Сызба бойынша есептер шығару. 5 сынып

Сабақ: № 13 Пәні: Математика Күні: 16.09.2014 ж. Мектебі: Нұрлы-көш орта мектебі Сыныбы: 5 сынып Сабақтың тақырыбы: Сызба бойынша есептер шығару. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға натурал сандарға амалдар қолдану жолдарын үйрету, сызба бойынша есептер шығара отырып, есеп шығару барысында белгісіз компоненттерді табу ережелерін қолдана білуге машықтандыру. Сабақтың міндеттері: Білімділік: Оқушыларға натурал сандарға амалдар қолдану жолдарын үйрету, сызба бойынша есептер шығара отырып, есеп шығару бары...
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ: № 13

Пәні: Математика

Күні: 16.09.2014 ж.

Мектебі: Нұрлы-көш орта мектебі

Сыныбы: 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сызба бойынша есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға натурал сандарға амалдар қолдану жолдарын үйрету, сызба бойынша есептер шығара отырып, есеп шығару барысында белгісіз компоненттерді табу ережелерін қолдана білуге машықтандыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға натурал сандарға амалдар қолдану жолдарын үйрету, сызба бойынша есептер шығара отырып, есеп шығару барысында белгісіз компоненттерді табу ережелерін қолдана білуге машықтандыру, өтілген материал мен жаңа материалды ұштастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың қорытынды жасау, нақтылау, жалпылау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту.

Тәрбиелілік: Оқушылар берілген тапсырманы ұқыпты, шапшаң және тиянақты орындауға, ережелерді есте сақтап дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай үлестірме қағаздары.

Әдебиеттер: Т.А.Алдамұратова, Е.С.Байшоланов «Математика 5 сынып», Алматы «Атамұра» 2010.

Әдістері: Түсіндірмелі - иллюстрациялау, практикалық.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, оқушы қатысымына және сынып тазалығына назар аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 1 есеп, 37 бет.

  1. 425 : (2х + 3) = 17

2х + 3 = 425 : 17

2х + 3= 25

2х = 25 - 3

2х = 22

х =11

  1. 945 : (4у - 43) = 21

4у - 43 =945 : 21

4у - 43 = 45

4у = 88

у = 22

ІІІ. Есептер шығару

1 есеп. Поезд 1596 км қашықтықты жүріп өту керек. Ол 14 сағатта 588 км/сағ жүрді. Егер осы жылдамдықпен жүре берсе, қалған жолды неше сағатта жүріп өтеді?

588 : 14 = 42км/сағ

1596 - 588 = 1008км

1008 : 42 = 24сағ

Жауабы: 24 сағатта қалған жолды жүріп өтеді.

160 есеп. Асанның 123 маркасы бар, ал Қасеннің маркалары одан 3 есе аз. Қасеннің маркаларынан Асанның неше маркасы артық?

123 : 3 =41

Жауабы: Асанның Қасеннен 41 маркасы артық.

161 есеп. 13 жұмысшыдан құралған бригада жоспар бойынша 10 сағ ішінде 1248 деталь жасауға тиіс еді. Жұмысты тездетіп орындап, жұмысшылар тапсырманы 2 сағ бұрын орындады. Әрбір жұмысшы сағатына неше деталь жасады?

1248 : 13 = 96

10 - 2 = 8

96 : 8 = 12

Жауабы: 1 сағатта әрбір жұмысшы 12 деталь жасаған.

162 есеп. Туристер лагерінен қалаға дейін 84 км. Турист велосипедпен лагерьден қалаға қарай 12 км/сағ жылдамдықпен , ал қайтарында сол жолмен 14 км/ сағ жылдамдықпен жүрді. Турист қай жолға көбірек уақыт жұмсады және неше сағат артық жұмсады?

84 : 12 = 7 сағ

84 : 14 = 6 сағ

7 - 6 = 1 сағ

Жауабы: қалаға дейін 1 сағ артық уақыт жұмсады

172 есеп. Почта кептері хабарды 130 км қашықтағы жерге жеткізуге тиіс. Оның жылдамдығы 50 км/сағ. Осы хабарды кептер: а) 2 сағ ішінде жеткізе ала ма? б) 3 сағат ішінде ше?

2сағ * 50 км/сағ = 100 км

3сағ * 50 км/сағ = 150км

Жауабы: 3 сағ ішінде 130 км қашықтағы жерге жетеді.

174 есеп. Колхозшы автомобильмен станциядан қалаға қарай 55 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Ол бүкіл жолға 2 сағ уақыт жұмсады. Сол жолмен қайтқанда станцияға қарай 22 км/сағ жылдамдықпен мопедпен жүрді. Колхозшы қанша уақытта станцияға жетеді?

55км/сағ * 2сағ = 110км

110 км : 22км/сағ = 5 сағ

Жауабы: 5 сағ ішінде станцияға жетеді.

175 есеп. Салт атты жолаушы 5 сағ ішінде 80 км жол жүрді. Мотоциклшінің жылдамдығы салт аттының жылдамдығынан 24 км/сағ артық болса,сол жолға ол қанша уақыт жіберді?

80 : 5 = 16

16 + 24 = 40

80 : 40 = 2

Жауабы: 2 сағат уақыт жібереді.

IV. Үйге тапсырма. № 1 есеп, 40 бет.

Колхозшы аудан орталығынан 48 км жерде тұрады. Үйінен шығып 16 км/сағ жылдамдықпен, велосипедпен ауан орталығына барды, ал қайтарында да сол жолмен 12 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Колхозшы қай жолға көбірек уакыт жұмсады және неше сағат артық жұмсады?

48 : 16 =3

48 : 12 =4

4-3 = 1

Жауабы: 1 сағ артық уақыт жұмсады

V. Бағалау. Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау.

© 2010-2022