» Қыз емес қыздың аты-қызыл алтын»

Сабақтың тақырыбы:Қыз емес,қызыдың аты -қызыл алтын. Сабақтың мақсаттары:Халық ауыз әдебиетіндегі қазақ қыздарының бейнесін талдау арқылы қазақ қызына тән мінезді ашып көрсету.Бұрынғы қазақ қыздарының тәрбиесін қазіргі заман қыздарының тәрбиесімен салыстыру арқылы   талдату.   Көркем тексті талдату арқылы оқушының ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру.    Сұлулықты көре білуге,сұлулық сезіміне баулу.Сүйсіну, жек көру,сүйіспеншілік сезімдерін тану.   Сабақтың түрі:тіл ұстарту. Қолданылған технология :ГСО Сабақтың көрнекіліктері:қазақ қыздарының суреттері. Сабақтың барысы: Сабақтың ұраны: Мен қазақ қыздарына қайран қалам, Жанары жаны жаздай жайраңдаған, «Қыз өссе-елдің көркі»-деген сөзді Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.                                              О.Сапарбаев
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Қыз емес,қызыдың аты -қызыл алтын.

Сабақтың мақсаттары:Халық ауыз әдебиетіндегі қазақ қыздарының бейнесін талдау арқылы қазақ қызына тән мінезді ашып көрсету.Бұрынғы қазақ қыздарының тәрбиесін қазіргі заман қыздарының тәрбиесімен салыстыру арқылы талдату.

Көркем тексті талдату арқылы оқушының ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру.

Сұлулықты көре білуге,сұлулық сезіміне баулу.Сүйсіну, жек көру,сүйіспеншілік сезімдерін тану.

Сабақтың түрі:тіл ұстарту.

Қолданылған технология :ГСО

Сабақтың көрнекіліктері:қазақ қыздарының суреттері.

Сабақтың барысы:

Сабақтың ұраны:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған,

«Қыз өссе-елдің көркі»-деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

О.Сапарбаев

Поэзия минуты (мәнерлеп жатқа оқу)

А)Ақ Жүністің сұлулығы

«Қара жерге қар жауар,қанды көр де,етім көр,қар үстіне қан тамар,қарды көр де бетім көр»Оның жіпке тартқандай қиылған қасы сұлулығын бірден айтпай «Қиюлы жатқан қалам бар,қаламды көр де қасым көр»Ақ Жүністің бас бітімінің сұлулығын «Зергер болсаң қасында,Алтыннан соққан түйме бар,түймені көр де басым көр»

Б)Баянның бейнесі

Тал шыбықтай бұралған өзі көрім,

Мінеки,оны айтатын келді жерім.

Қыпша бел,алма мойын сұлу Баян

Сипаты жаннан асқан ол бір серім,

Тал бойының міні жоқ,қолаң шашты.

Шашының ұзындығы тізін басты

Гүл төгілер аузынан меруерт тісті

Ондай жан дүниеде жаралмасты

Аппақ керік маңдайлы,қылығы наз.

Малың түгіл басыңды берсеңдағы аз.

Қыздардың бейнесі жасауда әртүрлі әдіс тәсілдер қолданылған. Шығармадан сол әдістерді таптыру.

Көркем текстен Айманның,Ақ Жүністің және Баянның бейнелерін тапқызу.Олардың мінездеріндегі ерекшеліктерді айтқызу.

Пікірталас: «Қазақ қыздарының бұрынғы кездегі және қазіргі кездегі тәрбиесі»

Тақтада: Қыздың көркі-киім. Қыз тілінбеген қарбызбен тең. Қызы бар ауылдың қыдыры бар. Қыз бала әкесіне -жұлдыз,шешесіне-күн. Қыз қылығымен көпке жағады.қыздың малы-қардың суы. Қыз балаға қырық жерден тиым.

Осылардың барлығын түйіндей келе шағын шығарма жазу:

Қыз өссе елдің көркі,

Гүл өссе жердің көркі.

Есімі дүниені жер сілкіндірген сияқты өз аулдарыңның немесе қазақ халқының атақты қандай әйелдерін білесіздер?Олар туралы не айта аласыздар?

Сабақты қорытындылау.

Қыз емес,қызыдың аты -қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын

Үлкеннің сөзін орап сөйлемеген

Халқының салт-дәстүрін сақтай білген

Оқушылардың білімін бағалау.

Үйге тапсырма:ана туралы немесе қыздар туралы бір-екі шұмақ өлең құрастырып жазып келу.

© 2010-2022