Разработка внеклассного материала по математике. 7-8 кл

Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Білімділер сайысы

Мақсаттары: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; Пән бойынша тереңірек білім алуға, ізденушілікке тәрбиелеу. Өзара ынтымақтастық, сыйластық, өзгенің пікірін бағалау қасиеттерін дамыту.

Түрі: сыныптан тыс іс-шара

Әдісі: топтық сайыс

Көрнекілігі: қанатты сөздер, тапсырмалар жинағы, т.б.

Барысы: 1. Ұйымдастыру

2. Бағдарламамен таныстыру.

Сайыс кезеңдері:

  1. Топтардың сәлемдесуі.

  2. Таныстыру.

  3. «Ептілер мен білгірлер үшін» ( сандық есептерді шешу )

  4. «Кім жүйрік?» (Сұрақ оқылады, жауабын табу үшін кестені пайдаланады)

  5. «Кім алғыр?» топ басшылар сайысы ( «ақиқат», «жалған » деп сұрақтарға 1 мин ішінде жауап беру )

  6. «Кім шапшаң?» тізбектегі есептеулерді орындау ( топ мүшелері кезекпен )

  7. «Сен- маған, мен- саған» ( топтардың бір-біріне сұрақ қоюы)

  8. Қорытындылау

3. «Ептілер мен білгірлер үшін» ( сандық есептерді шешу ) кезеңінің сұрақтары

1. Бағдаршамның қызыл шамы 6 рет жанғанда оның жасыл және сары шамы неше рет жанады?

Көмек; Қызылдан бастап, әрбір қызыл мен жасылдан кейін сары жанатынын ескеру керек.

( жасыл - 5 рет, сары - 10 рет)

2. Аулада 3м -лік 20 бөрене бар еді. Жарты метрден кесіп, отын дайындау керек болса, оларды барлығы неше рет кесуге болады?

Көмек: Алдымен 3 м - лік бір бөренені 0,5 м - ден неше рет кесу керектігін анықтау керек

( 3м -ді 0,5 м -ден 5 рет кессек, 20 бөренені 100 рет кесеміз )

3. Тиісті амал таңбалары мен жақшаларды қой:

1 о 1 о 1 о 1 о 1 о 1 о 1 о 1 о 1=15

4: Үстел үстінде 5 май шам жанып тұр еді, Еркін оның 4-еуін өшіріп тастады. Үстелде неше май шам қалды? ( 5 май шам )

  1. 0, 10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90, 100 сандарының көбейтіндісінің мәні артық па, әлде қосындысының мәні артық па? ( Қосындысының )

  2. Ұшып келе жатқан 6 қаздың жартысы және 1 қаз бірінші көлге қонған, ал қалған қаздардың жартысы және бір қаз екінші көлге қонды. Әр көлге неше қаз қонды?

( 4 және 2 қаз)

  1. Бір санды өзіне өзін қосқандағы қосындының мәні оның өзіне- өзін көбейткендегі көбейтіндінің мәнінен артық. Ол қандай сан?

Көмек, Ол сан - жай санға да, құрама санға да жатпайтын, натурал сан.

( 1 саны )

  1. Аңның екі оң аяғы, екі сол аяғы, екі алдыңғы аяғы, екі артқы аяғы бар. Аңның неше аяғы бар? ( төрт аяғы )

  2. 10 таяқшаның 20 ұшы бар. 13 жарым таяқшаның неше ұшы бар?

( 28 ұшы бар )

10. Теңдік тура болатындай етіп, тиісті амал таңбалары мен жақшаларды қой:

8 о 8 о 8 о 8 = 1 8 о 8 о 8 о 8 = 2

Кем дегенде бір дұрыс жауап нұсқасын көрсет.

11. . Теңдік тура болатындай етіп, тиісті амал таңбалары мен жақшаларды қой:

33 о 32 о 3 = 23 о 22 о 2

Кем дегенде бір дұрыс жауап нұсқасын көрсет

12. Алтай, Айгүл, Сәуле және Бекзат - туыстар:

Алтай - Айгүлдің ағасы;

Айгүл - Сәуленің қызы;

Сәуле - Бекзаттың әпкесі;

Бекзат Алтайға кім болады?

( Бекзат - Алтайға нағашы)

13. Чарли күн сайын не өтірік айтады , не шынын айтады. Егер бір күн өтірік айтса, келесі күні тек шынын айтады бүгін ол төменде келтірілген тұжырымның төртеуін айтты. Бүгін Чарли қай тұжырымды ( шындықты немесе өтірік ) айтады?

А) Менің достарымның саны жай сан.

В) Менің дос балаларым мен дос қыздарымның саны бірдей.

С) 288 саны 12-ге бөлінеді

Д) Мен әрқашан тек шындықты айтамын

Е) Менің үш досымның жасы меннен үлкен

Көмек: 1. Ақиқат, жалған тұжырымдарды анықтау керек.

2. Дұрыс жауабы: Шындықты айтады

14. Бір жылдың ішінде ең көп дегенде неше сенбі болуы мүмуін?

Көмек: Бір жылдағы күн саны мен бір аптадағы күн санын пайдалан.

Жауабы: 53 сенбі ( 365 : 7 = 53 )

15. Дорбада алмалар жатты. Алдымен барлық алманың бесеусіз жартысын алып, одан кейін қалған алманың 1/ 3 -н алды. Бұдан кейін дорбада 10 алма қалды.

А) 20 В) 45 С) 25 Д) 35

16. Сұрақ белгісінің орнына тиісті санды қой: 81; 78; 72; ?; 36; -12;

А) 60 В) 54 С) 18 Д) 58

Дұрыс жауабы: А) 58

4. « Кім жүйрік?» кезеңінің сұрақтары

1. Ғылыми еңбектері механикаға, оптикаға, астрономияға, математикаға арналған. Механиканың үш заңы мен бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым. ( Ньютон )

2. Дәлелденген формуласы бар, математик, астроном. Өзінің табысына шаттанып қуанғанда «Таптым! Таптым! » деп айғайлаған ұлы ғалым. ( Архимед )

3. Үшбұрыш элементтерінің бірі, латыншадан аударғанда «ортасы» деген мағына береді

( медиана )

4. Дәлелденбейтін ұйғарым. ( аксиома )

5. Кең таралған гүлдердің бірі осы математик әйелдің есімімен аталады. ( Гортензия )

6. «Функция» термині мен оның белгілеуін енгізген ғалым ( Лейбниц )

7. Тік бұрышты координаталар жүйесін енгізген ғалым ( Декарт)

8. Математикаға әріптік белгілеулерді енгізген ғалым ( Виет)

9. Мәскеу мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін бітірген орыс жазушысы. ( Грибоедов )

10. Латынның « көшіру, тасымалдау » деген ұғымын білдіретін құрал. (Транспортир)

11. Латынның « Қадам, басқыш» деген сөзінен шыққан, шаманың өлшем бірлігі.( Градус )

12. Латынның «айыру, анықтау» деген сөзінен шыққан математикалық термин. (Дискриминант)

13. Аңыз бойынша, геометрияның бір ережесін тапқан кезде, Зевс құдайға 100 өгіз сойып құрбан еткен Ұлы ғалым. ( Пифагор )

14. С.И. Вавиловтың айтуы бойынша, ОЛ үшін « ДҮНИЕ - үшбұрыштар, дөңгелектер және басқа да геометриялық фигуралар түрінде жазылған беті ашық кітап » болған. ( Галилей )

15. « Хисаб ал-джебр вал-мукабала», « Арифметика » т.б трактаттарының авторы, шығыс математигі. ( Ал-Хорезми )

16. Шығыстың ғұламасы, астроном, математик, философ, ақын. ( Омар Хайям )

5. «Кім алғыр?» кезеңінің сұрақтары. ( Топ басшылары шығып «ақиқат» не «жалған» жауап береді)

А

1. Процент - санның жүзден бір бөлігі +

2. Барлық қабырғалары тең үшбұрыш - тең бүйірлі үшбұрыш -

3. Қиылысатын түзулер - параллель түзулер -

4. Екінің кубы сегізге тең +

5. Екі нүкте арқылы бір түзу жүргізуге болады +

6. 1 тонна мақта 1 тонна темірден жеңіл -

7. Әр ат 30 км шапса үш пар ат 90 км шабады -

8. 25-тің квадраты 625 - ке тең +

9. Теорема - дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем -

10. -1269 бен 1269 сандары қарама- қарсы сандар +

В

1. Процент - санның жүзден бір бөлігі +

2. Барлық қабырғалары тең үшбұрыш - тең қабырғалы үшбұрыш +

3. Қиылысатын түзулердің барлығы - перпендикуляр түзулер -

4. 6-ның квадраты 36-ға тең +

5. Екі нүкте арқылы бір түзу жүргізуге болмайды -

6. 1 тонна мақта мен 1 тонна темірдің массалары бірдей +

7. Әр ат 30 км шапса екі пар ат 60 км шабады -

8. 3-тің кубы 27-ге тең +

9. Аксиома - дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем -

10. Айырмашылықтары тек таңбаларында ғана болатын сандар - қарама- қарсы сандар +

© 2010-2022