Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу

Раздел Математика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 9

Күні: 21.09.15 жыл

Пәні: алгебра

Сабақтың тақырыбы:

§2. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу.

Сызықтық теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері.

Сілтеме:

Күнтізбелік жоспар, оқулық : Ә.Н.Шыныбеков « Алгебра» 9- сынып

Жалпы мақсаттар:

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер тақырыбына тиісті есептер шығару

Тақырып бойынша білімдерін тереңдетіп,жүйелейді, есеп шығару кезіндегі білім дағдыларының қалыптасуына көз жеткізеді;

Ресурстар:

Оқулық, сабаққа қажетті ресурстар.

Әдіс - тәсілдер

Тәсілі : жеке,жұппен

Модуль: СТО

Оқыту нәтижесі:

Оқушылар тақырыпқа тиісті есептер шығарады. Оқушылар жекелеме,жұппен жұмыс істей отырып идея бөліседі, өнім жасалады, талдайды, жинақтайды, қортындылайды, бағалайды.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Ұымдастыру кезеңі:

1 мин

Оқушылар мен сәлемдеседі. Жағымды психологиялық ахуал тұдырады.

Оқушылар сәлемдеседі.

Оқушыларда көтерінкі көңіл - күй пайда болады.







8 мин

«Қайталау-оқу айнасы» ұранымен әр түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі, оқушылардың кезекпен жауап беруі сұралады.

1. Қандай теңдеулерді бірнеше айнымалысы бар теңдеу деп атаймыз?

2 . Теңдеудің дәрежесі қалай анықталады?

Оқушылар кезектесіп жауап береді. Оқушылар еске түсіреді, талдайды.

1. Егер теңдеудің құрамында бір емес, бірнеше айнымалы бар болса, онда бұл теңдеуді бірнеше айнымалысы бар теңдеу деп атаймыз.

2. Көп айнымалысы бар теңдеулердің дәрежелерін анықтау үшін оның құрамндағы әрбір қосылғыштағы айнымалылардың дәрежелерін қосады. Осыдан шыққан сандарды салыстыра отырып олардың ең үлкенін анықтайды. Осы анықталған сан теңдеудің дәрежесі деп аталады.

Қызығушылы

ғын ояту:

Жаңа тақырыпқа тиісті мәліметтер беру

15 мин

Жаңа тақырыпқа тиісті мәліметтер беріледі.

№1 қосымшада көрсетілген.

Оқушылар мұқият пен тыңдайды.

Тиісті жерде сұрақтар қояды.

Мағынаны ажырату

Жаңа тақырып бойынша есептер шығару







20 мин

Оқушыларға оқулықтан 87-есеп шешу үшін беріледі

Мұғалім оқушыларды сырттай бақылап, білім, білік дағдыларын анықтап, кері байланысқа шығады.

Топтағы балалар бір мысалды қарастырып, бірге отырып талқылап, өзге топтарға түсіндіреді. Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады,ойланады.Өзгелерді тыңдай отырып , өз білімін толықтырады. Ізденеді.

Бағалау

1мин

Топтық жұмыстардың жиынтық бағасы қойылады.

Рефлексия

Стикер таратып, оқушылар пікірін білдіреді.

Үйге тапсырма

1мин

90-есептің 1,2- шешу

№1 қосымша

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешу үшін:

  1. Жүйедегі теңдеулердің айнымалылардың біреуінің коэффициенттері қарама-қарсы сандар болатындай әр теңдеуді көбейткіштерге көбейту керек;

  2. Жүйедегі теңдеулерді мүшелеп қосып, бір айнымалысы бар теңдеуге айналдыру керек;

  3. Шыққан теңдеуді шешіп, айнымалының мәнін табу керек;

  4. Осы айнымалының мәнін жүйедегі бір теңдеудегі орнына қойып, екінші айнымалының мәнін табу керек.

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу.

Жүйедегі теңдеулердің біреуіндегі 2х - у = 15 у-тің орнына мәнін қойсақ, 2х - 7 = 15, 2х = 22, х = 11.

Жауабы: (11; 7)

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу үшін:

  1. Теңдеудің біреуіндегі бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы өрнектеу керек;

  2. Табылған өрнекті екінші теңдеудегі осы айнымалының орнына қою керек. Сонда бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу шығады;

  3. Шыққан сызықтық теңдеуді шешіп, айнымалының мәнін табу керек;

  4. Табылған айнымалының мәнін екінші айнымалыны табу өрнегіндегі орнына қойып, екінші айнымалыны табу керек.Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу.



© 2010-2022