарын ұштау, шығармашылық зерде үрдістерін жоғарлату

ТҮСІНІК ХАТ

5 сыныптарға арналған «Қызықты математика» пәнін жүргізу арқылы оқушылардың білімін тереңдетіп, олардың математикаға деген ынта жігерін арттырып, математикалық қабілетін одан әрі қарай дамыту мақсатын көздейді. Тереңдетілген бағытта алынған бағдарлама құрылымында оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейі ескерілді. Логикалық ойлау, ақыл-ой белсенділігін арттыру мақсатында бағдарламаға математикалық ребустар, сөзжұмбақтар, ойындар, халық ауызында жүрген логикалық есептер, шырпымен шығарылатын есептер, сиқырлы шаршылар, әзіл есептер енгізілген. Оқушыларға ауызша жылдам, әрі тиімді тәсілмен есептеу жолдары көрсетілген. Оқушылардың функционалдық міндеттерін арттыруға көмектесетін логикалық есептер енгізіліп отыр. «Малахит», «Кенгуру», «Ақбота» сияқты олимпиадаларға берілген дәстүрлі емес есептер де қарастырылған. Қолданбалы курсты қорытындылау «Қызықты математика» атты математикалық кеш түрінде өткізіледі. Сынақ сабағы тест арқылы бағаланады.

Оқушыларға қойылатын талаптар

Оқушылардың білуі тиіс:

  • Ауызша есептеу жолдарын

  • Тез есептеу әдістерін

  • Натурал сандардың бөлінгіштік белгілерін

  • Логикалық есептерді әр түрлі тәсілдермен түрлендіре шешу әдістерін

Оқушылар меңгеруге тиіс:

  1. Логикалық есептерді шешу тәсілдерін

  2. Математикалық тілде сөйлеу дағдысын

  3. Геометриялық фигураларды ажырату

  4. Математика туралы және онда қолданылатын ойын әдістерін.

Оқушылар жасауға тиіс:

  1. Тарихи мағлұматтар жинақтауға;

  2. Логикалық есептерді аналитикалық, графиктік әдістермен шешуді;

  3. Математикалық ойын есептерді шығару тәсілдерін игеруді.

  4. Өздігінен ізденіп, шығармашылықпен жұмыс жасауға тиіс.

Пәнаралық біріктіру:

  1. Математиканың тарихпен байланысуы

  2. Жұмбақ есептердің әдебиетпен байланысуы

  3. Шырпымен басқатырғыштардың геометриямен байланысы



Пәнаралық байланыс:

Математика, геометрия, әдебиет, тарих

Уақыт көлемі, сабақтың жиілігі:

Сағат саны -34, аптасына -1 рет, ойын сабақтары-3 , практика- 25, сайыс сабақ -3, қорытынды сабақ-1, сынақ сабақ-1, олимпиада-1.











«Қызықты математика»

5 сынып (аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1-2

Математикалық ребустар

2

3-5

Логикалық есептер

3

6-7

Халық ауызында жүрген логикалық есептер

2

8-9

Сиқырлы шаршылар

2

10

«Көңілді математиктер клубы» ойыны

1

11

«Миллион кімге бұйырады?» сайысы

1

12-14

Шырпымен шығарылатын логикалық есептер

3

15-17

Математикалық олимпиада есептер

3

18

Сөзжұмбақтар

1

19

«Математикалық жұмбақтар» ойыны

1

20-22

Ауызша есептеу жолдары

3

23

«Сиқырлы сандар елінде» ойыны

1

24

«ХХІ- ғасырдың жас математигі» сайысы

1

25-26

«Малахит» есептері

2

27-28

«Ақбота» есептері

2

29-30

«Кенгуру» есептері

2

31

«Озық оқушы» олимпиадасы

1

32

«Дарындылар додасы» атты сайыс

1

33

«Қызықты математика» атты математикалық кеш

1

34

Тест

1






Қолданылатын материалдар



  1. «Қызықты математика» логикалық есептер жинағы. 5-6 сыныптар . Т. Нұрғалиев , Алматыкітап баспасы, 2014 жыл

  2. Мәтін және логикалық есептер мен тест тапсырмалар жинағы . 4-6 сыныптар. Тердікбай Күшай, Хазез Мейрам

  3. Логикалық математика және ой дамыту. 5-6 сыныптар

  4. «Математика және физика» ғылыми әдістемелік журналдары.

  5. «Репетитор», «Математикалық логика», «Алгоифм» журналдары





© 2010-2022